Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Кішкентай балалары бар отбасы



Pdf көрінісі
бет12/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Кішкентай балалары бар отбасы
(жеткіншек жасқа дейін). Балаларды 
тәрбиелеу қызметінің жүзеге асуының басталуы, отбасылық жүйенің ортаға жаңа 
мүшелердің қосылуымен кеңеюі. Бұл кезеңде: ерлі-зайыптылық және ата-ана-
балалық жүйелердің қалыптасуымен отбасының құрылымыдық-қызметтік 
құрылымы өзгереді; ана мен әкенің ата-аналық ұстанымы қалыптасады
отбасылық жүйеге балаларды қосуға бейімделу жүреді; тәрбие стратегиялары, 
тактикалары мен әдістері қалыптасады, олар жүзеге асырылады; ата мен әже 
рөлдерімен қоса кең отбасымен жаңа қатынастар орнатылады. 
Бірқатар авторлар (А.Н. Волкова, Т.М. Трапезникова, Н.Л. Васильева) 
отбасының өмірлік циклінің аталмыш кезеңін нәрестелік баласы бар отбасына, 


28 
мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасына, мектеп жасындағы балалары бар 
отбасына бөледі. Былайша бөлудің негізі бар, себебі балалар жасы тәрбиелеудің 
нақты міндеттерін және бала-ата-ана қатынастарының түрлерін, сонымен қатар 
ерлі-зайыптының әрқайсысының өзінің бұрынғы рөлдерін кәсіби және 
әлеуметтік саладағы іс-әрекеттерде де сақтау мүмкіндіктерін анықтайды.
Баланың өмірге келуі отбасылық жүйеде үлкен дағдарысты тудырады, 
осының салдарынан отбасы әртүрлі стрессорларға дәрменсіз әрі тұрақсыз болып 
келеді. К. Витакер отбасылық өмірдің барлық қиындықтары отбасы бала күту, 
жүктілік, нәрестені бағып-қағу мәселесін бастан өткергенде екінші орынға 
қойылады деп тұжырымдаған.С. Минухин бойынша баланың туылуы отбасына 
өзгерістер әкеледі. Отбасында бөлінген бұрынғы рөлдер мен міндеттерді қайта 
қарау қажеттілігі туындайды. Әдетте, әйел ата-аналық және отбасылық рөлдерге 
басымдық беріп, бұрынғы өмір салтынан және кәсіби қызметтегі белсенділіктен 
бас тартады. Ер адам керісінше, барлық жауапкершілікті мойнына 
алатындықтан, жұмыста анағұрлым белсенді бола түседі.
Баланың туылуы бұрынғы отбасылық жүйені қайта құру қажеттілігін 
тудырады. Ерлі-зайыпты арасындағы қатынастар екі жоспарда жүзеге асады: 1) 
жеке ерлі-зайыптылық қатынаста – ер мен әйел арасында және 2) ата-аналық 
қатынаста – бала тәрбиелеуші әке мен ана арасында. Қатынастардың аталған екі 
жоспарын үйлестіру айрықша күрделі міндет болып табылады. Әсіресе, әйелдің 
өзінің кәсіби қызметіне қашан және қалай оралатындығыжәне бала тәрбиелеу 
қызметтерін қайта бөлу мәселесі аса маңызды болады. Мысалы, нәрестені 
тәрбиелеу кезінде күйеуі отбасын асырау үшін материалдық қамтасамыз етудің 
қайнар көзі болып, «асыраушы» қызметін атқарады. Ал мектепке дейінгі жастағы 
балаларды тәрбиелеуде, яғни әйелдің белсенді өндірістік қызметке оралу сәтінен 
бастап, ерлі-зайыпты арасында үйде атқарылатын міндеттер мен бала тәрбиелеу 
жауапкершілігі қайта қаралады.Ерлі-зайыптының екі маңызды саланы – 
отбасылық және кәсіби саланы үйлесімді атқаруы – отбасының дамуындағы 
аталмыш кезеңнің басты мәселесі болып табылады.
Бала-ата-аналық жүйелердің қалыптасуы отбасы өмірін түбегейлі өзгертіп, 
күрделендіреді.
Отбасының өмірлік циклінің бұл кезеңінде ерлі-зайыптылардың ата-
аналық қызметті атқаруға көшуі аса маңызды болып табылады. Ата-аналық 
ұстанымның қалыптасуы – барлық жағынан алғанда өзгерісті, ата-аналар үшін 
дағдарыстық үрдіс, бұл үрдіс отбасындағы бала тағдырын, бала-ата-аналық 
қатынастар мен ата-ананың жеке басының дамуын анықтайды. Ата-аналық және 
тәрбиелік рөл ерлі-зайыптылық рөлден айтарлықтай өзгешеленеді, себебі ерлі-
зайыпты одақ құруда екі серніктес те ерлі-зайыпты қатынастарды тоқтатып, 
некені бұза алады, ал ата-ананың «өмір бойына» атқаратын тұлғалық рөлін 
мүмкін 
емес. 
Тіпті 
ата-аналар 
бала 
тәрбиелеу 
құқығы 
мен 
жауапкершіліктенқашып, оны перзентхана немесе балалар үйіне тастап, баладан 
«бас тартқан» күнде де ана/әке адамгершілік таңдауы үшін жауапкершілік алып, 
баланың биологиялық ата-анасы болып қалады.


29 
Отбасылық жүйедегі тағы бір маңызды қатынастардың бірі – балалар 
өмірге келгеннен кейін пайда болады, ол – нуклеарлы отбасының ата-әжемен 
қатынастары, бұл кең отбасы негізінде қатынастардың жаңа рөлдік кеңістігін 
анықтайды. Аталған рөлдік кеңістікте баланың ата-әжелері және ерлі-
зайыптылар – ата-аналары арасында жас және рөлдік статусты ұғыну негізінде 
қайта құрылу үрдісі жүреді. Аға буын ата және әже сынды жаңа отбасылық рөлді 
қабылдап, меңгереді. Онда келесі қызметтер маңызды болып табылады: 
немерелерді тәрбиелеу; ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін отбасы 
тарихын және дәстүрін сақтау; отбасылық жанжалда және дауласуда төреші 
қызметін атқару; проблемалық жағдаятта және дағдарыстарды шешуде көмек 
көрсету. Кең отбасы негізінде бұрынғы қатынастарды қайта құру міндеті өзекті 
болып табылады. Бұл кезеңде кеңейген отбасының бірлігін арттыру, аға буын 
мен кіші буын арасында эмоциялық қатынастарды оңтайландыру және 
ынтымақтастықты дамыту ықтималдығы шұғыл артады.
Сонымен, баланың туылуы отбасы өмірінде маңызды өзгерістерді 
тудырып, ерлі-зайыптының әрқайсысының тұлғалық дамуына мүмкіндік 
жасайды: 
-
ана мен әке рөлдерін қабылдау негізінде ерлі-зайыптылардың иденттілігі 
дамиды; 
-
отбасындағы қызметтерде қайта бөлумен және жаңа ата-аналық рөлдердің 
пайда болуымен қатар отбасының рөлдік құрылымы өзгереді; 
-
отбасынан тыс – кәсіби салада, достық қатынастарда рөлдік қатынастар 
өзгереді; 
-
аға буынның ата және әже рөлдерін қабылдауы негізінде кеңейген отбасы 
жүйелері өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет