65
Аса өзекті мәселе кеңес беру тиімділігін бағалау болып табылады,
сондықтан оны бағалау өлшемдері мен оған сәйкес процедураларды айқындау
қажет.Отбасына кеңес беру тиімділігін бағалаудың мазмұнды өлшемі отбасы
мәселелерін шешудің табыстылығы болып табылады. Отбасы психотерапиясы
тиімділігін (В.Н. Мясищев) бағалау параметрлерін кеңес беру тиімділігінің
көрсеткіштері ретінде санауға болады: 1) симптоматикалық жақсарту дәрежесі;
2) клиенттің отбасы қиындықтарының туындауының психологиялық
механизмдерін түсіну дәрежесі; отбасылық қатынастарды қайта ұйымдастыру
дәрежесі; отбасы қызметінің тиімділігін қалыпқа келтіру және арттыру. Кеңес
беру тиімділігінің бағасын анықтайтын басты нәтиже – клиенттің алдағы
уақытта туындаған проблемаларды өз бетінше шешу қабілетінің жоғарылауы.
Тиімділік отбасының әртүрлі деңгейде қызмет ету тұрғысынан да бағаланады.
Біріншіден, отбасы төзімділігін арттырудың ұзақ мерзімді әсері деңгейінде,
оның стрессогенді факторларға тұрақтылығының артуымен, өмірлік циклдегі
нормативті дағдарыстарды шешу табыстылығымен бағаланады. Екіншіден,
отбасы қиындықтары мен проблемаларын шешу деңгейімен бағаланады.
Үшіншіден, біртұтас отбасының рөлдік құрылымын, қарым-қатынасын,
ынтымақтығын
және
қажеттіліктерін
толықтай
қанағаттандыруды
оңтайландыру
деңгейімен,
отбасы
ұйымшылдығының
және
некеге
қанағаттанушылықтың артуымен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: