1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Қарлұқ қағанаты, территориясы, этникалық құрамы, саяси



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия

 
33. Қарлұқ қағанаты, территориясы, этникалық құрамы, саяси 
тарихы туралы деректер негізінде сипаттаңыз
Қарлұқ қағанаты ( территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы) 
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 


Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен 
белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен 
Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар 
бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, 
шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 8 ғасырдың 
ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік 
қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен 
бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар 
бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен 
бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», 
Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар 
қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері 
Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың 
қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде. 
Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-
вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси 
үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген 
түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық 
құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен 
ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері 
Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында 
өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ 
конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан 
және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ
халқының қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде 
бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы 
алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде 
кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің 
басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер 
ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына
сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір 
тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы 
туралы деректер орта ғасырлардағы
мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Қарлұқтардың дербестікке 
ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 
жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым 
күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің 
бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның 
салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты 
қарсылық көрсете алмады. Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында 


орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. 
Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен 
болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, 
олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда 
түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал 
қалғаны шығысқа таман көшуге
мәжбүр болды. 
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп 
шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда 
саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш 
қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-
құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш 
тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар 
ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ 
опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне 
келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси 
билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана 
қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін 
жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің 
ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың 
мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы 
екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, 
оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. 
Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын 
айтады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах 
қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға 
алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер көп болған. Талас өзеніндегі 
шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор 
тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, 
ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. 
Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның 
нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы 
Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл 
Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және 
әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда 
Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұқтар өздеріне 
бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 
жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII 
ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. 


Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази былай деп жазады: қарлұктар 
«бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан 
кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін 
жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»
766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл 
Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық 
мемлекет құрады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік 
Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, 
барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары 
Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі 
көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, 
Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың 
билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Көшпелі 
тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен 
құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 
қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, 
Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы 
бойында орналасты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс 
Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және 
ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік 
қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір 
сүруін тоқтатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет