69
Диагностикалық кезең
. Клиент мәселесін нақтылау. Оны диагноз
стереокоптылығы принципіне сәйкес зерттеу, отбасының рөлдік құрылымын
және оның ішкі, әлеуметтік ресурстарын анықтау. Ерлі-зайыптылармен танысу
сәтінен бастап отбасының даму тарихын реконструкциялау. Проблемалық
жағдаяттарды, типтік отбасылық сценарийді талдау, отбасылық мифтерді
анықтау және талқылау. Проблема мазмұны мен себептері туралы жұмысшы
болжамды тұжырымдау. Шығарылған болжамды тексеру мақсатында қажетті
диагностикалық тексеруді жүргізу.
Психологиялық қорытынды жасау кезеңі.
Психологиялық диагноз мен
болжамды тұжырымдау. Диагностикалық қорытынды отбасының объективті
статусын сипаттап, отбасының объективті мәселесіне жасалған шағымына сай
қорытынды жасауы қажет және ол негіздемелермен тұжырымдалып, отбасының
одан әрі қызмет етуіне жағымды баға беруі керек. Отбасы мәселесін жеңу
бойынша ұсыныстардың жалпы жоспарын жасау. Кеңес беруші психологиялық
қорытындыны клиентпен кездеспейтін уақытта дайындауы тиіс. Кеңес беруші
проблеманы талдау және түсіндіру нәтижесін, сонымен қатар келесі кезеңді
жүргізуге арналған негіздемені ұсынуы қажет. Бірқатар жағдайларда
психологиялық қорытындыны дайындау проблеманы бірлесе талдау және оны
шешімдерін іздестіру кезеңдерімен қабысып жатады.
Проблеманың туындау себептерін бірлесе талдау және оны шешу
жолдарын анықтау кезеңі
. Проблеманы талдауға бағытталып, отбасы
қызметінің«күшті», «ресурсты» және «әлсіз» аспектілерін бөлу. Тиімсіз қызмет
ету себептерін анықтау. Психологиялық диагноздың негізгі қағидаларын
талқылау. Шартты-вариантты болжауды бірлесе жасау. Мәселенің шешілу
мүмкіндігін қарастыру, шешімдердің әрқайсысының «жақсы» және «кемшілік»
жақтарын жан-жақты бағалау. Шешім қабылдау, оны жүзеге асыру жоспарын
құру. Отбасы мүшелері арасында жауапкершілік пен қызметтерді бөлу.
Қабылданған шешімді өмірде жүзеге асыруға «үй тапсырмалары» жүйесін
жасау.
Қорытындыкезеңі
. Қорытындылау. Қабылданған шешімнің іске
асырылуын бақылау және бағалау. Кеңес берушімен бірлескен жұмысты аяқтау,
одан әрі орнатылатын байланыс түрі мен серзімін талқылау. Отбасында
туындайтын қиындықтар мен проблемалардың алдын алу бойынша
профилактикалық және превентивті шаралар жоспарын бірлесе құру.
Аталған психологиялық кеңес беру кезеңдері бірізділікпен жүзеге аса
бермеуі де мүмкін, уақыты немесе жалғасу қисындылығы жағынан бұзылуы
ықтимал, кейде алдағы кезеңдерге өтпес бұрын өткен кезеңге қайта оралатын
жағдайлар да болады. Кезеңдердің ұсынылған бірізділігі кеңес беру жұмысы мен
процедураларының бір түрінен келесі түріне өту заңдылығын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: