Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Отбасына кеңес берудің негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет28/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Отбасына кеңес берудің негізгі принциптері 
Клиенттің өтініш білдіру еріктілігі принципі 
отбасына кеңес берудің 
маңызды этикалық принципі. Ешбір адам психологиялық диагностикаға 
мәжбүрлікпен келмейді немесе ерікті келісімсіз психологиялық ықпалға 
түспейді. Психологиялық тексеру немесе ықпал ету сот ұйғарымы бойынша ғана 
жүзеге асырылады. Сонымен қатар, психологиялық сараптама қамқорлыққа алу 
және ажырасу кезінде тәрбиелік қызметті атқару тәртібін анықтау мәселелері 
бойынша жүргізіледі.
Құпиялылық принципі
кеңеске өтініш білдірген клиентке тұлғалық және 
әлеуметтік қауіпсіздікті, сонымен қатар кеңес беру барысында алынған барлық 
мәліметтерді құпияда сақтауды кепілдік етеді. Құпиялылық принципі алынған 
ақпараттарды сақтаудың арнайы процедураларымен, клиент өтінішінің 
құпиялығымен, кәсіби этикалық кодекспен қамтамасыз етіледі, егер клиент 
өміріне қауіп төнген жағдайда ол бұзылуы мүмкін. 
Клиенттің жауапкершілігі принципі
– клиенттің қандайда бір проблема 
шешімін тұлғалық таңдау құқығын және қабылдаған шешімді жүзеге асыруға, 
оның салдары мен тәуекелдігіне өзі жауапты болатындығын білдіреді.Аталған 
принцип медальінің екінші жағы клиенттің өзін-өзі дамытуға, өз отбасының 
қатынастарын, әрекеттерін және олардың себептерін, өзінің жеке басының 
«күшті» және «әлсіз» жақтарынрефлексиялауға дайындығы болып табылады. 
Кеңес берушінің кәсіби құзыреттілігі мен жауапкершілігі принципі.
Отбасына кеңес беру психологтың практикалық қызметінің аса жауапты түрі 


66 
болып табылады. отбасының амандығы және оның болашағының кемел болуы 
кеңес берушінің кәсіби құзыреттілігіне байланысты. Осыған байланысты, кеңес 
берушінің кәсіби дайындығы мен біліктілігіне қойылатын талаптар отбасын 
дамыту мәселелерін шешудегі құзыреттіліктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуі 
тиіс.
Диагноздың стереоскоптылығы принципі 
отбасының психологиялық 
ерекшеліктерін оның барлық мүшелері тұрғысынан, отбасылық үрдіске 
қатысушылардың барлығының «көзімен» зерттеу талабын анықтайды. 
Отбасылық қатынастар және ерлі-зайыптының, ата-ананың және балалардың 
отбасылық өзара әрекетінің бейнесі бағдарлаушы қызмет атқарады, отбасылық 
өзара әрекеттесуге түсетін әрбір мүшенің бағыттылығы мен белсенділігін 
анықтайды. Диагноздың стереокоптылығы дегеніміз отбасының көлемді 
бейнесін (картинасын) құру болып табылады.
Отбасы тарихын қайта ұйымдастыру (реконструкция) принципі отбасы 
генезисін қайта жасауды және отбасылық қатынастар тарихын дамытуды талап 
етеді. Әдетте, отбасы тарихын реконструкциялау отбасына кеңес беруде себептік 
байланыстарға тәуелдікті орнатуға бағытталады. Отбасы тарихын қайта жасауға 
мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл оның «өмір жолдарын», отбасының маңызды 
оқиғаларын,яғни болашақ жарымен танысқан уақыттан бастап, хронологиялық 
байланыстық пен сабақтастықта құру болып табылады. Осы орайда отбасындағы 
маңызды оқиғаларды анықтап қоймай, оларды отбасының әрбір мүшесінің қалай 
қабылдап, әсерленгенін білудің де маңызы зор. аталған принципті жүзеге асыру 
– серіктестердің рефлексивтілігінің дамуын арттырып, проблемалық жағдаятты 
бірлесе талдауға, интерпретациялауға және шешім қабылдауға мүмкіндік 
жасайды.
Бірлескен шешім жасау принципі
клиенттің жеке жауапкершілігі мен кеңес 
берушінің кәсіби құзыреттілігі мен жауапкершілігі принципінің қисынды 
жалғасы болып саналады. Клиентке шешімдер мен ұсыныстарды дайын күйде 
беруге болмайды – бұл психологиялық кеңес берудің негізгі постулаты. Дайын 
ұсыныстардан бас тарту қажеттігінің себептеріне тоқталсақ, олар келесідей: 
-
кеңес беруші мен клиент әртүрлі тілде сөйлеседі – «ғылыми психология» 
тілінде және «тұрмыстық» психология тілінде. Осыған сәйкес, негізгі 
түсініктер түрліше қабылданып, оның мән-мағынасы үйлеспеуі мүмкін. 
Дайын ұсыныстарды клиент дұрыс түсінбеуі, онымен қоса оларды дұрыс 
орындамауы мүмкін; 
-
ұсынылған ұсыныстарды клиент өз түсінігі бойынша және отбасындағы 
жағдайлар мен проблемаларға байланысты қабылдамауы мүмкін. 
Қарсыласу, ығыстыру, ақпараттарды қабылдау таңдамалылығы және сол 
ақпараттарды алдын ала болжау сияқты қорғану механизмдерінің 
жандануы кеңес беруші ұсынған ұсыныстарға қатысты клиенттің 
жағымсыз пікірін тудыруға себепші болуы мүмкін; 
-
дайын ұсыныстар клиентті шешім қабылдау қажеттігінен босатып, кеңес 
берушіге жауапкершілік жүктейді. Клиенттің өзімен жұмыс жасауға 


67 
психологиялық дайындық деңгейі төмендейді, онымен қоса кеңес беру 
үрдісінде клиенттің тұлғалық өсу мүмкіншіліктерін шектейді; 
-
дайын шешім мен жоспар және оны жүзеге асыру белгілі бір дәрежеде 
кеңес беруші мен клиенттің қатынастарын «жоғарыдан» қатынасу тәрізді 
жайғастырып, кеңес берушіге тәуелдікті қалыптастырады. Сондықтан, 
дайын ұсыныстар мен шешімдер әлдеқайда нақты әрі дәлелді болғанмен 
де көп жағдайда нәтижелі бола бермейді. Дайын шешімдерді 
психологиялық және физикалық қауіпсіздікке, денсаулыққа қауіп 
төнгенде, жедел шешім қабылдау қажет болғанда ұсынуға болады
-
кең әлеуметтік ортаны тарту принципі
туындаған мәселелерді шешу 
кезінде отбасына көмектесу үшін әлеуметтік, тұлғааралық және отбасы 
ішілік ресурстарға сүйенуді көздейді;
-
отбасымен жұмыс жасауда кешенділік принципі. 
Отбасы мәселелерінің 
отбасы төңірегіндегі психологиялық мәселелермен ғана тұйықталып 
қоймайтындығы белгілі. Осыған байланысты отбасы психологиясы және 
отбасына кеңес беру бойынша мамандар жас ерекшелік және балалар 
психологтарымен, әлеуметтік қызметкерлермен, педагогтармен және 
тәрбиешілермен, 
дәрігерлермен, 
отбасы 
психотерапевтерімен, 
заңгерлермен, сексологтармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
 
-
диагностика және коррекция бірлігі принципі
кез келгендиагностикалық 
процедураның түзету мәні бар, ол тұлға мен отбасы үшін белгілі бір әсері 
бар психологиялық ықпал түрі болып табылады. Ұсынылған 
тапсырмаларды орындау, проективті тапсырма немесе сұрақтамаларды 
толтыру немесе диагностикалық сұхбат болсын клиенттің отбасы 
мәселелерін,оларды тудырушы себептерді ұғыну деңгейінің артуына 
әкеледі. Түзетуші ықпал және оның әсері өз кезегінде отбасы өмірінде 
туындаған қиындықтар себептері туралы болжамды тексеру үшін қажетті 
диагностикалық ақпарат береді;
 
-
кеңес беру үрдісінде позицияны құрылымдау принципі. 
Кеңес беруші мен 
клиенттің жайғасуы байланыс орнатудың басында жүзеге асады және 
проблеманы талдау және оның шешімін іздеу бойынша бірлескен іс-
әрекетті ұйымдастыру қызметін атқарады. Позицияны құрылымдау 
клиенттің 
мотивациялық 
бағыттылығымен, 
оның 
тұлғалық 
ерекшеліктерімен және кеңес берушінің жүзеге асырған кеңес берудің 
теориялық моделімен, соның ішінде кеңес берушінің директивтілік 
шарасымен анықталады. Позицияларды байланыстырудың келесі 
нұсқаларын бөдуге болады: «тең қатынас», «кеңес берушінің жоғары 
деңгейдегі қатынаста болуы» және «клиенттің жоғары деңгейдегі 
қатынаста болуы».
-
клиенттің өтініш білдіру мәтінін анықтау принципі. 
Шағым мәтінін 
анықтау кезінде клиенттің мотивациялық бағыттылығы сипатына және 
оның кеңес берушіге деген қатынасына көңіл бөлу керек. Клиенттің 
бағдарлануының үш түрін бөледі: қызметтік (адекватты немесе адекватты 
емес – кеңес берушінің күші мен мүмкіншіліктерін асыра айту), ренттік 


68 
(кеңес берушіден пайда алуға бағытталған), ойын (кеңес берушіні және 
оның құзыреттілігін сынауға бағытталған) [Семья в психологической 
консультации, 1989]. 
Клиент 
мотивациясының 
басымдылығына 
байланысты шағым мәтіндерінде кездесетін әртүрлі бағдар (ниет) туралы 
айтуға болады. Олардың ішінде жиі кездесетіндері: 1) ауыртпалықты кеңес 
берушіге артуға және «дайын рецепт» алуға тырысатын «тұтынушылық» 
бағдары; 2) клиенттің өз мінез-құлқының дұрыстығын растайтын 
эмоциялық қолдау және кері байланыс алу мотивінен көрінетін 
мазасыздық-сенімсіз бағдары; 3) кеңес беру жағдаяты клиент үшін 
тұлғалық өсу ресурсы ретінде қолданылғанда көрінетін өзін-өзі дамыту 
бағдары; клиент қауіпсіздік, қамқорлық қажеттіліктерін қанағаттандыру 
мотивтерін жүзеге асырғанда көрінетін тәуелділік бағдары.
Өтініш білдіру мәтінін анықтау – кеңес беру стратегиялары мен 
тактикасын сауатты құрудың қажетті шарты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет