қара
деген бөлшекте түк екпін жоқ,
қара
мен
құстың
екеуіне ортақ жалғыз-ақ екпін бар,
о да
қара
сөзінде емес,
құс
сөзінде.
Жоғарғы
айтылғандарды қорыта келе, жоғарғы «кіріккен сөз деп нені
айтамыз?» деген сұрауға қысқаша былай деп жауап беруге болады.
Бірнеше сөздер қосылып, бір ғана екпінге – ең соңғысының екпініне
бағынып, кейде бәрінің не біреуінің
сыртқы формасы өзгеріп, не өзгермей-ақ,
бәрінің не біреуінің бұрынғы мағынасы өзгеріп, сондықтан,
бәрі жиналып бір-ақ
нәрсенің аты болып, бір-ақ мағына беретін, сөйлемде бір-ақ мүше болып, бір-ақ
сөздің орнына жүретін болса, осыны кіріккен сөз дейміз.
Әрине, кіріккен сөз болған жердің бәрінде
бірдей сыртқы белгісі жоқ
болғандықтан, бұлар, қосар сөздер сияқты, заңды құбылыс болмай, заңсыз
құбылыс болып шығады. Қысқасы,
қосар сөздерді тірі қосымша, тірі түбірлерден
құралған қосымшалы сөздерге ұқсатсақ, кіріккен сөздерді өлі қосымшалы немесе
өлі түбірлі сөздердің құрылысына ұқсатуға болады.
Кіріккен сөздердің осындай заңсыздығын ескеріп,
біздің грамматикамызда
қиюлы сөздер өз алдына баяндалған. Үйткені, қиюлы сөздер, кіріккен сөздерге
қаншама ұқсас болғанмен де, ұқсамайтын жағы басымырақ.
Қиюлы сөздердің
қиысуының белгілі заңы бар: бұлар не буын қиюлы, не дыбыс қиюлы немесе
аралас қиюлы болып, құрылысының өзінде белгілі заңға бағынады. Ал,
кіріккен
сөздерде құрылыс жағынан ондай заң жоқ екенін көрдік.
Сөйтіп, бұрынғы Байтұрсыновтың грамматикасында кіріккен сөздер мен
қосар сөздер айырылмаған болса, жаңа грамматикада бұлар айырылып,
бөлек-
бөлек көрсетілген. Онан кейін «Тіл құралда» қос сөздердің қатарына қосылып,
жалқылағыш қос сөздер аталған сөз тіркестері бірде кіріккен сөздерге тура келеді
екен де, бірде жай, қатар тұрған екі сөзге тура келеді екен.
Сондықтан, «Тіл құралда» «жалқылағыш қос сөздерінің» бірқатары
синтаксис қарауына кетті де, бірқатары морфология қарауында қалғанмен де, қосар
сөздерге қосылмай, кіріккен сөздердің қатарынан шығып кетті. Сонымен, бұрынғы
біз білетін қос сөздердің ішінен қолымызда қалғаны жалғыз-ақ жалпылағыш қос
сөздер аталғандары болды. Бірақ, жаңа грамматикада қосар сөздерді жалғыз түрлі
демейді, оның атын жалпылағыш деп те айтпайды.