Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі19,29 Kb.
#195945
  1   2
Байланысты:
қазақ отбасын әке ролі
Қазақстан мәдениеті — Уикипедия, Сұрақтар (1) (3), Гаухар Онгарбаевна, Крассворд

Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды


Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Алайда, әке болу бар да, әке бола білу тағы бар. Өкініштісі бала тәрбиесіне келгенде көп жағдайда отанасына ысыра салатын әкелер жетерлік. Осындай олқылықтың алдын қалай алуға болады? Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің орны қандай? Елімізде декреттегі әкелер саны көбейген. Оған не себеп? Осы сауалдар төңірегінде айтыскер ақын, Аманжол Әлтаев және психолог маман, Балабек Кеніштайұлынан сұрап көрген едік.
­­Отбасындағы бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін айқындауда ата- ананың рөлі ерекше. Себебі, бала тәрбиесі тек қана әкеге немесе анасына байланысты емес. Ал, кешегі қазақ пен бүгінгі қазақтың бала тәрбиелеу мәселесінде өзгешеліктер бар. Мысалы біздің әке-шешеміздің кезінде бала санасында әсіресе ер баланың санасында әкені тұлға ретінде қалыптастыруда ананың рөлі ерекше еді. Анамыз әкеміздің қабағына қарап өсуге бейімдеп бізді тәрбиелеген болатын. Мысалы: «Әкең жұмыстан келеді», «әкеңмен ақылдас», «әкеңнен сұран», деген секілді қарапайым ғана тәрбиені біздің санамызға аналарымыз құйып отыратын еді. Ал, қазіргі кезді салыстырып қарасақ, әрине айырмашылығы көп. Қазіргі таңда, әкенің рөлі сәл төмендеп қалғандай көрінеді. Баланың әкеге иек артуынан гөрі, шешесіне иек артуы басым болып кетті. Меніңше, ұл рухты, намысты болып ер жетуі үшін, мейлінше әкесінің тәрбиесін көп көру қажет. Сонда бала әкенің бүкіл тұлғалық болмысына, өмірлік ұстанған принциптеріне қарап, бой түзейді.
Туыстық жүйенің ең басты негізгі бел ортасы – отбасы. Қазақ отбасы үш ұрпақтан тұрады. Ол: ата, әке және бала. Әке әулеттің басшысы. Отбасы мүшелерінің тірегі. «Мен өзімнің балаларыма әке ретінде әкемнен көрген тәлім-тәрбиені жеткізуге тырысамын»,- дейді айтыскер ақын.
Әкелеріміз бізге кезінде қандай ақыл, өнеге айтты, сол тәрибені біз өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек деп есептеймін. Әке тек қана ақылымен, сөзімен ғана емес, баласына жүріс тұрысымен, мінез- құлқымен тәрбие беруге тырысу керек. Ауыздың ұшымен, ақыл айтумен шектелу жеткіліксіз. Мен енді өзімнің отбасымда балаларым мен әке болып ақыл беріп, керек кезінде олардың досы секілді сырласып ой бөлісуге тырысамын. Әке болып балаға жөн көрсету деген аса маңызды және жауапты міндет деп есептеймін. Сондықтан бүгінгі қоғамда отбасындағы әкенің рөлі төмендеп бара жатқандығы ақиқат. Ол үшін, тек қана әкелер ғана емес, отбасының ұйытқысы аналар да жауапты. Баланың санасында әкесін тұлға ретінде қалыптастыруда ананың рөлі басым екені белгілі. Сондықтан әкенің тәлім тәрбиесін, ақылын алып өскен ұл қашанда мінезді, намысты болып ер жетеді деп ойлаймын. Отбасындағы кез-келген бала әкесінің тәлім- тәрбиесін, ақыл-кеңесін алып өссе екен деп тілеймін.
Отбасы құндылығын бәрінен биік қоятын халқымыз бала тәрбиесін әке мен анаға ортақ іс деп санайды. Дегенмен әйел үйдің, еркек түздің адамы. Бала тәрбиесімен тек анасы ғана айналысу керек дейтін түсінік тағы бар. Әйтсе де, бала күтіміне байланысты декреттік демалыста анасы ғана емес, әкесі де рәсімдей алатынын бірі білсе бірі білмейді. Еңбек кодексының 100 бабына сәйкес, Қазақстан азаматы немесе азаматшысы жұмыс орнынан бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шыға алады. Иә, баланың үйде кімнің бағып қағатыны, сәбидің күтіміне байланысты декреттік демалысты кімге рәсімдейтінін және экономикалық тұрғыдан тиімді тұстарын ескере отырып, отбасы мүшелері өздері шешеді. Алайда, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана берілетінін ұмытпау керек. Ескеретін жәйт, біріншіден, баланың жасы үшке толмай тұрып қызметкер кез келген уақытта жұмысқа шыға алады. Екіншіден, егер бала күтіміне байланысты декреттік демалысын үш жылға рәсімдеп, кейін аяқ асты қызметке кірісу керек болса, оған да мүмкіндік бар. Тек бір ай бұрын жұмыс берушіге ескертіп, арыз жазса болғаны. Есіңізде болсын, азаматтар бір уақытта декреттік демалыс алумен қатар, жұмысын істеп, жалақы алуына болмайды. Бұл заңға қайшы.
Кейде ер-азаматтың қазан-ошақтың айналасында, бала тәрбиесімен айналысуы қазақи қалыпқа сыймайтындай көрінеді. Бірақ мамандар ер адамдарда бала туғаннан кейінгі күйзеліс, депрессия болмайтындықтан, олар кез келген жағдайға төзімді келетінін айтады. Бұл жайында психолог, Балабек мырза былай деп жауап берді.
– Қазақ қоғамына жат болған құбылыс қазір қалыпты жағдай. Әкелер де бала күтіміне байланысты демалысқа шығып, жәрдемақыны рәсімдей алады. Кейінгі жылдары декреттік демалысқа шығушы әкелердің қатары айтарлықтай артып, соңғы бес жылда бала күтімімен үйде отырған әкелер саны елу мыңға жеткен. Қазіргі уақытта балалардың басым көпшілігі қыз мінезді болып, бойынан жігерлілік, батылдық, кесіп айтатын еркекке тән мінездің көрінбей қалып жатқаны жасырын емес. Сол себепті әкелер бала күтіміне шыққан кезде бос үйде отырмай, баланың оқуына, әртүрлі баратын үйірмелерге баулу керек. Ата-аналар еңбек демалысын толық ұтымды пайдалана білсе, балалардың тұлға болып дамып жетілуіне үлкен көмек болар еді. Расымен ананың тәрбиесі еш нәрсемен алмастыруға келмейтін алтын қазына. Бірақ түздегі жұмысын ысырып қойып, үйдегі баласына анасындай тәрбие бере алса неге бала күтімі үшін демалысқа шықпасқа?! Әрине, таңдау еркі сізде.
Атын атамауды сұраған елордалық тұрғынның екі бірдей ұлы бар. Келіншегі банк саласында аудармашы болып қызмет атқарады. Өзі жұмыссыз болғандықтан, бала күтімімен үйде отыр.
Ай сайын мемлекеттен жәрдемақы төленеді. Бұдан бөлек бала туғанға байланысты тағайындалатын төлемақы тағы бар. Әйелімнің жалақысы жақсы. Ол күндіз жұмыста болады, кешкісін баланың қасында қалады. Мен керісінше кешкі уақытта такси жүргізуші болып жұмыс істеп келемін. Балалармен отырғаныма үш жылдай уақыт болды. Бұған да үйреніп қалдық.
Күн сәулесінің табиғаттағы маңыздылығы қаншалықты жоғары болса, отбасындағы тәрбие баланың дұрыс қалыптасуына соншалықты маңызды екені бәрімізге ақиқат. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен жүрегі жұмсақ аналар тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болады,- дейді балалар психологы, Балабек Кеніштайұлы.
Шындығына келсек, бала өмірінің бірінші жылында-ақ анасын әкесінен, ал әкесін өзге ер адамдардан ажырата біледі. Баланың әкесімен анасына деген қарым қатынасы екі түрлі болады. Баланың кішкентай кезінен әкесі жанында жиі болса, тәрбиесі мен қамқорлығына көп мән берсе, екеуінің арасында тығыз психологиялық байланыс орнайды. Ал, бұл сәбидің болашақ дұрыс мінез қалыптастыруына алғашқы қадам болып саналады,- дейді психолог. 
Баланың тұлға болып қалыптасуына төрт фактор әсер етеді. Ата-анасы, мектеп, қоршаған ортасы және қоғам. Бүгінгі бала, ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі.
«Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген дана халықымыз. Бұл сөздегі «қарау» деген сөздің мағынасы бала көргенін жасайды . Яғни көз тәрбиесі деген сөз. Әкенің сөзімен ұл тәрбиеленеді, ананың сөзімен қыз тәрбиеленеді деп тұрған жоқ. Демек, ата-анасы іс- әрекетіне қарап ұл мен қызын тәрбиелейді. Сондықтан да балаға ата-ана үлгі бола білу керек,- дейді Балабек Кеніштайұлы.
Әр отбасында ата-ана өз міндетін дұрыс атқарса, баланы дұрыс жолға саламын деп қиналмасада болады. Себебі бала дұрыс өмір сүруді мына сізбен бізден үйренеді. Баланың тәрбиелі болып өсуіне рухани отбасының тигізетін әсері мол. Психолог, Балабек Кеніштайұлы ата-аналарға төмендегі кеңестерді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет