96
«Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы
Топ қатысушылары отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы
оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен)
басқалардың арасынан рольге адамдар таңдайды да, идеалды отбасы өмірінен
үзінді ойнайды. Қалған қатысушылар –көрермендер. Көрініс біткеннен кейін,
көрермендер көргені жайлы өз пікірлерімен бөліседі. Содан соң көріністі басқа
адамдар ұйымдастырады да, қалғандары көрермен болады. Бұл отбасына шын
мәнінде не қажет, қатынастар, мәселелер, отбасының дамуы жайлы талқылау
жүргізуге мүмкіндік береді.
«Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы
Жаттығу қатысушылардың бір-біріне вербалды емес формада
бағытталуын қажет етеді, бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады.
Біріншіден,
жұптарға бөлініп, бір- біріне арқасымен орналасып, дене
босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет; екі жаққа да
ыңғайлы болу үшін қысымды түсіру қажет. Содан соң жұптарға үшінші
қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады). Жаттығу оңай бола
салмайды, біреулерге ыңғайлы болады, ал келесілерге
қысымды сезінумен
байланысты болуы да мүмкін.
«Нәресте» жаттығуы
Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді. Үш қатысушыны таңдайды.
Оның екеуі – әкесі мен анасы, ал үшіншісі – нәресте. Ол әлі сөйлей алмайды,
тек төсекте жатыр. Ол тек ым-шара және дыбыстар арқылы ғана жауап береді.
Ата-аналар нәрестеге жақындап, онымен ойнайды, тамақтандырады, жаялығын
ауыстырады, оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады. Бес минуттан соң
қатысушылар рольдерімен ауысады. Ойынның барысында жетекші отбасының
өмірінде болатын қандай да бір жағдайды ойластыруы мүмкін, мысалы,
телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты
алуға болады. Жаттығу аяқталған соң, әр «отбасы мүшелері» өз пікірлерімен
бөліседі. Не ойлағаны жайлы, қосалқы жағдай қалай әсер етті. Содан соң
қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.
«
Дүкен» жаттығуы
Қатысушылар «отбасылық жұптарға» бөлінеді. Барлық жұптар бір
қатарға отырып, дүкеннен зат сатып алады.
Оның сатушысы ролін жетекші
ойнайды. Ойын шарты бойынша барлығы дүкенге суға түсетін киімдерімен
келеді. Бір нәрсе сатып алу үшін консультант жасырған сөзді табу қажет.
Консультант суретті алып (мысалы, балалар лотосының карточкасы), бірінші
жұпқа келіп сұрақ қояды: «Бұл қандай жеміс (көкөніс, жануар, жихаз) ? Әр жұп
97
кезекпен атап өтеді. Жауабын тапқан жұптар кез келген затты сатып алуға
мүмкіндік алады. Әдетте қатысушылар алдымен киім- кешек, кейіннен пәтер,
жиһаз, көлік алады.
«Ерлі-зайыптылар» қаншалықты затты сатып аларда кеңесті?
Серіктесінің
пікірлерімне
санасты
ма?Олардың
қызығушылықтары
қаншалықты сәйкес келеді? Қатысушылар олардың жұптарының қаншалықты
байланысты екндігін талқылайды.
Әдетте жаттығу өте қызықты өтеді; сол себепті де бұл жаттығуды топ
бірлігін арттыру мақсатында да қолдануға болады.
«Отбасылық оқиға» жаттығуы
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасына жайғасады.
Олар отбасындағы рольдерін анықтап алады да, жетекші оларға қандай да бір
отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады, мысалы:
«Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын
сындырып алды», оларға пікірталас жүргізуді ұсынады. Жетекші
көрермендерге алдын- ала «отбасы» қаншалықты
мәселені бірлесе отырып
шешетінін бақылауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты «отбасы
мүшесінің» мінез- құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалға, ұтыс
жағдайында отбасы мүшелері неге ақша кетіруді қалайды:оқуға, саяхатқа, бір
нәрсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді
қаншалықты ұсына алады.
Талқылаудан кейін, бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға
отырады да, басқа тақырыпты талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады. Мысалы, анасының
әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы бар, ол ауырып қалды,
бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды
ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады.
Мысалы, анасы ауылға кеткісі келеді, өз шаруашылығымен айналысқысы
келеді, әкесі мұны қаламайды, өйткені оның қалада жақсы жұмысы бар, үлкен
ұлының да барғысы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші үлы барғысы
келеді, жазда шомылуға болады, қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім
қабылдауға
көп ықпал еткен кімболды, «ата- аналар» қаншалықты
«балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,
келісімге келе алды ма, сол сияқты мәселелерге көңіл бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: