Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет101/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

бейнешіл кейіпкер
— бірінші дабылдық (сигналдық) 
жүйесі басым, сондықтан көркемдік, бейнелік табиғат 
тануда тиянақты пікірі бар адамдар. 
● 
аралық кейіпкер. 
● 
ойшыл (қиялшыл) кейіпкер
— тілсөз жүйесі басым, 
дерексіз ойлауы мен қиялы жақсы дамыған адамдар. 
Дене бітімінің ерекшеліктерін білу арқылы адамдардың 
кейбір дерттерге бейімділігін ескеріп, оған қарсы 
профилактикалық жұмыстар жүргізуге, дерт дамымауы үшін 
қолайлы 
жағдай 
жасауға 
болады. 
Дене 
бітімі 
ерекшеліктеріне байланысты емді де даралап жүргізуге 
болады
. Сайып келгенде, дене бітімінің ерекшеліктері адам 
организмінің реактивтілігін анықтайды, оның құбылмалы 
сыртқы 
орта 
ықпалдарына 
бейімделу 
мүмкіндіктеріне, 
физиологиялық және дерттік үрдістердің өту жолдарына зор 
ықпал етеді. 


119
ДИАТЕЗДЕР.
Организмнің ауытқыған дене бітімінің бір түрі болып 
диатездер (грек. diathesis — бейімділік) есептеледі. 
Диатез — әдеттегі немесе ауру туындататын әсерлерге 
организмнің бұрынғы қалпынан ауытқып жауап қайтаруымен 
сипатталатын жас балалардың дене бітімінің өзгеруі
. Бұл 
кезде балалардың кейбір дерттік үрдістерге бейімділігі 
байқалады. Диатездің бірнеше түрлері белгілі. Олардың 
бастапқы кезеңдері байқалмауы мүмкін. Ал, баланың 
қоректенуі бұзылудан, қоршаған ортаның басқа ықпалдарының 
әсерлерінен олар айқын түрлеріне ауысады.
● 
Жалқықты-шырышты

кссудациялық-катаралдық) диатез
екі жасқа дейінгі 40-60% балалардың арасында кездеседі. 
Бұл диатез кезінде тері мен шырышты қабықтар қайта-қайта 
қызарып, базданып қабынады, одан көп шырышты жалқық 
(экссудат) бөлінеді, жиі аллергиялық қабыну дамуына 
бейімділік байқалады. Даму жолдарына қарай бұл диатез 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет