қарсы Атлақ мекенінде ұлы жеңіске қол жеткізгені болды. Сол оқиғадан
кейін түркілер Ислам дінін саналы түрде мойындай бастады. 751 жылғы
оқиға жөнінде араб тарихшысы Ибн Әсир жазбаларымен қоса қытай
жылнамаларында да айтылады. Төртінші кезеңі- Осман ибн Ертұғрол(1258-
1326) негізін қалаған Османлы халифаты(1299-1923) бүгінгі Станбул
қаласын жаулап алуымен ерекшеленеді. Исламның саяси халифаты әр
кезеңде түрлі құбылыстары, артықшылығы мен пендеуи кемшіліктерімен
әлем өркениетіне, білім мен ғылымына айтарлық үлес қосқаны үшін
адамзаттың дүниеуи және рухани өрісін қазіргі уақытқа дейін алға
жылжытып келе жатыр. Халифаттың екінші және үшінші кезеңдері
арабтардың саяси үстемдігімен бірге араб тілі мен мәдениеті Исламдық
дүниетаным арқылы түркі жұртына еніп, бойлады, тамыры тереңге тартты.
Содан бастап түркі даласында әдебиет, жаңа түрлерімен қоса жаңа
мазмұндағы тақырыптармен де баи түсті. Бұл бастау араб, парсы, түркі
мәдениеттердің тоғысында өзіндік тарихи-саяси ерекшелігімен күрделеніп
тұрды. Оның басты себептерінің бірі- араб тілі исламның бастапқы
ғасырларда үстемдік құрып парсы мен түркі тілдері оның көйлеңкесінде
қалып қойғандығы еді. Бұл үрдіс екі-үш ғасырға созылып, тіпті парсы-түркі
тілдері қолданыстан шығып, жойылып кету алдында тұрды. Сол кезеңде
араб тілінің үстемдік құруының бірнеше себебі болды. Оның бастысы-
құран кәрім Алланың сөзі араб тілінде болғандығы. Онымен қатар тағы да
үш себеппен байланысты еді. Біріншіден- Мұхаммед (с.ғ.с) Алла тарапынан
пайғамбарлыққа тағайындалған соң игі істерінің бірі аударма саласына
ерекше көңіл бөлгендігі. Пайғамбар сол заманның өркениетті Грек, Иран,
Үнді елдерінің тілін үйренуді жолға қойды. Пайғамбар іргесін қалаған бұл
шара одан кейінгі уақытта да өз жалғасын тауып, 850 жылға дейін сол
дәуірдің тамаша ғылыми һәм әдеби туындылары араб тілінде сөйлеп
үлгерді. Араб тілі құран кәрімнің негізінде өз заманының ғылыми сөздік
қорын байытып, мол қазнаға айналды. Сондықтан ұлы ойшылдар мен
ғалымдар араб тілін қажетсініп тұрды. Әбунәсір Әл-Фараби, Харезми, Ибн
Сина, Зәкерия Разимен бірге жүздеп саналатын түркістандық, ирандық
ғалымдар араб тілінде оқып, жазды. Екіншіден- Ислам халифатының тізгіні
арабтардің қолында болғандықтан саяси билікке жақын жүрген түркі мен
парсы шенеуніктері де араб тілін үйренуге ден қойды.
Достарыңызбен бөлісу: