Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі



бет2/2
Дата08.12.2023
өлшемі19,29 Kb.
#195945
1   2
Байланысты:
қазақ отбасын әке ролі
Қазақстан мәдениеті — Уикипедия, Сұрақтар (1) (3), Гаухар Онгарбаевна, Крассворд
Ата- аналарға бала тәрбиесіне қажетті 10 кеңес
1. Қуаныш, ашу, ауырсыну, нәзіктік, реніш бұл эмоциялардың барлығы қарым-қатынаста басты рөл атқарады. Ал бала үшін отбасы мен қоршаған орта арасында байланыс орнату маңызды. Қазіргі таңда ата-аналар тарапынан балаларға жылулық жетіспейтіндей көрінеді.
2. Әр баланың өзіндік сипаты мен ішкі түйсігі болады. Оны кітаптарда жазылған қатып қалған қағида бойынша үйретуге тырыспау керек. Әр адамның жеке көзқарасы мен мінезі болады. Сондықтан балаға еркіндік беріп үйреніңіз. Оны шынайы әлемнен жасырмаңыз.
3. Кез келген жерде әдепсіз баланы кездестірсеңіз, оның ата-анасы қандай тәрбие берген деп іштей ойланасыз. Ал, тәрбиелі баланы жолықтырсаңыз, бұл баланың ата-анасы кім екен? Қандай жақсы бала деп тамсанамыз. Дегенмен идеалды адам жоқ. Сондықтан балаңызға дұрыс бағыт- бағдар берсеңіз, сіздің де балаңыз ел қызығатындай тұлға болып қалыптасатыны анық.
4. Баланың жас ерекшелігін ескеріңіз. Мысалы үш жасар бала төрт жастағы баладан ерекшеленеді. Ал үш жасар бала мен он жасар баланың айырмашылығы аспан мен жер тәрізді. Балаңыз қанша жаста болса да оған сеніп, өзінің ойлануына мүмкіндік беріңіз.
5. Ата-аналар балаларының алдында керемет көрінгісі келеді. Баланың ақылды және мейірімді болып өсуі үшін, оған үлгі көрсетуіміз керек екенін бәріміз білеміз. Десек те көпшілігіміз моральдық нұсқаулар тек бір жағдайда жұмыс істейтінін ұмытып кетеміз. Яғни, сіз оларды өзіңіз орындап ұстанған кезде ғана нәтиже береді.
6. Біз баламызға құрсақта жатқан кезден бастап жоспар жасай бастаймыз. Олар өсіп, бізден де көп жетістіктерге жетсе екен деп армандаймыз. Бірақ бір қызығы, сіз армандаған мінсіз сәби болмауы мүмкін. Сондықтан баланың бойында сізге ұнамайтын нәрсені өзгертуге тырыспаңыз. Оны сіздің арманыңыздағыдай болуға мәжбүрлемеңіз. Бала кім болғысы келсе, сол адамға айналуға көмектесіңіз.
7. Балаңыздың балалық шағы қаншалықты бақытты болса, соншалықты бақытты болып өседі. Бұл ғалымдар дәлелдеген императив. Баланы балалық шақтан айыруға болмайды. Қазіргі мектептегі бала: сабақ, музыка, мектеп, спорт, шет тілдерін оқудан соң бос уақыты қалмайды. Сондай-ақ үй шаруасына көмектескенін де қалаймыз. Дегенмен, баланы балалық шақтан айырмау керек. Күнделікті жасайтын жұмысынан бөлек, демалуға да уақыт қалдыру керек.
8. Әрбір ата-ана баласының басқалардан жақсы болғанын қалайды. Ол жақсы оқып, спортта да үздік нәтиже көрсетсе деп армандайды. Бала бәріне үлгеріп, алда болуым керек деп санайды. Сөйтіп, бала өмірді шексіз бәсекелестік ретінде көреді. Бірақ біздің өміріміз тек күрестен тұрмайды. Өмірдің қазіргі сәтін сезіне білу керек. Балаңызға кез келген жағдайда жеңіске жету маңызды еместігін сіңіруге тырысыңыз.
9. Көпшілік ата-ана мінсіз болуға тырысады. Біздің балаларымыз біз өмір сүргеннен әлдеқайда жақсы жағдайда өмір сүреді. Біз баланың барлық қыңырлығына көнеміз. Жаңа ойыншық алғысы келсе сөзге келмей алып береміз. Міне осыдан кейін бала қоршаған ортасындағылар да бар айтқанын жасайды деп ойлайды. Екіншіден келесі жолы қалаған затын әпермесеңіз балаңыздың көңілі қалады немесе ашуланады. Сөйтіп бала өзімшіл болып өседі. Сол себепті балаға тәрбие бергенде мұқият болу керек.
10. Біздің әрекеттеріміз өз сөзімізге қайшы келіп жатады. Балалар әрқашан ата-анасының уәдесін есте сақтайды және олардың орындалуын күтеді. Бірақ ана мен әке бұл мәселені әрқашан соңына дейін жеткізе бермейді, кейде олар балаға уәде еткенін ұмытып кетіп жатады. Бұл отбасына деген сенімді әлсіретеді, қарым-қатынасты бұзады. Әсіресе, бала үшін маңызды нәрсе ұмытылып кетсе, есінде қалады.
Түйін
Баланы сеніммен тәрбиелеу зор нәтиже береді. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдық пен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады. Жүрегіне өшпенділік тудырады. Бетінен қақпа бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да міндеттің де ең үлкені ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет