Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Гиперосмостық гипогидратация



Pdf көрінісі
бет161/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гиперосмостық гипогидратация 
судың электролиттерден 
басымырақ шығарылуы. Бұндай жағдай терең тыныстың 


188
жиілеуінен, сілекейдің көп шығарылуынан және қантсыз 
диабет т. б. кездерінде полиуриядан дамуы мүмкін. Бұл 
кезде жасуша сыртындағы сұйықтың көлемі азаяды, оның 
осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның 
сыртына ауысады. Жасушаның сусыздануы қатты шөлдеу 
сезімін шақырады, тіндік нәруыздардың ыдырауын күшейтеді, 
дене қызуын көтереді, кейде сана—сезімінің болмауына, 
кома дамуына әкеледі.
Дененің құрғап кетуін болдырмау үшін гипогидратация 
кездерінде организмге сүйық енгізу қажет. Ол үшін 
организмге қанша су жетіспейтінін немесе судың тапшылық 
мөлшерін анықтау керек. 
Судың тапшылығы (СТ)
мына өрнек 
бойынша анықталады: 
СТ = 0,6 х дене массасы (кг) х (1 - 140 : натрийдің 
қан плазмасындағы деңгейі); 
Мәселен: дене массасы 80 кг болса, қан плазмасында 
натрий 158мМ/л болса, СТ = 0,6x80 х (1 -140:158) = 48 x 
0,114 = 5,47 л. Сонда судын тапшылығы 5,47 л. 
ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ.
Организмнің сулануы: судың сырттан көп түсуінен, суды 
сыртқа шығаратын бүйректің қызметі бүлінуден немесе осы 
екеуінің біріккен әсерлерінен дамуы ықтимал. 
Гипергидратация изосмостық (изотониялық), гипосмостық 
(гипотониялық), 
гиперосмостык 
(гипертониялық) 
болып 
ажыратылады. 
Изосмостық 
гипергидратация 
сырттан 
изотониялық 
сүйықтарды емдік мақсатта тым артық енгізгеннен кейін 
қысқа мерзімде байқалуы мүмкін. Бұндай жағдай жиі 
ісінулер кездерінде байқалады (төменде келтірілді). 
Гипосмостық гипергидратация 
(сумен улану) организмге 
бірнеше қайталап көп су енгізуден дамиды. Сау жануарларға 
бір рет көп су енгізу елеулі өзгерістерге әкелмейді. 
Бірақ, су алмасуының реттелуі бұзылыстарында аз мөлшерде 
енгізілген судың өзі гипергидратация дамуына әкелуі 
мүмкін. Бұндай жағдай клиникада рефлекстік анурия және 
бүйрек 
қызметінің 
жеткіліксіздіктері 
кездерінде 
байқалады. 
Организмде су көп жиналуынан қан сүйылып кетеді. 
Қанның жалпы көлемі ұлғаюымен қатар, онда нәруыздың
электролиттердің, гемоглобиннің деңгейлері салыстырмалы 
түрде азаяды. Эритроциттердің ішіне көп су түсуінен олар 
еріп кетеді. Гемоглобиннің деңгейі қан сары суында 
көбейеді, ол несеппен шыға-рыла бастайды, гемоглобинурия 
дамиды. Гемоглобин бүйрек өзекшелерінде тұнбаға ауысып
цилиндрлер құрылуына әкеліп, оларды бітеп қалады. Осыдан 
несеп шығарылуы төмендейді. 


189
Ми жасушалары ісініп кетуінен, бас сүйек ішінде қысым 
көтеріледі. Содан қатты бас ауыруы, жүрек айну, құсу, 
тырыспа-селкілдек ұстамалары, кома дамып, организмнің 
өліміне әкелетін құбылыстар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет