Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


Тәрбие сағатының тақырыбы: "Отбасы – тәрбие бастауы"



Pdf көрінісі
бет48/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Отбасы – тәрбие бастауы" 
Тәрбие сағатының мақсаты
: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе 
жатқан халқымыздың отбасы тәрбиесі туралы мұраларын санамызда жаңғырту.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер! Сіздердің 
назарларыңызға «Отбасы-тәрбие бастауы» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние 
жүзінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дегенмен, кейінгі 
жиырмашақты жылдың ішінде осы мәселе біздің Қазақстан мемлекеті үшін 
үлкен драмаға айналып отыр десек қателеспейміз. Осыншама аз уақыттың ішінде 
қалай ғана мыңжылдық тамыры бар рухани-адамгершілік құндылықтарға 
негізделген отбасылық тәрбиемізді таптап басып, батыстың бұтағына ілініп кете 
бардық.
Осыған байланысты Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев «Жастарға отбасында 
өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың 
мұра етіп кеткен рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» 
бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан. Өйткені жас ұрпақ –ел болашағы. Ол 
елінің шырағы, асқақ арманын апаратын күші. 
Жүргізуші: Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері 
сан ғасырларды аралап бізге жеткен – тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Солар арқылы 
әрбір жас ұрпақ өзінің таным-түсініктерін әлемдік санамен ұштастырып, 
алдыңғы ұрпақ жетпеген арманға, шығатын биікке жетуімізді армандаған 
бабаларымыз.
Осы қағиданы мықты ұстанған халық баланың тәрбиесін отбасынан 
бастаған. Оны «Тәрбие – тал бесіктен» деген қанатты сөзі арқылы бізге 
жеткізген. 
Тілін, 
тарихын, 
мәдениетін, 
салт-дәстүрлерін, 
бабалар 
мұрасын,аналар тілегін орындаған адам бақытты өмір мұхитына сапар шегетінін 
олар жақсы білген. Егер, бабаларымыздың ұрпағына қалдырған тәрбие үлгілерін 


105 
тек кешегі, күні өткен десек қатты қателесеміз. Қателесіп отырған жетесіз 
жастарымызды бүгінгі қоғамда көріп жүрміз. Осыған байланысты 
Елбасымыздың көтеріп отырған «Мәңгілік ел» идеясының басты мақсаты осы 
ата-баба мұрасынан сусындаған ҚАЗАҚ елінің тәрбиелі азаматтарын 
қалыптастыру.
Жүргізуші: Қазақ халқының отбасы тәрбиесі туралы орыс жазушысы, 
этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне: «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап 
жоқ айнала қараңғылық, бірақ жастары өте ғажайып, мәдениетті тәрбиеленген» 
-деп жазған. М.О.Әуезов : «Бала ата-ананың тағылымымен – өседі» десе, Ұлы 
Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, дүниедегі жақсы мен жаманды 
тани отырып, білгені,көргені көп білімді адам болып қалыптасады. Естілердің 
айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» – деген 19-шы қара 
сөзінде.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына 
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы, әрi 
парызы". " Ата-анасын, ата-әжелерін қартайған шақта қамқорлыққа алып, күту – 
балалары мен немерелерiнің парызы» -делінген.
Жүргізуші: Әрине бұл тақырып өте кең мағыналы үлкен мәселе. Оның 
бәрін бүгін айтып тауыса алмаймыз. Сондықтан да казір сөзімізге мына 
аудиторияда отырған студенттерді де тартайық, олардың да көзқарасын білейік. 
Қазір біз қазақ халқының отбасы тәрбиесі туралы мақал-мәтелдерінің мәнін 
калай түсінетініміз туралы пікір алмасайық. Сіздерден өз ойларыңызды қысқа 
нұсқа айтуларыңызды сұраймыз:
1. Шешесін көріп – қызын ал, Ыдысын көріп – асын іш.
2. Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны. 
3. Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз алмас. 
4. Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрыны жоқ болсын. 
5. Ата-анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын. 
7. Атаның құны, ананың сүті. 
8. Күтсең ата-анаңды, Кешірер Аллам қатеңді. 
9. Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы. 
Қатысушы 1: – Айтып жіберші «Үйде кім, елде кім қадірлі?». 
Қатысушы 2: Үйде Ата-ана, елде бастық қадірлі. 
Қатысушы 1: «Сөзіңнің жаны бар, дегенмен, «үйде қонақ, қарт, бала қадірлі» 
деген екен бабаларымыз. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі 
біледі, ал бала – үйдің патшасы, қарт үйдің –панасы» – екенін жиі ұмытып 
кетеміз.
Қатысушы 1: Жақсы олай болса айта қойшы: «Елді кім, үйді кім бүлдіреді?». 
Қатысушы 2: «елді өсекші бүлдіреді, үйді бала бүлдіреді». 
Қатысушы 1:«Иә, сөзіңнің жаны бар, дегенмен, Бухар жырау бабамыз: «Елді 
ақылсыз басшы, ал үйді ақылсыз әйел бүлдіреді. Ақылсыз баланы 
тәрбиелейтінақылсыз әйел емеспе» деген екен.
Қатысушы 1: «Үйдегі алтын қазық кім?». 
Қатысушы 2: «Үйдегі алтын қазық – бала!»


106 
Қатысушы 1: – «Әрине бала деген тәтті ғой, бірақ үйдегі алтын қазық – АНА. 
Ана – ақылды болса, бала дана, әке – асқар тау болады.Әйел адам өзінің 
ақылымен ұл мен қызға үлгі, әкеге – тірек. Ақылды Анадан тәрбие алған ұл мен 
қыз – ақылмен өмір сүреді, ата-анаға мейрімді болады».
Қатысушы 1: «Өмір сүру үшін не қажет?. 
Қатысушы 2: «Өмір сүру үшін ақша, мал, нан қажет», – деп ойлаймын. 
Қатысушы 1: «Иә, ақша шіркін үлкен құндылыққа айналып отыр ғой. Дегенмен, 
өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің көзі, от өмірдің сәні, 
тұз астың дәмі, қыз бен ақыл өмірдің мәні. Қыз болмаса, өмір жалғаспас еді, 
ақылсыз істеген іс еш мән-мағына бермес еді. Сондықтан да халқымыз қыз 
баланы қадірлеп, мәпелеген, жақсы тәрбие беру арқылы бүкіл елді тәрбиелеген. 
Мінеки, көріп отырғанымыздай жер бетіндегі тіршілік мына үш китке тіреліп 
тұрғандай: отбасындағы ананың ақылды тәрбиесіне, әкенің қамқорлығына, 
баланың мейрімділігіне».
Жүргізуші: Әрбір отбасында ата-анамен қатар ата-әжелеріміз бар. Біз 
оларды әрқашанда құрметтеуіміз керек. Егер ол адамдар болмаса біздің әкеміз 
де, анамызда, біздің өзімізде болмас едік. Үйдегі үлкен қарияларды сыйлау
қадірлеу, қартайған шағын қуанышты ету ол әр адамның парызы. Қарияларға 
жасаған қамқорлығың, ертең қартайғанда өзіңе жасаған жақсылығың. Қазақта 
қария үйдің панасы, сәні, ырыс-берекесі дейді. Ата-әженің батасымен бастаған 
іс әрқашанда сәтті болады.
Атам-кітап, мен – дәптер, 
Ақылына құмармын
Қызығам да көшірем. 
Еш дүкенде сатылмас, 
Тегін кітап атамыз. 
Қанша оқысаң сарқымас, 
Өмір кітап-атамыз.
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Ақыл кеңес береді,
Қажет болса бәріне.
Аппақ күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.
«Айналайын жан балам»
Деген сөзі шипалы. 
"Отбасы -тәрбие бастауы" атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Көңіл 
қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
Бүгінгі әңгімеміз сіздерге бір ой салды деп үміттенеміз. 
Келесі кездескенше аман сау болыңыздар. 


107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет