133
оны шектейтін жүйелердің
өзара тепе-теңдігімен қамтамасыз
етіледі.
Стресті-дамытатын жүйеге:
●
симпатикалық-адренергиялық жүйе;
● гипоталамус;
● алдыңғы гипофиз;
● бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты т. б. жатады.
Қолайсыз әсерлерден осы жүйенің белсенділігі көтеріледі.
Осыған жауап ретінде стресті шектейтін жүйе әсерленеді
.
Оған:
● мидағы гамма-аминомай қышқылына (ГАМҚ), серотонинге,
эндорфиндер мен энкефалиндерге жауап қайтаратын жүйелер;
●
шеткері
ағзалар
мен
тіндерде
түзілетін
простагландиндер және антиоксиданттық ферменттер жатады
және олар стресс дамуын азайтады. Бұл кезде ГАМҚ мида
тежелу үрдістерін күшейтеді, серотонин катехоламиндердің
әсерін
әлсіретеді,
эндорфиндер
мен
энкефалиндер
организмде ауыру сезімін азайтады және көптеген ішкі
ағзалардың іс-әрекеттерін қадағалайды. Шеткері тіндерде
өндірілетін простагландиндер тін жасушаларының сыртқы
қабықтарындағы аденилатциклаза ферментін әсерлеп, жасуша
ішінде
цАМФ
түзілуін
арттырады.
Антиоксиданттық
ферменттер
тін
жасушаларының
қабықтарында
май
қышқылдарының асқын тотығып кетуінен сақтандырып тұрады.
Сайып келгенде, ауыртпалықтар кездерінде стрессті
шектейтін жүйенің жұмылдырылуы нәтижесінде жағымсыз
әсерлерге организмнің адаптациясы болады.
Организмнің адаптациясы екі сатыда дамиды: 1-сатысы
жедел дамитын, өткінші, жетілмеген; 2-сатысы біртіндеп
дамитын, ұзақ мерзімді, жетілген болады.
Достарыңызбен бөлісу: