Мысал-2: Теңгені 1 рет тастағанда «герб» түсуі «сан» түсуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан «герб» түсті және «сан» түсті деген оқиғалар өзара үйлесімсіз.
Сынау жүргізгенде пайда болған оқиға ақиқат оқиға болса, онда ол жалғыз мүмкіндікті оқиға деп аталады.
Сынау нәтижесінде бірнеше оқиғалар пайда болуы мүмкін болса және олардың біреуінің пайда болу мүмкіндігі екіншісіне қарағанда артықшылығы болмаса мұндай оқиғалар тең мүмкіндікті оқиғалар деп аталады.
Мысал-3: Біртекті материалдардан жасалған симметриялы кубтың әрбір жағын 1-ден 6-ға дейінгі санлармен нөмірлейік. Оны бір рет лақтырғанда 6 жағының біреуі жоғары қарап түседі; қай жағы түссе де оқиға болады.
А1 – Бірінші нөмірлі жағы түсетін оқиға;
А2 – Екінші нөмірлі жағы түсетін оқиға;
А - жұп нөмірлі цифр жағы түсетін оқиға;
В - үш санына еселі цифр жағы түсетін оқиға;
U – 1 – 6 сандар түсетін оқиға;
V - бірінші және екінші нөмір қатар түсетін оқиға;
А1, А2 – үйлесімсіз оқиғалар;
А, В – үйлесімді оқиғалар ( Мысалы: 6 нөмірі түседі.);
1 - бірінші нөмірі түспейтін оқиға;