Тағы да бірер мысал алып көрейік:
сармай
деген сөз кіріккен бір сөз бе, жоқ,
сарысы
өз алдына бір сөз де,
майы
өз алдына бір сөз бе? Мұны білу үшін
сары
деген сөз бұл арада өзінің әншейіндегі түс мағынасында тұр ма, жоқ, одан өзгерген
бе? Осыны ашып алу керек. Егерде
сармай
деп аталатын заттың түсі әр уақытта да
сары
болатын болса, онда мұндағы
сары
сөзі өз мағынасында дер едік. Олай емес:
сармайдың
сары емесі де – ағы да, көгілдірі де болады. Сондықтан,
«мынау сармай
сары екен, мынау сармай ақ екен»
деп айта аламыз. Міне, мұнда
сармай
дегендегі
сары
түстің аты емес екендігін, бір кезде
майдың
түсін көрсету үшін жұмсалғанмен
де, бүгінде
майдың
түсін ашу үшін емес, тегін ашу үшін –
қаймақтан жасалған
май
екендігін ашу үшін жұмсалатын кіріккен сөздің бір бөлшегі екенін көреміз.
Өйткені, түсі сары емес майды да (түсі ақ, көгілдір майларды да)
сармай
дейтін
болсақ, мұндағы
сары
түс мағынасында болмағаны болады. Сондықтан, мұндағы
сарыны сары
,
cарырақ
дегендегі
сары
мағынасынан айырылған деп тану керек
болады. Олай болса,
Достарыңызбен бөлісу: