1-лекция Оқиғалар алгебрасы 1. Бастапқы жалпы шарт, сынау, оқиға. 2. Оқиғаларды класстарға бөлу . 3. Оқиғалар арасындағы байланыстар .
1. Оқиғалар алгебрасы. 1. Бастапқы жалпы шарт, сынау, оқиға. Бұл ұғымдарды түсіндіруді мысалдармен көрсетейік.
1-мысал. Металл теңгені тегіс еденге тастайық, сонда мына төмендегі құбылыстарды байқаймыз. Теңгені лақтыру үшін өзімізді белгілі бір қалыпқа келтіреміз. Одан соң бас бармақпен теңгенің бір ұшын жоғары қарай түртіп жібереміз. Онда ол шыр көбелек , белгілі бір биіктікке дейін көтеріліп, төмен қарай құлдилап еденге түседіде, бір неше рет секіректеп , жалпағыныан не тиін жағы не герб жағы жоғары қарап жатады. Сайып келгенде , теңге жалпағынан жатуы үшін көптеген қимыл әрекеттер жасалады, солардың жиынын бастапқы жалпы шарт деп атаймыз. Оның тиын не герб жағының жоғары жатуы , яғни бастапқы жалпы шарттың орындалу нәтижесі – оқиға деп айтылады.
2-мысал. Біртекті материалдардан жасалған симмертиялы кубтың(ойын тасының) әрбір жағы 1 ден 6 ға дейін нөмірленген болады. Оны бір рет лақтырғанда , яғни бастапқы жалпы шарт орындалғанда алты жағының біреуі жоғары қарап түседі, мұнда қай жағы түсседе оқиға болады.
3-мысал. Өзіміз қарапайым көріп жүрген суды 100оС ге дейін қыздырсақ, ол буға айналады. Судың буға айналуы –оқиға, ал осы бу пайда болғанға дейінгі барлық әрекеттер жиыны бастапқы жалпы шарт болады.
Бұдан былай бастапқы жалпы шарт термині орнына сынау, тәжірибе, эксперимент терминдерін қолданамыз. Сонымен сынау нәтижесін оқиға деп атауға келісеміз. Әдетте оқиғаларды үлкен әріптер А,В,С,... арқылы белгілейміз. Мысал үшін теңгенің тиын жағының пайда болуы А оқиғасы болса, герб жағының пайда болуы В оқиғасымен белгіленеді және т.с.с.