187
көптеген маңызды қасиеттерімен бірге, суды байланыстырып,
организмде ұстап тұратын қасиеті бар. Бұл жагынан әсіресе
натрий, калий, хлор т. б. иондарының маңызы өте үлкен.
Сондықтан организмнен бұл тұздардың артық шығарылуы оның
сусыздануына
әкеледі.
Бұл
кезде
организмде
электролиттердің мөлшері қалпына келмей, қанша су іше
бергеніне қарамай организмнің сусыздануы тоқтамайды.
Сусыздану негізінен жасуша сыртындағы сұйықтың есебінен
болады. Жасуша сыртындағы электролиттердің артық шығып
кетуінен онда осмостық қысым азаяды. Жасуша ішінде
электролиттер біршама сақталуына байланысты онда осмостық
қысым жасуша аралық сұйықтан басым болады. Осыдан жасуша
сыртындағы су оның ішіне енеді, жасушаның ісінуі дамиды.
Жасуша сыртындағы сүйық азаюына байланысты қанның
қоюлануы
т.с.с.
жоғарыда
көрсетілген
қанайналымның
бұзылыстары байқалады.
Электролиттердің организмнен артық шығарылуы ішек-
қарын жолдарымен, бүйрек және тері арқылы болуы мүмкін.
Ішек-қарын жолдарымен қайта-қайта құсу немесе іш өту
(гастроэнтриттер, жүкті әйелдердің уыттанулары т. б.)
кездерінде ересек адам тәулігіне организмдегі натрийдің
жалпы көлемінен 15%, хлордың 28%, судың 22%-на дейін
шығарады. Бұл кездерде организмнің қышқылдық-сілтілік
үйлесімдігі
бұзылады.
Асқазанның
сөлі
сыртқа
көп
шығарылудан көптеп хлор мен сутегі иондары жоғалады да,
организмде газдық емес алкалоз дамиды. Ал, ұйқы безі мен
ішектердің сөлдерімен көп натрий иондары шығарылады.
Осыдан келіп газдық емес ацидоз дамиды.
Электролиттер кейбір нефриттердің түрлерінде, Аддисон
ауруы т. б. кездерінде бүйрек арқылы көптеп шығарылуы
мүмкін. Бұл кездерде бүйрек өзекшелерінің денеде бар
әлдостеронға сезімталдығы төмендейді немесе әлдостеронның
тым аз өндірілуі ықтимал.
Сонымен бірге электролиттер қатты терлегенде тері
арқылы
шығарылады.
Терлеу
сыртқы
ортаның
ыстық
температурасынан және ауыр қол жұмысын атқарудан болады.
Осыған байланысты термен тәулігіне 800 мл-ден 10 л-ге
дейін сұйық шығарылады. Онымен бірге 420 ммоль/л-ден
астам натрий, 150 ммоль/л-ден астам хлор шығарылады.
Сондықтан қатты терлеуден организмнің ауыр және тез
сусыздануы байқалады. Бұл кезде тұз қоспай таза сусын
ішсе жасуша сыртындағы сұйықтың осмостық қысымы одан
сайын төмендеп, судың жасуша ішіне кіріп кетуі көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: