Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет14/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

балалардың бөліну кезеңі
(ересек балалары бар 
отбасы). Отбасының өмірлік циклінің бұл кезеңінде ата-аналардың ересек 
балалармен қатынасының жаңа түрі қалыптасады. Балалар өзінің жеке отбасы 
болмаса да ата-аналарымен бірге тұра алады, батыспен салыстырғанда 
қазақстандық, ресейлік отбасыларда мектепті тәмамдау баланың отбасынан 
жырақтауына, әсіресе аумақтық, кейбір жағдайда қаржылық-экономикалық 
алыстауына себепші болады. Ересек балалар басқа қалаға оқуға түскенде немесе 
пәтер жалдағанда ата-аналарынан бөлек тұра алады, осылайша олар 
дербестілікке, автономияға ұмтылып, өздерінің ересектік статусын танытады. 
Ересек балалар некеге түсуі немесе үйленбеуі (тұрмысқа шықпауы) мүмкін. 
Отбасының өмірлік циклінің бұл кезеңінің ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың 
бала тәрбиелеу қызметін тоқтатуы және олардың кәсіби, әлеуметтік 
белсенділікті сақтауы болып табылады.
Бұл кезеңде икемді отбасы жүйесі қалыптасады, отбасылық жүйенің 
диада ретінде құрылуы байқалады; «ересек-ересек» типі бойынша ата-аналар 
мен балалар арасында қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасады; отбасылық 
жүйеге жаңа мүшелер (ұлдың әйелі немесе қыздың күйеуі, немерелер) қосылады; 
жаңа отбасылық рөлдер қабылданады – әже және ата рөлі; аға буынға қамқорлық 
жасау, ата-аналардың дәрменсіздігін қабылдау, күтім жасау.
Отбасының өмірлік циклінің бұл кезеңі тәрбиелік қызметті атқарудың 
аяқталуымен, ересек балалардың бөлінуімен және отбасылық жүйенің жаңаша 
қайта құрылу қажеттігімен ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылар үшін қарым-
қатынасты өмірлік циклдің алғашқы кезеңіндегідей диада негізінде құру міндеті 


31 
туындайды. Өткен кезеңдерде ата-аналық негіздегі қатынастардың басымдығы 
есейген ересек балалардың бөлінуі кезінде өмірдің мәнін жоғалту тәрізді 
сезімнің туындауына, отбасының құнсыздануына және ерлі-зайыптылық 
қатынастың салқындауына (ортақ мақсат – балаларды тәрбиелеу тоқтайды) жиі 
әкеліп соғады. Осы кезеңде ата-аналардың ересек балаларының отбасынанбилік 
етуді және көшбасшы болуды талап етуі немесежаңа құрылған отбасына 
өктемдік көрсетіп, бала тәрбиелеу т.б. рөлді иемденіп, «орны толмас» мүше 
болуға тырысып бағу. Мысалы, мұндай мінез-құлық балаларының отбасында 
авторитарлы-директивті стильді жүзеге асыратын әжелердебайқалады, әдетте 
ондай әжелер отбасының бұзылуына (деструкциясына) және ажырасуына 
себепші болып келеді. 
Жоғарыда аталған отбасының көрінісіне қарама-қарсы мысал – 
отбасылық жүйенің үйлесімділігін қамтамасыз ететін ерлі-зайыптылық қатынас 
– серіктестердің бір-бірін жаңаша көзқараста, төзімділіктің, сабырлықтың 
арқасында қалыптасқан өмірлік тәжірибе негізінде «тануы» болып табылады.Бұл 
жағдайда ерлі-зайыптылар бір-бірін жаңадан танығандай болып, ерлі-
зайыптылық қатынастарды жұбайының жаңа тұлғалық қасиеттері негізінде 
орнатады. Кейде ерлі-зайыптылар бір-біріне таңдана қарап, тіпті бейтаныс 
адаммен өмір сүріп жатқандай сезінеді, мұндай отбасының болашақ тағдыры 
ерлі-зайыптылардың жаңа қатынас құруды қалауына және сондай қатынасқа 
дайындығына байланысты болып келеді. Отбасында немерелердің дүниеге келуі 
тәрбиелік қызметтерді атқару үшін жаңаша рөлдік мүмкіндіктер береді, ерлі-
зайыптылар ата-әже рөліне ауысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет