Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет158/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

парапротеиндер
дейді. Парапротеиндерге мысал ретінде 
С-
реактивті 
нәруыздардарды
жатқызуға 
болады. 
Парапротеиндердің қанда көбеюін 
парапротеинемия 
дейді. 
Бұндай 
сапасы 
өзгерген 
нәруыздардың 
болуынан 
гемоглобиндердің дерттік өзгерістері (гемоглобиноздар), 
өзгерген фибриногеннің болуынан қан ұюының бұзылыстары 
т.с.с. өзгерістер байқалады. Парапротеиндердің бір түрі 
болып 
криоглобулиндер
есептеледі. 
Олар 
бауыр 
беріштенуінде, жүйелік аурулар кездерінде өндіріледі. Бұл 
глобулиндер дене қызуы қалыпты болғанда сұйық күйінде 
болады да, дене мұздағанда тұнбаға ауысады. Бұл тұнбалар 
ұсақ 
тамырлардың 
ішіне 
тұрып 
қалуынан 
тромбоз, 
микроциркуляциялардың бұзылыстары, аяқтарда некроз дамуы 
ықтимал. 
СУ МЕН ЭЛЕКТРОЛИТТЕР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Организм үшін судың манызы өте үлкен. Ол көптеген 
органикалық және бейорганикалық заттарды, газдарды, 
ерітіп олардың тасымалдануын, алмасуын қамтамасыз етеді; 
организмнің ішкі ортасын бірімен-бірін және сыртқы 
ортамен байланыстырады. Ересек адам денесінің 60%-ы, жаңа 
туған бала организмінің 80%-ы судан тұрады. Судың 70%-ға 
жуығы жасуша ішінде, 30%-ы оның сыртында орналасқан. 
Тәулігіне организмге түсетін судың мөлшерімен, одан 
шығарылатын судың арасында қатаң тепе-теңдік болады. 
Организмде судың алмасуы электролиттердің алмасуымен 
тығыз байланысты. Судың алмасуы айналымдағы қанның 
көлемімен және осмостық қысымның деңгейімен реттелінеді. 


184
Айналымдағы қан көлемі төмендеуі ірі артериялар мен жүрек 
қуыстарындағы көлемдік рецепторларды (волюморецепторлар) 
қоздырып, әлдостеронның түзілуін көбейтеді. Әлдостерон 
бүйрек түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуін 
ұлғайтады. Натрий иондары қанның осмостық қысымын 
көтеріп, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырады. 
Осыдан 
гипоталамустың 
супраоптикалық 
және 
паравентрикулалық 
ядроларында 
антидиурездік 
гормон 
(вазопрессин) түзілуі артады. Ол бүйрек нефрондарының 
дисталдық өзекшелеріндегі эпителий жасушаларының сыртқы 
қабығындағы V
2
-рецепторларын қоздырып, аденилатциклаза 
ферментінің белсенділігін арттырады. Осыдан жасуша ішінде 
цАМФ көп өндіріліп, протеинкиназа-А ферменті әсерленеді. 
Сол себептен жасуша ішіндегі суды өткізетін каналдар 
жасушаның сыртқы қабығымен бірігіп кетеді де, бүйрек 
өзекшелеріндегі алғашқы несептен судың қанға қайта кері 
сіңірілуін 
қамтама- сыз етеді. Осының нәтижесінде 
бүйректің несепті қоюландыру қызметі атқарылады. 
Вазопрессиннің екінші қасиеті қан тамырларын жиыру. Ол 
қан тамырларының тегіс ет жасушаларының қабықтарында — 
V
1
-
рецепторларына әсер етіп, фосфолипаза С ферментін 
әсерлендіреді. 
Содан 
инозитүшфосфат 
(ИҮФ) 
және 
диацилглицерин (ДАГ) өндіріледі. Біріншісі жасуша ішінде 
Са
2+ 
иондарын жұмылдырып, екіншісі протеинкиназа С 
ферментін әсерлендіріп, тегіс ет жасушаларының жиырылуын 
туындатады. 
Вазопрессиннің бұл екі әсері де жануарлар дамуындағы 
пайда 
болған 
қансыраудан 
сақтандыруға 
бағытталған 
организмнің маңызды бейімделу жолдары. Біріншісінің 
нәтижесінде бүйрек өзекшелерінде судың кері қанға 
сіңірілуі 
болады 
да, 
айналымдағы 
қанның 
көлемін 
арттырады. Қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде қан 
қысымы көтеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет