І. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері Қазақ тiлihiң Ғылыми куpсы жөhihеh лекциялаp


 Қандай сөзді кіріккен сөз дейміз?



Pdf көрінісі
бет178/182
Дата21.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#144378
түріЛекция
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182
Байланысты:
zhubanov k kazak tili grammatikasynyn keibir mseleleri (1)

4. Қандай сөзді кіріккен сөз дейміз? 
 
Кіріккен сөздердің осы заңсыздығы бұларды кірікпеген жай сөз тіркестерінен 
айырып алуды қиындатады. Біздің қазіргі емлемізде осы уақытқа дейін шешіліп 
болмаған мәселенің бірі де осы кіріккен сөздердің емлесі. Сөз тіркестерінің 
қандайын кірігіп, бір сөз болып кеткен деп есептеп, қосып жазу керек те, қандайын 
кірікпеген сөздер деп, айырып жазу керек? – міне, осы мәселеге үзілді-кесілді 
жауап бере алмай келе жатырмыз. Үйткені, емле деген көпшілікке арналған нәрсе. 
Ереже қылып, қолына ұстататын заңның сол көпшілікке ұғымды болуы керек. Ал, 
кіріккен сөздерді, ондай, көпшілікке ұғымды заңға сыйдыру қиын. Үйткені, 
бұлардың өзінде орныққан, бір қалыпқа түскен заң жоқ. 
Әйткенмен, мұғалімдерге кіріккен сөздерді қалай тану керектігі жөнінде 
бірқатар сілтеу беруге болады. 
5. Кіріккен сөздердің қандай белгісі болады? 
 
Бірінші, неше сөзден құралған болса да, кіріккен сөздер бір-ақ нәрсені 
атайтын, бір-ақ сөздің орнына жүретін болу керек. 
Рас, бұл өлшеудің өзі қиын өлшеу. Тегінде, тек мағынаны өлшеу қылумен 
анықтық таныла қоймайды. Мысалы, 
қолғап
деген бір нәрсенің аты ма, сондықтан, 
бір-ақ сөз бе, немесе екі сөз бе? Бөлек-бөлек алғанда, 
қол 
деген сөздің өз мағынасы 
бар, 
қап
деген сөздің де өз мағынасы бар. Бірақ, екеуі қосылғанда, 
қолғап
дейтін 
бір-ақ нәрсенің аты болып тұр. Осы сияқты, 
қарақұс 
деген бір сөз бе, екі сөз бе? – 
деп те сұрақ қоюға болады. Бір сөз дейін десең, 
қара
дегеннің де өз алдына 
мағынасы бар, 
құс
дегеннің де өз алдына мағынасы бар. Бірақ, екеуі қосылып 
келіп, бұл арада бір нәрсенің аты болып тұр. Ал, бұларды бір дейін десең, дәл 
осылар сияқты болып жасалған 
өгіз арба, темір
қасық
т.т. да бір сөз болуы керек 


сияқты. Олай болғанда анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің екеуі қосылып бір 
сөз болып санала беруге керек сияқты. Міне, жалғыз мағынаға сүйенгенде айырып 
алу қиын болатыны осыдан. Сондықтан, мағынаны өлшеу қылуға алып тұрып, 
бірақ жалғыз мағынаның өзіне ғана сүйенбей, басқа өлшеулерді де қосып қарау 
керек болады. 
Екінші, кіріккен сөз болу үшін мұның ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысы 
сөйлемде өз алдына бір-бір мүше болмай, бәрі жиналып барып, сөйлемнің бір-ақ 
мүшесі болу керек. 
Мысалы, 
қолғап, қарақұс
деген сөздердің қол, қара дегендері өз алдына, 
қап, 
құс
дегендер өз алдына бір-бір мүше емес, сөйлемде 
қол 
мен 
қап
-тың екеуіне 
қосылып бір-ақ мүше, қара мен құстың екеуі қосылып бір-ақ мүше. Үйткені, 
бұларда 
қол,
қара
деген сөздер анықтауыш емес: 
«қандай қап?»
– 
қолғап, «қандай 
құс?»
– 
қара құс
деп айыра алмаймыз. Ал, қара жылқы, ала қап деген сөздерде 
қандай жылқы? – «қара жылқы», «қандай қап?» – «ала қап» деп аша аламыз. 
Бұларда 
қара, ала
деген сөздер анықтауыш. 
Қарақұс
деген тіркестің өзі де құстың 
белгілі бір түсінің аты болмай, бір құстардың түсін ашу үшін айтылған болса, онда 
екі сөз болып, 
қара
мен 
құстың
екеуі сөйлемде екі мүше бола алады. Мысалы, 
қарға – қара құс
десек, 
қандай құс
деп сұрауға болады. Сонда, 
қарға ақ құс
емес, 
қара
құс
деп түсін ашып беруге болады. Ал, 
қарақұс
дегендегі 
қара
-ны бұлайша 
бөліп ала алмаймыз. Үйткені, мұндағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет