123
зерттейтін ілім
геронтология
және жастары ұлғайған
адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім
гериатрия
қазір қатты дамып келе жатыр.
ҚАРТАЮ КЕЗІНДЕгі организмнің ӨЗГЕРІСТЕРІ.
Тұтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып,
түсе бастайды, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды,
тіс түседі. Тері жұқарып, құрғайды. Сол себептен ол
қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге
адамның қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді. Бұл
кезде адамның қоршаған орта жағдайларына бейімделу
мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан бір себептен болмаса,
екінші бір себептен кәрі адамнық көз жұмуы (қайтыс болуы)
даусыз. Өйткені олардың ішкі ортасының тұрақтылығын
(гомеостазын) қадағалау мүмкіншіліктері бұэылады.
ҚАРТАЮ КЕЗіндегі ЖҮЙЕЛЕРДе ӨЗГЕРІСТЕРІ.
Қартаю
кезінде
мидың
сыртқы
қыртысының
кейбір
қабаттарында жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары
көбейеді. Бұл кезде мидың басқа аумақтарында елеулі
өзгерістер болмайды. Нейрондардың денесінде липофусцин
жиналады. Осыдан келіп олардың функциялық қасиеті
өзгереді,
серпіндердің
жүйкелер
арқылы
өткізілу
жылдамдығы баяулайды, туйіспелерде (синапстарда) жүйкелік
медиаторлардың түзілуі және рефлекстер әлсірейді. Сонымен
бірге қартаю кезінде жадыда сақтау қабілеті бұзылады,
оқуға құштарлық азаяды.
Бірақ бұрынғы қалыптасқан әдет,
сөз қоры, алынған білім жастың ұлғаюына қарай көп
өзгермейді. Бұл кезде мидың біршама құрылымдары әртүрлі
өзгерістерге
ұшырайды.
Соның
ішінде
гипоталамустың
өзгерістері дербес (вегетативтік) жүйке жүйесі мен
эндокриндік
жүйенің
өзгерістеріне
әкеліп,
адамның
қартаюына бірталай ықпал етеді.
Қартаю кезінде эндокриндік жүйенің қызметі бірсыпыра
өзгереді. Бұл кезде кейбір гормондардың өндірілуі
өзгеруімен қатар, олардың реттеуші әсерлерін қабылдайтын
нысана - тіндер мен жасушалардың сезімталдығы өзгереді.
Эндокриндік жүйенің кері байланыс бойынша өзін-өзі реттеу
жолдары бұзылады. Қарт адамдарда жыныс бездерінің қызметі
әлсірейді. Осыдан жыныстық гормондардың қандағы деңгейі
төмендеуінен гипоталамуста гонадолиберин мен гипофизда
гонадотропиннің өндірілуі артады. Бірақ бұл гормондарга
жыныстық бездердің сезімталдыгы төмендеген. Сондықтан
олар қанда гонадотропиннің көбеюіне қажетті гормон
өндірумен жауап қайтармайды.
Қарт адамдарда гипофиз бен бүйрек үсті бездерінің
өзара қатынасы бұзылады. Гипофиздің тропиндеріне бүйрек
124
үсті бездері және кортикостероидтардың қандағы деңгейіне
гипофиз, кері байланыс бойынша, әлсіз жауап қайтарады.
Шеткері ағзалар мен тіндердің жасушаларында (лимфоциттер
мен
гепатоциттерде)
кортикостероидтарды
қабылдайтын
рецепторлар
азаяды.
Осыдан
әртүрлі
қоздырғыштарға
қарттардың
төзімділігі
төмендейді.
Қартаю
кезінде
гипофизде тиреотропин түзілуі азаюдан қалқанша бездің
қызметі төмендейді, зат алмасу үрдістерінің реттелуі
бұзылады. Бұл кезде үйқы безінің қызметі әлсіреуінен
инсулин аз өндіріледі және өндірілген инсулиннің өзі
қанда
тез
әсерсізденеді.
Сонымен
бірге
тіндердің
инсулинге сезімталдығы төмендейді. Осылардың нәтижесінде
қарт адамдардың организмінде инсулиннің жеткіліксіздігі,
қантты диабеттің, инсулинге төуелсіз, 2-түрі жиі дамиды.
Адамның жасына қарай ерте, кері дамитын бездерге
айырша без (тимус) жатады. Ол балалардын жыныстық
жетілуінен бастап ұдайы кішірейе береді және оның
атқаратын қызметі де кемиді. Бұл өзгерістер иммундық
жүйеге белгілі мөлшерде ықпал етеді.
Қартаю кезінде иммундық жүйенің өзгерістері екі
бағытта байқалады:
● бөтен антигендерге организмнің жауап қайтару
қабілетінің төмендеуімен (имунитеттің тапшылығымен);
● организмнің өзінің меншік тіндерінің антигендеріне
қарсы иммундық серпілістер (аутоиммунитет) дамуымен
байқалады.
Бұл өзгерістер лимфоциттердің, плазмалық жасушалардың
қалыпты
мөлшерінде
және
қанда
иммуноглобулиндердің
әдеттегіден артық болуымен қабаттасады. Сондықтан қартаю
кезіндегі иммунитеттің өзгерістері иммундық жүйенің
реттелулерінің бұзылыстарынан болады. Жасы ұлғайған
адамдардың қанында аутоантиденелердің мөлшері артады.
Осыдан организм тіндері өзгерістерге ұшырап, оларға қарсы
аутоиммундық шабуыл жасалынады. Тәжірибелік иттерге алдын
ала аз мөлшерде жүрекке қарсы цитотоксиндік қан сарысуын
енгізіп, артынан адреналин енгізгенде, оның мардымсыз
өлшемінен кардиогендік сілейме дамитыны белгілі болды (Ә.
Нұрмұхамбетұлы). Қарт адамдарда жиі кездесетін: жүқпалар,
өспе
өсуіне
бейімділік,
қарттық
амилоидоз,
қан
тамырларының атеросклерозы немесе басқа аурулары, кейбір
ми
бүліністері,
ұйқы
безі
мен
қалқанша
бездің
бұзылыстары, т. б. аурулардың даму негізінде осы иммундық
жүйенің жасқа байланысты өзгерістері жатады. Сонымен
бірге,
қарттарда
созылмалы
вирустық
жұқпалардың
белсенділігі артып кетеді. Вирустардың геномы организмнің
125
тежеуші ықпалдарынан шығып кетеді де, өзбеттерінше өсіп-
өне
береді.
Осыдан
бір
жағынан
қарт
адамдарда
аутоиммундық бүліністер, мидың өзгерістері т.с.с. дамыса,
екінші жағынан қалыпты жасушалардың өспе жасушаларына
айналу мүмкіншіліктері артады. Қартаю кезінде организмнің
улы химиялық заттардан қорғану қабілетінің әлсіреуі
бауырдың микросомалық тотығу жүйесінде уытсыздандыру
мүмкіншілігінің азаюынан болады. Осыдан қарт адамдар улы
химиялық заттарға ғана емес, кейбір дәрі-дәрмектерге де
өте сезімтал болып келеді.
Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер
тіндердің артық өсіп-өнуін айтуға болады. Осыдан өкпеде,
бауырда, жүректе, бүйректе т. б. ішкі ағзаларда дәнекер
тіндер артық өсіп, коллаген тіндері көбейеді, керісінше
оларда серпімді талшықтар азаяды. Коллагеннің артық өсіп
кетуінен дәнекер тіңдерінің созылғыштық қасиеті нашарлап,
ағзалардың
беріштенуі
дамиды.
Дәнекер
тіндерінің
бүліністерімен қарттардың қан тамырларының, буындарының
өзгерістері тікелей байланысты. Осыдан оларда тізенің,
белдің ауыру сезімдері пайда болады. Қарт адамдардың
сүйектерінде,
буындарында
және
омыртқа
аралық
шеміршектерінде бүліністер пайда болуынан қаңқаның жалпы
өзгерістері,
кеуденің
бүкірлігі
байқалады.
Дәнекер
тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек
сынықтарының бітуі жастарға қарағанда көп кешеуілдейді.
Қартаю
кезінде
қанайналым
жүйесінде
бірсыпыра
өзгерістер дамиды. Бұл кезде жүректің жиырылу күші,
қанның минуттық көлемі азаяды, шеткері қан тамырларының
тарылуынан айналымдағы қанға олардың жалпы кедергілік
қасиеті көтеріледі. Тіндерде қан қылтамырларының саны
азаяды, олардың қабырғаларындағы тіректік мембрананың
қалыңдап кетуінен қаннан тіндерге және, керісінше,
тіндерден қанға газдардың диффузиясы бұзылады. Бұл
бұзылыс, әсіресе өкпеде болатын болғандықтан, сыртқы
тыныстың жеткіліксіздігіне, тыныстық гипоксия дамуына
әкеледі. Қарттарда артериалық қан қысымы көтеріледі. Қан
тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеро- және
артериосклероздар
дамиды.
Адамның
жасы
ұлғаюына
байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік-сұйықтық
реттелулері
өзгереді.
Осыдан
қарттарда
артериалық
гипертензия, жүрек аритмиялары жиі кездеседі.
Сонымен
қатар
қарттардың
басқа
жүйелерінде
де
өзгерістер пайда болады; сүйек кемігінде қан өндірілу
азаяды, бүйректің қызметі әлсірейді, ішек-қарынның сөл
шығару қабілеті төмендейді, бұлшықеттердің күші және
126
талдағыштардың (анализаторлардың) функциялары әлсірейді.
Дегенмен қартаюды организмнің барлық функцияларының кері
дамуы, әлсіреуі деп қарауға болмайды. Бұл кезде, сонымен
бірге қоршаған ортаның жаңа жағдайларына белгілі мөлшерде
организмнің бейімделуі болады. Ол адамның өмірлік
тәжірибесіне байланысты жаңа сапалы жоғары деңгейде болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |