Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет2/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

ISBN-
978-601-7839-63-5
© Костанайский государственный
педагогический институт 
© Каирова Б.К., 
Тойымбетова Д.С. 2016 



МАЗМҰНЫ 
Кіріспе..................................................................................................... 4 
1.
Отбасы психологиясының әдіснамалық негізі .................................. 6 
2.
Тарихи аспектідегі отбасы (пайда болуы және даму тарихы)........ 12 
3.
Отбасының өмірлік кезеңдері (циклдері) ..........................................24 
4.
Отбасындағы сүйіспеншілік................................................................ 35 
5.
Отбасы типологиясы............................................................................ 42 
6.
Тұлғаның отбасында әлеуметтенуі .................................................... 51 
7.
Отбасы психотерапиясы және отбасына кеңес беру......................... 60 
8.
Отбасыда татулық пен сыйластықты тәрбиелеуге арналған
психологиялық-педагогикалық іс-шаралар....................................... 76 
9.
Студенттермен жүргізілетін практикалық сабақтар мен тәрбиелік 
жұмыстар.................................................................................................91 
10.
Отбасы мәселелерін анықтауға арналған психодиагностикалық
әдістемелер............................................................................................110 
11.
Глассарий...............................................................................................134 
12.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................143 
 



КІРІСПЕ 
Жас ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен, ата-
анадан, отбасы –ошақ қасынан басталмақ. Дана қазақтың «ұяда не көрсең, 
ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек.Адамды адам 
ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, соның ішінде отбасынан, ата-
анадан алған үлгі-өнеге балалардың тұлғалық қасиеттері мен отбасы, отбасылық 
қатынастар, отбасылық сыйластық пен үйлесімділіктің қалыптасуына негіз 
болады. 
Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы болғандықтан, ол әлеуметтік дамуда 
маңызды рөл атқаратын құрылымдардың бірі. «Отан отбасынан басталады» 
деген даналықты айтқан халқымыз үшін отбасының қоғам өмірінде алар орны 
ерекше. Отбасы – тек бала-шаға дүниеге келіп, оларды тәрбиелейтін қоғамдық 
және рухани ошақ емес. Отбасында бала әлем жайлы алғашқы білімді алады, 
оның мінезі, жүріс-тұрысы, қажеттіліктері, қызығушылықтары, құндылықтары, 
адамгершілік идеалдары мен түсініктері, өзгелерге деген қарым-қатынасы 
қалыптасады.
Отбасы – бірліктің, берекенің, кіршіксіз тазалық пен адамгершілік 
қасиеттердің ордасы. Осындай береке мен бірлікке толы, құрметті де, сыйлы 
отбасының қалыптасуында жас ұрпақтың бойында қалыптасқан отбасы 
құндылығы жайлы түсініктердің маңыздылығы ерекше. Әрине, жастардың 
отбасы жайлы түсініктерінің қалыптасуы – олардың қажеттіліктері мен 
қызығушылықтарына, ой-түсініктері мен бағамдарына, өз отбасынан алған 
тәрбиесі мен дүниетанымына тікелей байланысты болып келеді.
Жастардыңотбасы туралы түсініктері және болашақ отбасы өміріне 
дайындығы қай кезде де болмасын өзінің өзектілігін жоймайтын мәселе. Қазіргі 
таңда жастар әлеуметтенудің бір қиын кезеңінде өмір сүріп жатыр. 
Кейбіреулерінің отбасы шырқы бұзылып, ата-анасы болашақ отбасылық өмірге 
лайықты тәжірибе беріп жатқан жоқ. Осының салдарынан елімізде отбасы және 
отбасылық қатынастар құндылығының беделі төмендеуде, дүниеге бала әкелу 
саны азайып, ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар саны артуда, толық емес 
отбасылар, баласынан бас тартушы аналар көбеюде. Бала тәрбиесіне жеңіл 
қарайтын, мойнына өз баласын азамат етіп қалыптастыру жауапкершілігін 
алмаған ата-аналарды, отбасындағы дау-жанжал, ұрыс-керістерді көріп өскен 
балалар есейгенде отбасын құруға жасқанады. Отбасы қатынастары, отбасы 
үйлесімділігі сияқты құндылықтарды бала өз отбасынан меңгеріп, оны 
болашақта өз отбасына алып келетіндігі ғылыми дәлелденген.
Ғалымдардыңзерттеулері бойынша қоғамда жастардың отбасы туралы 
түсініктеріне ықпал ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады: 
отбасындағы рөлдерді бөлуге әсер етпей қоймайтын әйелдер эмансипациясы
еркін қатынастарға әлеуметтік төзімділік, азаматтық некеде тұруға 
тенденцияның артуы, «өмірге аз бала әкелуге» бағдарлану т.б. Бұл 
айтылғандардың барлығы қазіргі жастардыотбасылық өмірге даярлау, неке-



отбасылық, бала-ата-аналық қатынастар мәселелерін қарастыратын отбасы 
психологиясын оқытудыңөзектілігін дәлелдейді.
Отбасы психологиясы – психологиялық білімнің қалыптасу үстіндегі 
жаңа саласы. Отбасы психологиясының ғылыми пән ретіндегі ерекшелігі – оның 
психологиялық тәжірибемен өзара байланыстылығы болып табылады. Отбасы 
тыныс-тіршілігін оңтайландыруға, ерлі-зайыптылық қатынастар мен бала-ата-
аналық қатынастар үйлесімділігін арттыруға, отбасында бала тәрбиесіне 
қатысты мәселелерді шешуге деген әлеуметтік сұраныс аталмыш пәннің 
қарқынды дамуына себепші болды.
Жаңа ғылыми пәннің – отбасы психологиясының қарқынды дамуының 
өзектілігі – қазақстандық отбасылардың жалпы психологиялық атмосферасының 
нашарлауымен, отбасылық қызметтердің бұзылуымен, отбасылықдау-
жанжалдың артуымен байланысты. Отбасының мұндай жағымсыз беталысы 
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлармен: 
әлеуметтік 
жүйелердің 
тұрақсыздығымен, материалдық жағдайдың төмендігімен, Қазақстанның 
көптеген аймақтарындағы кәсіби жұмыссыздық мәселелерімен, отбасының 
дәстүрлі қалыптасқан рөлдік құрылымының және ерлі-зайыптылар арасында 
рөлдік қызметтердің өзгеруімен түсіндіріледі. 
Демографиялық жағдайдың өзгеруі – дүниеге бала әкелу санының азаюы 
– жалғыз бала тәрбиелейтін отбасылардың көбеюіне себепші болып отыр, 
мұндай отбасында жалғыз өскен баланың тұлғалық дамуында қиындықтар 
туындап, балада коммуникативті құзыреттілік жеткілікті дамымайды.
Ажырасу санының күннен күнге артуы – некеге тіркелген 
1/3отбасылардың көңілі жараспай, ажырасып кетуі бүгінгі таңда аса күрделі 
әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Ажырасу – маңыздылығы 
жойылмайтын аса қиын мәселе. Ажырасу – стрессогенділігі жағынан өмірдегі 
қиын жағдайлардың ішінде басты орынды алады. Ажырасу және отбасының 
ыдырау нәтижесі –жалғыз басты аналардың көбеюі. Көп жағдайда толық емес 
отбасылардың ауыртпалығын ана көтереді, осының салдарынан тәрбие де 
нашарлайды. Ажырасудың және толық емес отбасыларда бала тәрбиелеудің 
психологиялық салдары – Мен-концепциясының бұзылуы, жыныстық-рөлдік 
иденттіліктің қалыптасуының бұзылуы, аффективті бұзылыстар, құрбы-
құрдастармен және отбасымен қарым-қатынастың нашарлауы.
Келесі маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – ресми емес (азаматтық) 
некелер санының артуы болып табылады. Азаматтық некені қалаудың басты 
себебі – ерлі-зайыптылардың отбасы, бала үшін жауапкершілік алуға дайын 
болмауы болып табылады. Осыған байланысты, азаматтық некеде тұратын 
отбасы көп жағдайда деструктивтілігімен, жанжалға бейімділігімен, қауіпсіздік 
деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді.
Тағы бір күрделі әлеуметтік мәселе – ата-ана қамқорлығынан айрылған 
балалардың, соның ішінде әлеуметтік жетімдердің (ата-аналары болғанымен) 
көбеюімен байланысты. Қазіргі таңда мұндай балалар саны 500 мыңға жуық.
Отбасында қарым-қатынастың аз болуы, эмоциялық жылылықтың 
тапшылығы, ата-аналардың баласының қажеттіліктері, қызығушылықтары мен 



проблемалары жайлы хабардар болмауы, отбасында ынтымақтастық пен 
ымыраластықтың жетіспеушілігі баланың дамуында едәуір қиындықтар 
тудырады. Ата-аналық қызметтерді тәрбиелік мекемелерге,(балабақша, мектеп) 
сонымен қатар, арнайы шақырылған қызметшілерге (бала күтуші) артып қоюға, 
бала тәрбиелеу үрдісінен алыстауға беталыс артып келеді.
Отбасы психологиясының теориялық негізі әлеуметтік психология, тұлға 
психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық психология, клиникалық 
психология саласында жүргізілген зерттеу нәтижелері болып табылады. 
Психологиялықзерттеулердің түрлі салаларынан алынған ғылыми білімдер 
жүйесі, отбасына психологиялық көмек көрсету және отбасылық кеңес беру 
тәжірибесі қазіргі 
отбасылық психологияның теориялық негізін құрды

Отбасылық психологияның басты міндеті – отбасыныңжәне отбасымен 
жұмыстың практикалық тәжірибесі туралы білімдерді біртұтас психологиялық 
пәнге – отбасы психологиясына біріктіру болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет