71
психологиялық көмек көрсетудің міндеті жаңа өмір салтын құрудан,
уайымға
салыну реакцияларын жеңдіріп, жоғалғанның орнын толтыруға мүмкіндік
беретін жаңа тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудан тұрады. Ерлі-
зайыптылық қатынастарды қалыпқа келтіру жағдайында кеңес беру міндеттері
келесідей: қызғану реакциясын жою және жеңу, «кешіру моралін» қалыптастыру
[Волкова, 1989]; өз мінез-құлқын және аффективті
әсерленулерін бақылау
ептілігін қалыптастыру; көзге шөп салу себептері
мен өз қателіктерін талдау;
серіктеспен жаңа қатынас орнату. Психологиялық жұмыстың конструктивті емес
тәсілі ерлі-зайыптылық көзге шөп салу фактісі мен серіктестің өзініңқұнын
төмендету стратегиясы болып табылады. маңызы бар іс-әрекетке көңіл аударту
– жұмысқа, оқуға, балаларды тәрбиелеуге, хобби, қызығушылықтарға – бұл іс-
әрекет түрлері уақытша көңіл сергітуге көмектескенмен проблеманы «ұмытуға»
және аффективті әсерленулердің қарқынын сейілтуге көмектеседі.
Ерлі-зайыптылық көзге шөп салуға психологиялық кеңес берудіңА.Н.
Волкова ұсынған үлгісі:
1.
Көзге шөп салу бейнесін қалыптастыру:
-
ерлі-зайыптылық көзге шөп салудың себептері туралы түсініктерді
басшылыққа
ала отырып, қарсыластың психологиялық мінездемесін
жасау;
-
қызғану реакциясының «қалыптылығын» анықтау;
-
қызғанушының мінез-құлық белсенділігінің деңгейін және қызғаныштағы
басым
реакцияларды анықтау, оларды анағұрлым конструктивті сипатқа
өзгерту;
-
реакциялардың
қарқындылығын, олардың өмірге және көзге шөп салуға
ықпалын анықтау.
2.
Ерлі-зайыптылық көзге шөп салуға
қатысушылардың тұлғалық
ерекшеліктерін зерттеу.
3.
Клиенттің қызғанышын жеңу мәселесі бойынша жұмыстарды
оңтайландыру және ерлі-зайыптылық қатынастарды мүмкін
болса қайта
қалыпқа келтіру мақсатында психологиялық ықпал ету әдістерін таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: