70
күтілімдер туралы түсініктерді анықтап алу және оларды талқылау. Отбасында
қызметтерді бөлу, басқару, балаларды дүниеге әкелуді жоспарлау, контрацепция
және түсік жасату,
сексуалды қатынастар, ерлі-зайыптылық көзге шөп салу,
қаржылық және отбасылық бюджет мәселелері ашық әрі шын тақылануы қажет.
Бюджетті бөлу сипаты бойынша тапсырма түрлерін лайықты қолданып, рөлдік
ойын және проективті түрде (мысалы, «20 жылдан кейінгі біздің отбасымыз»
суреті) т.б. шығармашылық тапсырмалар элементтерін қолдана отырып,
отбасының өмірлік жағдайларына қажетті перспективті жоспар құру керек.
Отбасын құруды қалайтын жұппен жұмыс
жасаудың тағы бір бағыты
некеге түсуге психологиялық дайындыққа, экономикалық және қаржылық
дербестілік талаптарына
сәйкестік деңгейіне, ата-ана отбасынан эмоциялық
автономияға, жауапкершілік алуға тұлғалық кемелдік деңгейін бағалауға
диагностика жүргізу болып табылады.
Эмпатияны,
коммуникативті құзыреттілікті, жанжалдық жағдаятты
«отбасылық кеңес» әдісімен шешу ептілігін дамытуға бағытталған бағдарлама
жасаудың профилактикалық маңызы зор.
Бала күтіп жүрген отбасына психологиялық көмек –
басты мақсатты
жүзеге асыру қажеттілігімен – ана мен әкенің ата-аналық позициясын және
баланың дүниеге келуіне байланысты отбасылық жүйені
қайта құруға
дайындығын қалыптастырумен анықталады. Оның негізгі міндеттері:
-
ата-аналық
жауапкершілікпен
қоса
құндылық-мағыналық
және
мотивациялық деңгейде ата-аналық позицияны қалыптастыру;
-
баланың ішкі құрсақта дамуы, жүктілік ағымы мен туу, олардың бала мен
ана үшін психологиялық маңыздылығы туралы когнитивті хабардарлық
деңгейін арттыру;
-
нәрестелік және ерте сәбилік жастағы балаларды дамыту және тәрбиелеу
мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық құзыреттілік деңгейін
жоғарылату;
-
функционалды және психикалық күйлерді өзіндік басқаруды, туу кезіндегі
мінез-құлық, балаға күтім
жасау дағдыларын қалыптастыру;
-
ерлі-зайыптылық қатынастарды оңтайландыру, отбасының өмірлік стилін
жоспарлауға көмектесу, бала өмірге келгеннен кейінгі міндеттерді бөлу;
-
жүктілік кезінде баламен ашық эмоциялық қарым-қатынас дағдыларын
дамыту, бала бейнесін қалыптастыруға көмектесу [Ланцбург, 2000;
Захарова и др., 2002]. Ата-ана позициясын қалыптастыру бойынша арнайы
жұмыстар ата-ана мектептерінде жүргізіледі,
олардың міндеті ата-
аналардың әке болуға және ана болуға дайындыққа диагностика және
коррекция жұмыстарын жүргізу, отбасындағы деструктивті үрдістердің
алдын алу және ата-аналық құзыреттілікті дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: