Қолдaнылғaн әдебиеттер:
1.
Ұстaздық шығaрмaшылық Б.A. Тұрғынбaевa Aлмaты, 2007 ж.
2.
Шығaрмaшылық қaбілеттер және дaмытa оқыту Б.A. Тұрғынбaевa Aлмaты, 1999 ж.
3.
Бaстaуыш сыныптa оқыту журнaлы № 1, 2, 2008 ж.
4.
Мен және бәрі, бәрі, бәрі Aлмaты, «Aрунa», 2006 ж.
5.
Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Aлмaты, 2004 ж.
194
Бакирова Асель Байсариевна
«Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ-сі, Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ
БАСТЫ БАҒЫТ
Еліміздегі білім саласындағы басты бағыттардың педагогикалық инновацияға бет бұруы
әлемдік білім беру кеңістігінен лайықты орын алу үшін жасалып жатқан маңызды қадам болып
саналады. Дәлірек айтқанда, Қазақстанның білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық
жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Қазақ тіл білімінің атасы, педагог Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп
адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген қанатты сөзі бүгінгі
замандағы білім беру саласын өркениетті әлемге лайықты үлгіде дамытуды мақсат етіп отырған
мемлекеттердің ұстанымына сай келіп отыр. Себебі, білім беру мен ғылым саласында артта қалу
ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне, оның өзге экономикалық қоғамдар алдындағы
кіріптарлығына, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне өзара ықпалын тигізетіні
баршаға аян.
Ендеше бүгінгі педагогикалық инновациядағы басты нысана оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады.
Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012 – 2016 жылдарға арналған
функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс – қимыл жоспары дайындалды, онда
оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді
қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы
бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Сонымен,
функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп отыруы, адамның мамандығына,
жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Функционалдық сауттылық оқушылардың
танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткіш білім
деңгейі ретінде қарастырылады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды
шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалы сипатына және оқушылардың игерген біліміне
негізделеді. Функционалдық сауаттылық адамның сыртқы ортамен қарым – қатынасқа түсе алу
қабілеті және сол ортада барынша тез бейімделе алуы мен қарым - қатынас жасай алу деңгейінін
көрсеткіші. Оысндай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Бұл жоспарға түткі болып отырған мәселе қазақстандық оқушылардың алған білімдерін
өмірде пайдалану деңгейінің төмендігі болып отыр. Мұндай тұжырымға еліміздегі білім
саласында жүргізілетін мемлекеттік аралық бақылаулар мен зерттеулер нәтижелеріне жасалған
талдаулар негіз болып отыр. Себебі, бұл көрсеткіштер жеке бір зерттеудің нәтижелері ғана емес,
қазіргі уақыттағы білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың құралы және
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі ретінде қарастырылып отыр.
Зерттеулер нәтижесі бойынша Қазақстандық оқушылардың қандай да бір күрделі оқу
мәтіндерін пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға толық әзір
еместігін анықталған. Сондай – ақ, қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының сыни
тұрғыдан талдау жасау, жинақтау, өз ойын тыңдаушыларға жеткізу, шағын мәселелерді
талқылау, белсенді позиция көрсету жағдайында көпшілігінің оқу сауаттылығының орташа
деңгейін көрсететіндігі нәтижелерден көрінеді.
Осы мәселелер бойынша әлем елдерінің білім беру реформаларының жүйелі даму
тәжірибесін қарастырып, өз еліміздегі жағдаймен салыстырып көруге болады. Әлемдегі білім
беру жүйесі үздіктерінің қатарына Финляндия елі – дүние жүзінде функционалдық
сауаттылықтың деңгейі бойынша бірден бір көшбасшы ел. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша
бұл мемлекеттің функционалдық сауаттылық деңгейі 93% көрсетіп отыр.
195
Финляндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы білім алудың балабақшадан
басталатындығын, алайда еліміздегі білім бағдарламалары бойынша мектепке дейінгі және
бастауыш сыныптарда бізде көбінесе жаппай сауаттылыққа мән беріліп, оқу сауаттылығы
арқылы өмірге бейімдеу көп жағдайда тасада қалып қоятыны оқыту үдерісінде жіберілетін
кемшіліктердің бастысы болып отыр. Сондай – ақ бізде бастауыш буыннан орта буынға, орта
буыннан жоғары буынға өтерде тапсырылатын оқушының білім деңгейін анықтауға ғана
бағытталған мемлекеттік міндетті және аралық бақылау емтихандары бар. Өкінішке орай, бұл
емтихандардың мақсаты оқушының білім деңгейін анықтаумен ғана шектеліп қалады.
Сондықтан бұл бақылау емтихандарының нәтижесін оқушы білімін жетілдіру, біліміндегі
олқылықтарды толтыру мақсатында пайдаланатын күн жетті.
Зерттеу барысында алынған ресми деректер бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40
пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да,
қызмет жасауға келгенде сол білімдерін тәжірибеде қолдана алмайтындықтарын көрсеткен. Тіпті
күнделікті өмірде де әр түрлі жағдайда кездесетін ресми құжаттар мен қарапайым бланкілерді
толтыра алмай, ондағы ақпараттардың мәнісін түсіне алмайтындардың көп екендігі жасырын
емес. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі
жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағынан бағыттап отыру керек. Оқушыларға өздік
тақырыптық тест құрастыру, эссе жазу, бұл оқушылардың өздік жұмыс жасаулары арқылы ойлау
қабілеттері қалыптасады. Топқа проблемалық сұрақтарды қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы
қою оларды шығармашылыққа баулиды. Сондықтан теория мен практиканың байланыста
болуын қамтамасыз ету үшін, әрбір пән бойынша берілетін білім мазмұны мен көлемін
анықтағанда теориялық қағидалардың заңдылықтар мен ережелерін, яғни үғымдық ақпараттық
материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді
шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс.
Сондықтан да Елбасымыздың « Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей,оны керсінше,
әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет» деген сөзі бүгінгі оқыту үдерісінің басты
ұстанымына айналу тиіс.
Оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісі мектеп ұжымы мен мұғалімдер
қауымының қатысуымен ғана жүзеге асады деген пікірдің жаңсақ пікір екендігі бүгінгі күні
дәлелденген. Себебі, бұл үдерісте ата – аналардың рөлі аса маңызды. Ата – аналар балаларымен
мектептегі табысты оқуына қажет біліктер мен өмірлік дағдыларды меңгеру даярлығын
қамтамасыз ететін іс – әрекет түрлерімен көбірек айналысу қажет. Соның нәтижесінде отбасы
мен мектептің тәжірибелік қызметі нығая түсіп, оқушылардың қоғам өміріне араласуы, өмірлік
тәжірибе жинақтауы дұрыс жолға қойылады деп ойлаймын. Себебі, сауаттылықтың бұл түрі
мектептегі берілетін пәндік білімнің шеңберінде ғана емес, оқушының нақты тәжірибе
жинақтайтын қоғам өміріне тікелей қатысуы нәтижесінде дұрыс қалыптасатындығы
дәлелденген.
Оқу сауаттылығының даму үдерісін бақылау үшін және оқушыларды көптеген
мемлекеттік аралық бақылаулар мен зертеулер жасау мақсатында тест тапсырмаларының
жинағын әзірлеу үстіндемін. Мұнда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға
бағытталған сұрақтарды үйлесімді қолдануды басты нысанаға алдым. Жинақта оқушыларды
дайындау барысында алдыңғы нәтижелерінде оқушылардың жіберген кемшіліктерін саралай
келе, сол жіберілген олқылықтарды түзетуге негізделген тапсырмаларға басымдық беруге
тырысамын.
Менің негізгі сабақ беру барысымда басшылыққа алынатын сапалар:
белсенділік - шығармашылық тұрғыдан ойлау;
шешім қабылдай алу;
өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Болашақта сабақ
барысында, сабақтан тыс қосымша сабақтарда да тапсырмаларды орындау кезінде алған
білімдерін сыни тұрғыдан түрлі қырынан талқылап, өз болжамдарын ұсынуды талап ететін
тапсырмаларға көбірек назар аудару қажет деп ойлаймын.
196
Мектептегі пән мұғалімдері өз тәжірибелерін жоғарыдағы анықталған мәселе бойынша
қайта қарап, талдап, қажет бағытта өзгерістер енгізулері кезек күттірмейтін маңызды міндет
екенін ұғынулары қажет. Соған орай алдағы уақыттағы оқыту үдерісіндегі барлық жұмыстар
«оқу сауаттылығы» ұғымының үш құрамдас бөлігін, яғни, түсіну – пайдалану – ойлау
дағдыларын қатар дамыту мақсатында жұмыс жасауға бағытталуы тиіс.
Елбасымыздың бүкіл Қазақстан халқына арнап «100 нақты қадам» атты еліміздің дамыған
мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі Ұлт жоспарын жасаған. Бұл жоспарда Елбасы
Қазақстанның даму жолын бес реформамен, сол реформалар аясында жүзеге асатын 100
қадаммен байланыстырған. Бұл әрине еліміздің білім беру жүйесінің даму бағытына оң әсерін
тигізетін маңызды реформа. Алайда мектептер мен ұстаздар қауымының арқалар жүгі де жеңіл
болмайды. Осы реформаның сәтті жүзеге асыру үшін еліміздегі барлық мектептер ең алдымен
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы өзгерістерге сақадай сай
болулары қажет. Себебі, аталған бағдарламаның мазмұны осы басым мақсатқа тікелей
байланысты. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде білім беру мазмұнын жаңғыртатын
өзгерістер аса қатты қажет.
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай
тұжырымдаманы ұсынуға болады:
оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез – келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолана алуға
үйрету:
әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және
проблемалардың шешімін таба алуға үйрету:
оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету:
оқушылардың әлеуметтік – мәдени дағдыларын дамыту:
қазақ халқының салт – дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу.
Ұлы Абай атамыз айтқан: «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білген, көргені көп болған
адам білімді болады» ұлағатты ой – пікірлерін бүгін де басшылыққа алуға әбден болады. Мұның
білім жүйесі мен білім сапасына, кәсіби біліктіліктерге қатысты оқу – әдістемелік кешендермен,
ақпараттық – электрондық құралдармен, қашықтықтан оқытумен аудио – видео
материалдарымен байытып, өзара байланыста өрістетсе жемісті нәтижелерге қол жеткізуге
болады. Сондықтан үнемі оқып, көңілге тоқыған жайттарды жүйелі дамытатын, жаңа ізденіс
көзқарастарға бай, оны өмірде, тәжірибеде пайдалана алу – бүгінгі ұстазға қойылып отырған
талап. Қазіргі кезеңнің ақиқатқа айналған басты шындығы да кемел келешек кілті де – білім –
ғылымға табан тіреді. Бүгінгі мұғалімдерге артылар сенім, үкілеген міндет, жүктелген парыз өте
жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |