1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


XI-XIII ғасырлардағы қыпшақтардың этникалық құрылымы



Pdf көрінісі
бет45/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Еқт сессия

40. XI-XIII ғасырлардағы қыпшақтардың этникалық құрылымы 
және шаруашылығын талдаңыз
Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы.
Қыпшақтар туралы айтқанда, біз, міндетті түрде қимақ тайпаларын еске 
аламыз. Өйткені бұл тайпалардың тарихы бір-бірімен тығыз байланысты. 
Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері ХІ ғ. 
жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді. Ол 
жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ мен 


Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құланды даласынан, оңтүстігінде 
Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып 
жатты.
Қыпшақ хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын 
кеңейтіп, Сырдарияның орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі 
далаларын өздеріне қаратқан. Қыпшақ шонжарлары Сыр бойындағы 
қалалардың билеушілеріне айналған.Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, 
Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен 
Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық 
өзендерінің аңғарларын жайлаған. Араб деректеріне қарағанда, 
қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған.Сонымен, 
Алтайдан Еділге дейінгі аралықтың «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) 
деп аталуының өзі бұл кең-байтақ аймақтың қыпшақтардың атамекені 
екндігін толығымен растайды.
Қыпшақтар этникалық құрамы VІІ-VІІІ ғасырларда құрыла бастаған. 
Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрған. Бірінші — 
қыпшақтардың батыс бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы он бір 
тайпадан тұрады: елбөрілі, тоқсоба, йетиоба, дурут,т.б. Екінші — 
қыпшақтардың шығыс бірлестігі, бұлардың тайпалық құрамы он алты 
тайпадан тұрған. Олардың сегізі негізгі тайпалар, ал қалған сегізі ұсақ 
тайпалық бөлімшелер. Тайпалардың ішінде ең беделдісі — бөрілер болған. 
Бұл елбөрілер болып та айтылады. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып 
отырған. Тайпаның бөрілер аталуы қасқырға табынуды көрсетеді. Ал 
мұндай салт ердегі түрік тайпаларынан бері қарай белгілі. Тоқсоба да 
«тоғыз тайпалы» деген ұғымды білдіретін беделді тайпалардың 
қаратарына жатқан.«Дурут» — төрт тайпа, «йетоба» — жеті тайпа дегенді 
білдіріп, олардың біріккен тайпалар екендігін аңғартады.
Жалпы Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ, оғыз, қуман, ежелгі 
башқұрт тайпалары да енген. ХІІ ғ. бастап қыпшақтар Арал маңына билік 
жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар, қарлұқтар мен жікілдер де 
болған.
Шаруашылығы
Шаруашылығы — 
қыпшақтардың
 негізгі шаруашылық кәсібі мал 
шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден 
қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар 
малының құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой 
басым болды.


Көшпелі тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік 
берген ерекше жылдамдығы мен төзімділігі, соғыста және қаумалап аң 
аулауда пайдаланылатындығы арқасында жылқы аса бағалы жануар деп 
есептелді. Сондықтан қыпшақтар тек қана тебіндеп жайылатын жылқы 
өсіруге ерекше көңіл бөлді. «Бұл даланың (
Дешті Қыпшақтың

ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа 
елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан», — 
деп атап өткен араб саяхатшысы 
Ибн Баттута

Жылқы
 санының көп болуы 
әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі 
болған.
Кейбір жазбаша ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың тамаша жылқы 
иеленгендердің көп болғаны жөнінде мағлұматтар бар. Жазбаша 
деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қыпшақ қоғамында асыл 
тұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлінген. Күш көлігі, тамақ көзі 
ретінде және салт мінуге арналған асыл тұқымды жылқылар көптеп 
өсірілген. Бұл салада ұрпақтардың сан ғасырлық тәжірибесі елеулі нәти- 
желерге жетуге мүмкіндік берді. Мәселен, әрбір ру-тайпаның жылқылары 
өзінің бірегей тусімен ерекшеленді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы 
жылқысының түсі бойынша анықталатын. Бұл жағынан батыс қыпшақ 
бірлестігінің құрамына «құла жылқылы» (кулабаоғлы) тайпасының енуі 
назар аударарлық. 1223 жылы моңғол қолбасшысы Жошының өз әкесі 
Шыңғысханға
 
Дешті Қыпшақтан
 айдап әкелінген 20 мың қыпшақ 
жылқысын сыйға тартқанын мысал ретінде келтіре кеткен де жөн. 
Аң аулаумен қатар қыпшақтар негізінен ең кедей, өзен жағасында 
тұратындары балық аулаумен де айналысты. «Диуан лұғат ат-түркте» 
және араб- қыпшақ түсіндірме сөздіктерінде қыпшақтардың балық 
аулағандағы еңбек құралдарының терминдері келтірілген, олар: арғақ — 
қармақ, аг — ау, ужан (улүк) — кішкене қайық, кеме — үлкен кайықжәне
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет