м
(
ім
:
пір-
ім
) – тәуелдеу қосымшасы;
шырақ
(
ым
) – парсы).
Одағайдың бірқатары атауыш сөздерге шақыру одағайын, тәуелдеу жалғауын
қосып жасалған (
жарқын+ым, шырақ+ым, қарақ+ым, қалқа+м, сәуле+м
).
Cабаз-ай, қабылан-ай
(қайратты дәріптеу;
сабаз – шаһ – баз – сұңқар
; парсы);
қабылан
– арыстанның бір түрі, қазақтыкі; бұған қосылған –
ай
шақыру одағайы.
Шырағым-ау
(тәуелді сөз + шақыру одағайы) – бұл беріде жасалған тұлға,
осы күнде жасала беретін түрі. Одағайлардың бәріне ірге (негіз) болған нәрсе –
бесінші тараудағы шақыру, хабарлау одағайлары
па, паһ, пай, бай-бай
(таңдану,
күйзелу);
мә
(назар салдыру);
бе (еу!)
– ызалану;
ой-бо-ой
(шошыну); таңдану
одағайларында
па, ба, мә, бе
түрлеріндегі қаратпа сөз. Бұл сөз
баба
дегенде екі рет,
апа
дегенде бір рет ұшырайтын бүгіндегі тумалық термин (бұрын ру бастығын
осылай атаған). Осы қалыппен басқа одағайлардың дені де қаратпа сөз болып
жасалған. Адамдар бұрын табиғат сырының күштерін білмеген. Сондықтан олар
табиғатқа адамша (жанды затша) тіл қатқан. Желді ысқырып шақырған, құйынды
қуалаған, ауруды көшірген, түрлі жақсылық-жамандықтың иесі бар деп түсініп,
оларды бірде шошындырып, бірде тамақ беріп ырза қылып отырған. Әр рудың
иесі, қорғаны бар деп есептеп, соларды жәрдемге шақыратын болған. Келе-келе
осы ұғым-түсініктен дін туған. Одағайдың қаратпа сөзсіз (шақыру сөзінсіз)
болмайтыны сол әртүрлі табиғат күштеріне: ай, күнге, малға т. т. қарап сөйлеп,
соларға көңіл айтып, соларды жәрдемге шақырудан қалған қалдық. Кейін адам
баласы оны ұмытып, әр одағай өзінің әніне қарай түрліше көңіл райын білдіретін
сөз болып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |