Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет210/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   271
Әдебиеттер 
1. Авт.-сост. И.И.Белова, С.М.Гетманцева, Ю.Н.Гребенникова, О.А.Гущина. Организация 
проектной учебно-исследовательской деятельности школьников.//.–Великий Новгород, 2012.– 63 
с 
2.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары //Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 
25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген. 
3. Исследовательская деятельность учащихся//Научно-методический сборник М.: 2017. – С.35–46 
Жапелова Замзагуль Турбековна 
Информатика пәні мұғалімі 
№34 ЖББМ, Қарағанды қ. 
 
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ АКТ ҚҰРАЛДАРЫ 


425 
Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – заманауи 
телекоммуникациялық технологияларды, атап айтқанда интернет желісі қамтамасыз ететін 
мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтан оқыту. Қашықтан оқытудың тиімділігі оған енгізілген 
педагогикалық мағынамен анықталады, оның түсіндірулерінің ішінде екі түрлі көзқарасты бөліп 
көрсету керек. Біріншісі, бүгінгі күні кеңінен таралған, қашықтықтан оқыту арқылы мұғалім мен 
оқушы арасында ақпарат алмасуды білдіреді. Екінші тәсілде қашықтан оқытудың басым бағыты 
– қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарының көмегімен құрылған оқушының жеке 
танымдылығының қызметі. Бұл тәсіл білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылының 
интерактивтілігін және оқу процесінің өнімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық және 
педагогикалық технологияларды біріктіруді көздейді. Бұл жағдайда ақпарат алмасу және жіберу 
оқушылардың нәтижелі білім беру қызметін ұйымдастыру үшін көмекші ортаның рөлін 
атқарады. Оқыту нақты уақытта синхронды түрде жүреді (чат, бейне байланыс, қашықтағы 
оқушылар мен мұғалімдерге ортақ “виртуалды тақталар” және тағы басқалар), сонымен қатар 
асинхронды (электрондық пошта негізіндегі телеконференциялар). 
Коронавирустық пандемия басталған 2020 жылдың наурызында Қазақстандық оқушылар 
қашықтықтан оқытуға көшті. Міне, осы кезде мұғалімге АКТ құзыреттілігін көрсету қажет 
болды. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды 
меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық 
технологияны меңгеру мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген 
ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін 
жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды 
оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны 
дамытып нәтижесін көрсетеді. 
Қашықтықтан оқытудың интернет-платформасын пайдалану форматын таңдадым. 
BilimLand,www.school.bilimal.kz интернет платформалары, Оpiq.kz, GoogleClassRoom цифрлық 
білім беру ресурстары қолдандым. Оқушылар edu.mark 2.0 платформасы арқылы ұстаздарға кері 
байланыс берді. Мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді тәсілмен орындалған тапсырмаларды 
жинауды электрондық журналдар мен күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp, Telegram, 
басқа мессенджерлер, ұялы немесе стационарлық телефон байланысы жүзеге асырады.
Қашықтықтан оқыту-бір-бірінен қашықтықта орналасқан білім алушы мен оқытушының
әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. 
Қашықтықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компонентері – мақсаты, мазмұны, оқыту 
әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады. 
Қашықтан оқыту мұғалім алдына бірнеше талап қояды: 
мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығы «жақсы» деңгейде болу; 
әлеуметтік желілердің мүмкіндігін білу; 
ақпараттық ресурстарды оқушыға таратпас бұрын, оны мұқият қарап, зерделеу; 
оқушыны жалықтырмас үшін интербелсенді жаттығуларды қолдана білу, ондай платформалар 
өте көп, сондықтан өзіңізге ыңғайлысын таңдау. 
оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау. 
уақытылы кері байланыс беруді дағдыға айналдыру (синхронды оқыту кезінде бұл өте ыңғайлы). 
Қашықтықтан оқытуға қатысушылардың рөлдері: 
Мұғалім 
Оқушы 
Оқу қызметін ұйымдастырушы 
Қызметкер
Сарапшы 
Өз бетінше оқиды 
Оқуға ынталы 
Оқуға қатысады 
Қашықтықтан оқытудағы білім беру үдерісін жоспарлауда оның үш маңызды құрамдас 
бөліктері ескерілуі тиіс: 
1.Мазмұны (не оқытылады) 
2.Ұйымдастырылуы (қалай оқытылады) 
3.Технологиялар(қандай қызмет түрлері мен құралдар қолданылады) 
Оқу біздің өміріміздің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан оқушыларды оқуға 
қызықтыру жолдарын қарастырғанда, білім беру мақсаттарын көздеумен қатар, оқушылардың 


426 
тұлға ретінде қажеттіліктерін де ескеру қажет. Әсіресе, әрбір оқушының жеке психологиялық 
және физиологиялық жас ерекшеліктерін, оның оқып – үйрену деңгейін ескеру қажет. 
Оқу үдерісін жоспарлауда АКТ сервистері мен құралдарын таңдауда біз минимализм 
принципін ұстанамыз. Мүмкіндігінше анағұрлым аз ресурстарды пайдалануға, платформалар 
мен байланыс арналарын да аз қолдануға тырысу қажет. Оқуға арналған платформалар мен 
аккаунттардың көптігінен балалар да, ата-аналар да шатасады. Оларды таңдау барысында 
барынша оңтайландырыңыз және азайтыңыз, өзіңіз жақсы игерген қосымшаларды таңдаңыз. 
Өзіңізге «бұл сервис не құрал не үшін қолданылады?» деген сұрақ қойып отырыңыз. Құралдарды 
таңдауда сабақтың мақсаттары мен мазмұнын басшылыққа алыңыз. 
Синхронды оқытуға ыңғайлы платформалар: skype, padlet,zoom,google meet. Мен zoom-ды көп 
қолданамын. 
Асинхронды оқытуға ыңғайлы Қазақстандық платформа Bilimland. Bilimland-бұл 
электрондық оқытудың әлемдік көшбасшыларының озық жетістіктеріне негізделген сандық 
білім беру платформасы. Bilimland - интербелсенді сабақтар, оқу ресурстары, виртуалды 
зертхана мен ҰБТ-ға дайындық, дайын тесттар
Өз тәжірибемде «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы аясында 2021 жылы Zoom 
платформасында онлайн режимінде Қарағанды облысының мұғалімдеріне арналған воркшопқа 
қатысып, «Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында 7 сыныптағы 
«Компьютерлік желілер және оның құрылым» сабағыммен бөлістім. 
Тұрақты түрде «Педагог» атты youtube каналымды жүргіземін, каналда өз тәжіриебемде 
қолданатын бағдарламалар, интербелсенді платформалар туралы видео ақпарат саламын. Менің 
каналыма сілтеме:https://youtu.be/eIYHTRwkTx0 
Менің видео контенттерімді қараған оқырмандардың көп қоятын 
сұрақтарының 
бірі 
«Видеоконтенттерді 
қай 
бағдарламада 
жасадыңыз?». Видео контенттер жасайтын бағдарламалар өте көп, 
соның ішінде маған ұнайтын бағдарлама Bandicam. Интернеттен тез 
іздеп таба аласыз, компьютеріңізден көп орын алмайды, қарапайым 
қолданушы өз компьютеріне орната алады. Bandicam бағдарламасы 
компьютер экранынан бейнені сақтау қажет болғанда қолданылады. 
Егер вебинарларды, бейнежазбаларды немесе ойындарды жазып 
жатсаңыз, бұл бағдарлама сіз үшін үлкен көмек болады 
Педагогтар үшін өткізілген «Қашықтықтан оқуды үйренемін» курсынан ойға түйгенімді осы 
мақалада жеткізуге тырыстым. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында 
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім 
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап 
көрсеткен. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – 
тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет