82
Қайта құру кезеңі.
Бұл кезең отбасы мүшелерінің қақтығысқа дейінгі
үйлесімді, түсіністік қарым-қатынастарын, мінез-құлықтарын қалыпқа келтіруге
көмектесу, өзара сыйластықтың денсаулыққа,
әлеуметтік саулыққа маңызын
ашып көрсетіп, жақын адамдардың бір-біріне деген жылы, сыйластықтарын
ояту.
Қолдау көрсету кезеңі
. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты
рөлдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді
және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас
дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету
жұмыстарында
шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын әдістер:
1.
Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2.
Тыңдай білу қабілеті;
3.
Сұрақтар қоя білу шеберлігін меңгерту;
4.
Қешірімді, қайырымды болу;
5.
Кооперация -ерлі-зайыптылардың бір-біріне көмек, бірін-бірі қолдау,
қарым-қатынас және мінез-құлықты ізгілендіру.
6.
Ролдерде ойнау.
7.
«Жанды скульптура» жасау.
8.
Видеотүсіруді талдау.
Достарыңызбен бөлісу: