76
бағытталған бағдарламалар, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық
қалыптастыруға арналған психологиялық қолдау көрсету.
Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты арттыру, баланың жас және
жекелік, жыныстық ерекшеліктері мен психологиялық саулығын сақтау туралы
білімдермен таныстыру. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары арқылы
отбасылық жауапкершілікті жоғарылату.
Психологиялық кеңес беру
Шағымданып келген бала мен ата-аналардың мәселесін шешуге бағытталған
психологиялық кеңес беру, психологиялық көмек көрсету. Баланың жекелік
(жас, жыныстық, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, оқу үлгерімі,
тәуелділігіне т.б) ықпал ету. Қиын балалардың жан дүниесін түсіну, қиындықты
тудыратын себептердің мәнін ашу және ығыстыру. Баланың психологиялық
қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеру.
Психолог, педагогтардың кәсіби этикалық ережелері
-
Құзыреттілік – психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді таңдай
білу, зерттеу нәтижелерінің қорытындысын шығара білу;
-
Нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ,
құштарлы және жауапты болу. Айналасындағыларға құрметпен қарау,
әлеуметтік рөлдеріне нақты және соған сәйкес қызмет атқару.
-
Адам құқықтары және абыройын құрметтеу. Психологтың клиенттің жеке
өмірлік құқығын сақтауы, өзіндік анықтау және автономиясын құрметтеу.
Диагностикалық және коррекциялық шараларды жүргізе отырып, бала мен
ата-ананың нақты келісімдерін алу. Психологтың клиенттердің мәдени,
жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауы.
-
Бала мен ата-аналардың әріптестік, серіктестік қолайлылық орнатуына
көмектесу. Туындаған қақтығыстарды жауапты түрде шешу. Адамдардың
ерекшелігіне шынайы әрі мұқият қарау.
-
Әлеуметтік жауапкершілік. Адамдардың қолайлы өмір сүруіне өз үлесін
қосу, әлеуметтік-психологиялық ықпал ету.
Аталған ережелердің балалармен және ата-аналармен педагогикалық-
психологиялық жұмыстар кезінде ескерілуі отбасы татулығы мен сыйластығына
тиімді ықпал етуді қамтамасыз етеді.
Жүргізілетін педагогикалық-психологиялық іс-шаралар келесі әдіс,
тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама,
психодрама,
би-қозғалыс
терапиясы,
денеге
бағытталған
терапия,
гештальттерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, психологиялық тренинг,
әуентерапия және т.б.
«Баланың жеке басын дамыту мектебі» бағдарламасының мақсаты: жекелік
ерекшеліктер мен ресустарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: