көріп келе жатқан т үргештер мен қарлұқтар
араб халифаты әскерінің
көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен
қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ
әскерлерінің шайқасы 7 51 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды.
Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың
әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар
жаппай арабтарға болысып,
екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн
Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын
өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан
патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде
түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
Тарихи маңызы:
1.
Сонау екі Хан дәуірінен (б.з.д.206-6.3.220) бері Қытай қорғанының
сыртына шыға бастаған Хан патшалығы шамамен он мың ли (5000
км) Батысқа
жылжи отырып, 751 жылы Атлах-Талас түбіне жеткен
қытай экспансиясының қанды жолы біржола, мәңгілікке кесіп
тасталды.
2.
Атлах-Талас шайқасының ұлы жеңісіне араб әскерін қарлұқ,
түркештер қолдап, жан-қиярлық ерлігі арқылы қол жетті. Қанмен
бекіген түрік-араб достығының
ғұмыры ұзақ бол-ды, берекелі
болды. Түрік халықтары Алланың хақ діні Исламмен ертерек
қауышты. В.В. Бартольд әділ айтқандай “Турки были одними из
первых народов,
среди которых Ислам, отказавшись от пропаганды
оружием, имел успех путем убеждения” болғаны тарихи шын-дық.
Түріктер исламды 751 жылдан былай қарай негізінен бейбіт жолмен
қабылдап, ислам мәдениетімен ертерек танысты. Соның нәтижесінде
түрік дүниесі Ислам әлемімен рухани тұтастыққа қол жеткізді.
Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари, Жүсіп
Баласағұн, Әбу
Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн Сина
қатарлы ұлы тұлғалардың данышпандық ілімдерін бере алды
3.
Исламды мемлекеттік дін ретінде мойындаған түрік халықтары
біртұтас рухани, мәдени бірлікке қол
жеткізу арқылы ұлт ретінде
ұйысып, тұрақты, гүлденген мемлекеттерге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: