Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

аса күшті 
және
 созылмалы
деп екіге бөледі.
Аса күшті стрессорларға жатады:ерлі-зайыптының біреуінің, ата-ананың 
біреуінің немесе баланың қайтыс болуы;ерлі-зайыптының біреуінің көзге шөп 
салуы; отбасының дамуының әлеуметтік жағдаятында күрт өзгеріс (әлеуметтік 
статустың өзгеруі, отбасының материалдық жағдайының өзгеруі); отбасы 
мүшелерінің біреуінің ауыр созылмалы аурумен сырқаттануы. 


34 
Ұзаққа созылатын стрессорлар «тамшы тас теседі» принципі тәрізді әсер 
етеді және қолайсыз тұрмыстық және материалдық жағдайлар; жоғары 
эмоциялық күйзеліс және кәсіби іс-әрекетте айтарлықтай созылмалы 
жүктемелер; тұрмыстық жүктемелер; тұлғааралық коммуникацияның бұзылуы 
және 
ерлі-зайыптылық, 
сонымен 
қатар 
бала-ата-аналыққатынастарда 
жанжалдың ұзаққа созылуы сияқты факторлардан тұрады.
Сонымен қатар отбасылық өмір стереотипінің өзгеруі және 
қиындықтардың еселене түсуі («соңғы тамшы» эффектісі) де айтарлықтай күшті 
стрессогенділігімен ерекшеленеді.
Отбасының стрессогенді факторларға қарсы тұра алуынан оның 
ұйымшылдығы, бірлігі, стресске қарсы әрекет жасайтын ішкі және сыртқы 
ресурстары көрінеді. Кездейсоқ дағдарыстық оқиғаның пайда болуы отбасы 
жүйесінің үйлесімділігің бұзылуына әкеледі әрі жаңа жағдайға бейімделуді талап 
етеді. Дж. Сандлер бойынша мұндай бейімделудің психологиялық механизмі 
отбасының бұрынғы мінсіз бейнесіне қол жеткізуден бас тартып, оны шындыққа 
жанасатын жаңа идеалға ауыстыруы. Отбасының индивидуация үрдісі отбасын 
қалыпты дамыту, кедергілерге төтеп беру арқылы болашаққа ұмтылдыру шарты 
ретінде әрекет етеді.
Отбасы дамуының өмірлік циклінің жас кезеңдерін бөлу өлшемі басты 
оқиғалар болып табылады, олар – 
отбасылық сюжетті
құрайтын отбасы 
мүшелерінің өзара әрекеттесу кезеңдерінен тұрады. Аталған әрбір оқиға өзінің 
мақсатымен, түрімен және жанжалымен ерекшеленеді. Отбасылық сюжеттің 
келесі кезеңдері бөлінеді: 1) балалық шақ және қалыптасу кезеңі; 2) ата-ана 
отбасынан ересек балалардың бөлініп, кетуі; 3) серіктес таңдау, оның көңілін 
табу; 4) жаңа ерлі-зайыпты жұп құру; 5) ата-ана болу және «әке» және балалар» 
қатынастарының дамуы; 6) ақырғы кезең, ата-ананың өмірден озуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет