Лекция Оқиғалар алгебрасы Бастапқы жалпы шарт, сынау, оқиға. Оқиғаларды класстарға бөлу. Оқиғалар арасындағы байланыстар. Оқиғалар алгебрасы



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі113,8 Kb.
#120656
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ықт.1-лек.

2. Оқиғаларды кластарға бөлу.
Анықтама. Сынау жүргізілгенде А оқиғасы пайда болуыда , пайда болмауыда мүмкін болса , ондай оқиғаны кездейсоқ оқиға деп айтамыз. Мұндай оқиғаларға 1,2-мысал жатады, өйткені сынау нәтижесінде теңгенің немесе кубтың белгіленген жағынан пайда боларын күн ілгері айта алмайыз. Сынау нәтижесінде оқиға (А оқиғасы) сөзсіз пайда болатын болса, ондай оқиғаны ақиқат оқиға дейді. Сынау нәтижесінде оқиғаның (А оқиғасы) пайда болуы мүмкін болмаса, ондай оқиғаны мүмкін емес оқиға деп йтамыз
Ақиқат оқиғаны U әрпімен, мүмкін емес оқиғаны V әрпімен белгілеу қабылданылған. Мысалы, кобдишаға салынған ақ шарлардың біреуін алсақ, оның ақ болып шығуы ақиқат оқиға да, басқа түсте болуы мүмкін емес оқиға. Сынау жүргізгенде екі оқиғаның бірі пайда болып, екіншісі пайда болмайтын оқиғаларды үйлесімсіз оқиғалар деп айтылады. Мәселен 2-мысалдағы А12 (бірінші және екінші нөмірлі жақтар) оқиғалары- үйлесімсіз оқиғалар. Бұл мысалдағы кез келген екі оқиға да үйлесімсіз. Кез келген екі оқиғасы үйлесімсіз болатын оқиғалар жиынын қос-қостан үйлесімсіз оқиғалар дейді.
Сынау жүргізілгенде оқиғаның біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармайтындай екі оқиғаны үйлесімді оқиғалар деп атайды. Мысалы, кубтың жұп нөмірінің пайда болуы (А оқиғасы) мен үш санына еселік нөмір пайда болуы В оқиғасы үйлесімді. Өйткені кубтың 6-нөмірінің пайда болуын көрсететін А6 оқиғасы В оқиғасы пайда болғанда да, А оқиғасы пайда болғанда да пайда болуы мүмкін.
Сынау нәтижесінде мүмкін оқиғалардың әйтеуір біреуінің сөзсіз пайда болуы ақиқат болса, ондай оқиғаны жалғыз ғана мүмкіндікті оқиға дейді. Жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар оқиғалардың толық тобын немесе оқиғалардың толық жүйесін (системасын) құрады деп айтуға келісеміз. Мысалы, сынау нәтижесінде кубтың алты жағының біреуі (А оқиғасы) пайда болуы сөзсіз, сондықтан А1, А2, А3, А4, А5, А6 оқиғалары жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар және олар оқиғалардың толық тобын құрайды. Сонымен қатар бұлар қос-қостан үйлесімсіз оқиғалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет