30
(үлкен) буын орта буынның көшбасшылық рөліне мойынсынады; орта өмірдегі
дағдарысты жеңуге баса назар аударылады, тұлғалық даму және өзіндік жандану,
кәсіби және мансап мәселелері шешіледі.
Отбасының өмірлік циклінің бұл кезеңі аса жоғары мазасыздығымен
ерекшеленеді. Ерлі-зайыптылар қатынастарында
махаббат сезімі жоғалады,
түңілу, серіктесті «бағаламау» және некеге қанағаттанбау сезімі байқалады. Осы
кезеңде жиі кездесетін ерлі-зайыптылық опасыздықерлі-зайыптылардың өмірлік
жолдарын қайта қарауға тырысуын және басқа серіктесті іздеу арқылы өзін-өзі
жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін табуын аңғартады, мұнымен жаңа өмірлік
мақсаттар және тұлғалық өсудің жаңа мүмкіндіктері, эмоциялық жақын
байланыстар орнату, бұрынғы қателіктер жүгінен,
кінәлілік сезімінен және
күйініш, шерден арылу байланысып жатыр. Десек те басқа серіктес іздеу
бұрынғы өміріне түңілуді, өткен өмірін жағымсыз етіп бағалауды және «өмірін
таза парақтан бастауды» білдірмейді. Орта жастағы дағдарысты осылайша шешу
– тұлғалық жетілмеумен және жас дағдарысын бұрынғы отбасылық жүйені
жұмылдыру негізінде конструктивті шеше білмеумен байланысты. Әрине, бұл
дағдарыстың отбасылық жүйенің әбден мерзімі
жеткен қайшылықтарын
шиеленістіре түсетіні сөзсіз, осының салдарынан отбасы ыдырап, ерлі-
зайыптылық қатынастар тоқтайды. Дегенмен де
бала-ата-аналық қатынастар
сақталып, ажырасқан отбасы бұрынғыша бала тәрбиелеу қызметін атқара
бермек.
Ересектік статус алған
Достарыңызбен бөлісу: