80
ныстарды өзара кіруші және ажырамайтын ету қажет. Бұл ретте кон-
структор міндеті мехатрон модулінің берілген функциясы мен оның
конструктивтік орындалуы арасындағы ең жақсы сәйкестіктің табылуы
болып табылады [10].
Мехатронды модульдерді құрастыру кезінде синергетикалық интегра-
цияны үш тәсілмен жүзеге асырады:
функционалдық, функционалдық-
құрылымдық және құрылымдық-конструктивтік интеграция.
Функционалдық интеграция мехатрондық модульдің жұмыс сапа-
сын жақсарту мақсатында қосымша функционалдық түрлендірулерді
қолданыстағы функционалдық моделге қосу арқылы мехатрондық
модульдің функционалдық моделін құру болып табылады.
Функцио-
налдық-құрылымдық интеграция берілген функционалдық түрлендіру-
лерді құрылымдық блоктардың ең аз санымен жүзеге асыратын
мехатрондық модульдің құрылымдық моделін табумен негізделеді. Ол
кейбір құрылымдық блоктарды біріктіруді қамтамасыз ететін жобалық
шешімдерді таңдауға, демек олармен аралас интерфейстерді болдырмауға
бағытталған.
Құрылымдық-конструктивтік ықпалдасу негізгі және қосымша,егер
қажет болса, берілген функционалды түрлендірулерді
барынша тиімді-
лікпен, яғни жоғары жұмысқа қабілеттілікпен, Сенімділікпен, ұзақ
мерзімділікпен, дәлдікпен және т.б. қамтамасыз ету мақсатында мехатрон-
дық модульге енгізілетін конструктивтік элементтердің типтері мен ең аз
санын таңдаудан тұрады.
Интеграциялау элементтердің аппараттық бірігуін ғана емес, сонымен
қатар зияткерлік модульдерде интеграцияланған ақпараттық процестерді
ұйымдастыруды да болжайды.
Мехатронды модульдерді құрастыру кезіндегі синергетикалық инте-
грация үш базалық қағидатқа негізделген:
* құрылымдық блоктар мен конструктивтік
элементтердің ең аз са-
нымен берілген функционалдық түрлендірулерді бірыңғай көп-
функционалды модульдерге біріктіру жолымен жүзеге асыру;
* артық құрылымдық блоктар мен интерфейстерді жою;
* функционалдық жүктемені аппараттық блоктардан интеллектуал-
ды (электрондық және компьютерлік) компоненттерге қайта бөлу.
Синергетикалық интеграция принциптерін практикалық іске асыру
мехатронды модульдердің дәстүрлі жетектермен
салыстырғанда артық-
шылығын қамтамасыз етуге және конструкцияның жинақылығы, шығу
буыны қозғалысының жылдамдығы мен дәлдігі бойынша сапалы жаңа
көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.