90
Арттерапия
Баламен көптеген мәселелер бойынша суреттер салып, оны талдау жасауға
мүмкіндік беретін тағы бір жан-жақты әдіс болып табылады. Олардың бірнеше
сәттеріне тоқталуға болады.
- Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі
тақырыптарды айқындау тәсілдерінің өзгерісіне ерекше көңіл бөлген маңызды.
Өзгеріс бірден ауқымды болмайды. Мұндай өзгеріс салынған кейіпкерлердің
көлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің қара түстерден ашық түстерге
өзгеруі, кейіпкер көлемінің ұлғаюы – басым позитивтіліктің қалыптасуын
білдіретін маңызды көрсеткіштер болып табылады.
- Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып
табылады.
Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте
саған не ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса-
оны қалай реттеуге болады? Оған қалай көмектесуге болады? Одан жақсы болу
үшін не істеуге болады? Оны жақсарту үшін не істеу керек?
- Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл
суреттер». Балаға бірнеше шаршыларға бөлінген парақ беріледі, онда баламен
бірлесе отрып оны мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін
сызбалы суреттер қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды).
Берілген оқиғада жағымды және жағымыз бейнелер баланың ішкі жан дүниесін
танып білуге мүмкіндік береді. Әрі қарай қандай психологиялдық көмек
ұйымдастырудың жолдарын табуда маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: