Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


«СТРЕСС» ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет110/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

«СТРЕСС» ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
«
Стресс» (ағылш. stress — ауыртпалық, күш түсу) - деп 
қоршаған 
ортаның 
кез 
келген 
қолайсыз 
әсерлеріне 
организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпілістермен жауап 
қайтаруымен 
көрінетін, 
оның 
қорғану-бейімделу 
мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуын айтады
. Бұл 
қолайсыз ықпалдарға: 
● физикалық әсерлер (ыстық немесе суық температуралар, 
иондағыш сәулелер, электр соққы, жарақат, ауыр қол 


130
жұмыстарын атқару т. с. с.); 
● химиялық әсерлер (улы химиялық заттар, гипоксия т. 
б.); 
● 
биологиялық 
әсерлер 
(жұқпалар, 
вирустар, 
микробтардың уыттары, жәндіктердің улары т. б.); 
● психогендік (жан-дүниелік жарақаттар, күйзелістер, 
ауыр қайғы-қасіреттер, көңіл-күйдің толқулары); 
● әлеуметтік жағдайлар (қазіргі адамдарға шамадан тыс 
артық ақпараттардың әсерлері, уақыттың тапшылығы, жеке 
тұлғалардың арасындагы шиеліністер, қоғамның заңдары мен 
жеке 
адамдардың 
еркіндіктерінің 
шектелуі, 
қимыл 
қозғалыстарының азаюы т. с. с.) - жатады. Адам үшін 
жағымсыз сөздің стресс жағдайьн дамытуда маңызы өте 
үлкен. Бұл қолайсыз ықпалдарды 
стрессорлар
деп атайды. 
«Стресс» атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье 
алғаш XX ғ. 60-шы жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы 
бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың (ол жарақатпа, 
жұқпама, химиялық уланума немесе ауыр қайғы-қасіретпе) 
түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап 
қайтарады. Бұл кезде: 
♣ айырша без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы;
♣ бүйрек үсті бездерінін гипертрофиясы; 
♣ асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында ойық 
жаралар дамуы; 
♣ қанда нейтрофильдер көбейіп, эозинофильдер мен 
лимфоциттердің азаюы; 
♣ тіндерде зат алмасуларының өзгерістері - байқалады. 
Көрсетілген өзгерістер әсер еткен қолайсыз ықпалдың 
түріне қарамай әрдайым бір түрде болатындықтан, оларды 
организмнің бейнақты (арнайыланбаған, бейспецификалық) 
серпілістеріне 
жатқызады. 
Стресс 
кезіндегі 
бұл 
серпілістердің бір көрінісі болып, кез келген жағымсыз 
ықпалдардың 
әсерлерінен 
жасуша 
қабықтарындағы 
май 
қышқылдарының 
асқын 
тотығуы, 
фосфолипаза, 
липаза, 
протеаза ферменттерінің артық әсерленуі есептеледі. 
Стресстің организм тіршілігінде маңызы өте зор. Оның 
әсерінен 
организмнің 
тіршілігіне 
қажетті 
барлық 
мүмкіншіліктерінің жұмылдырылуы болады. Осыдан ұдайы 
өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің 
икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады. 
Г. Сельенің пікірі бойынша кез келген стрессор алдыңғы 
гипофизге өсер етіп, онда кортикотропин түзіліп шығуын 
күшейтеді. Ол өз алдына бүйрек үсті бездерінің сыртқы 
қабатына 
әсер 
етіп, 
глюкокортикоидтық 
гормондардың 
өндірілуін 
арттырады. 
Осыдан 
қолайсыз 
ықпалдардың 


131
әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі. Мәселен, 
жануарлардың алдыңғы гипофизін немесе бүйрек үсті 
бездерін сылып тастағанда, кез келген ықпалдарға олардың 
төзімділігі қатты азайып, бұл жануарлар тез өліп қалады. 
Ал, 
жануарларға 
алдын 
ала 
кортикотропин 
немесе 
глюкокортикоидтық 
гормон 
(гидрокортизон, 
кортизон, 
преднизолон т. с. с.) енгізіп, содан кейін оларга 
химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақат-таса, онда 
бұл көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділігі 
артады. Сол себептен кортикотропин мен глюкокортикоидтық 
гормондарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет