186
қан ағуының жылдамдығы баяулайды.
Осылардың
нәтижесінде
көптеген
ішкі
ағзаларда
микроциркуляция бұзылады, гипоксия дамиды, тырыспа-
селкілдек ұстамалары, елестеу, кома т. т. пайда болады.
Олардың даму жолдарының негізінде миға:
♣ қоректік заттардың (глюкозаның) аз жеткізілуі;
♣ оттегінің жеткіліксіз түсуі;
♣ жүйке жүйесінде ферментгік үрдістердің бұзылуы -
жатады.
Жоғарғы
жүйке
әрекеттері
бұзылыстарының
дамуы
гипоксияның әсерінен және сусыздану кезінде үлкен қан
айланым шеңберінде артериялық қан қысымы төмендеуіне
байланысты
организмнің
сұйықтарында
осмостық
тепе-
теңдіктің
бұзылуынан,
метаболизмдік
ацидоз
және
гиперазотемия дамуының маңызы зор болады.
Бүйректе қан айналым нашарлауына байланысты, оның
несеп
шығару
қызметі
бұзылады.
Осыдан
организмде
гиперазотемия
мен
уремия
дамуы
мүмкін.
Бұл
да
метаболизмдік ацидоз дамуына үлкен үлес қосады.
Ас
қорыту
жолдарында
сусызданудың
нәтижесінде
ферменттік үрдістер бұзылады, ішек-қарынның қимылдық
әрекеттері тежеледі. Осыдан іш кебуі, астың дұрыс
сіңірілмеуі байқалады.
Балаларда сусыздану ересек адамдарға қарағанда біршама
ауыр өтеді. Өйткені оларда ересек адамдарға қарағанда:
● жасуша сыртындағы сүйықтың мөлшері көбірек болады.
Сусыздану кезінде ең алдымен жасуша сыртындағы, содан
кейін оның ішіндегі су мен электролиттер шығарыла
бастайды;
● бүйректің бастапқы несептен суды қанға кері сіңіруі
қабілеті жетілмеген болады;
● тыныс алу жиі болуынан су деммен көптеп шығарылады;
● су мен электролиттер алмасуының нейро-гуморалдық
реттелу жолдары жетілмеген. Осылардың нәтижесінде 2 жасқа
дейінгі
балаларда
уытты
диспепсиялардан,
гипервентиляциядан
т.
б.
жағдайлардан
дененің
сусыздануынан баланың шетінеуіне дейін әкелетін қауіпті
асқынулар дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: