Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


 «ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНАНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет49/70
Дата03.06.2022
өлшемі1,35 Mb.
#145881
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70
Байланысты:
Каирова Б.К. Отбасылық өмір психологиясы

10. «ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНАНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН 
ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР 
1. Неке және отбасы туралы түсініктерге
әлеуметтік-психологиялық сауалнама
(Авторы: Кабакова М.П.) 
Сауалнаманың мақсаты: отбасын құрған ерлі-зайыптылардың неке, отбасы 
қатынасы жайлы көзқарастарын анықтау. 
 
Әлеуметтік-психологиялық сауалнаманы құрған Кабақова М.П. Сауалнама 
47 сұрақтан тұрады. Сауалнаманың негізгі міндеттері: 1) ерлі-зайыптылардың 
отбасы неке жайлы көзқарастарын анықтау, отбасы, неке құндылық ретінде 
саналады ма, неке алдында болашақ жары туралы ойлары ақталды ма, жалпы 
отбасылық, некелік қатынастар туралы түсініктерін анықтау; 2) отбасылық, ерлі-
зайыптылық қатынастар және ата-анасының отбасылық қатынастары өзбасын 
құруға және отбасылық жағдаяттарды шешуде қандай роль атқаратынын 
анықтау; 3) ата-анасының отбасылық қатынастары құндылық, әлеуметтік 
ұстаным ретінде қалыптасқан ба және оны өз отбасында жалғастыра ма, әлде 
отбасылы туралы өз ой-пікірлеріне сүйенеді ме т.б. қарастырылады. Қосымша 1. 
 
Сауалнаманың нақтылығы мен дәйектілігі 1997-1998 жылары сараптаудан 
өтіп, стандартты әдістеме ретінде қабылданған. Бірнеше дипломдық, 
кандидаттық диссертацияларда қолданылып, дәйектілігін дәлелдеді. 
 
Нұсқау: «Қымбатты дос! Берілген сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз. 
Сіздің берген шын жауаптарыңыз қазіргі жастар қызығулары мен 
қажеттіліктерін түсінуге көмектеседі. Сіздің пікіріңіз, көзқарастарыңыз бен 
түсініктеріңіз біз үшін аса маңызды. Аты-жөніңізді көрсету міндетті емес. 
Сұрақтарға көп ойланбай, тезірек жауап беруге тырысыңыз. Біз үшін ешбір 
сұрақтың жауапсыз қалмағаны маңызды. Алдын ала алғысымызды білдіреміз!». 
1. 
Сіздің жынысыңыз? 
а) еркек 
б) әйел 
2. 
Сіздің жасыңыз ? 
/толық жасыңызды жазыңыз/ ___________________ 
3. 
Сіздің ұлтыңыз ?
/ жазуыңызды өтінеміз/ ___________________________ 
4. 
Өз өміріңіздің құндылықтарын жазуыңызды өтінеміз / бесеуден кем 
болмасын/ жоғарыдан төменгі тәртіпте (едәуір маңыздыдан төменірек тәртіпте) 
1) 
2) 
3) 
4) 
5)
5. 
Отбасыңыздың құрамын көрсетуіңізді өтінеміз (әке, ана, әже, ата, аға, 
апа және басқалар) ____________________________________ 


108 
6. 
Ағаларыңыз және апаларыңыз қанша? /туған/ ? 
а) менде аға да, апа да жоқ. 
б) жалғызбын 
в) екеу 
г) үшеу 
д) үшеуден артық 
7. 
Өзіңіздің туған ағаларыңыз бен апаларыңыздың ішінде Сіз: 
а) ең үлкені. 
б) ортаңғы. 
в) ең кішісі. 
г) мен жалғызбын. 
8. 
Сіздің қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достығыңыз бар ма? (яғни 
досыңыз немесе құрбыңыз бар ма?)? 
а) иә. 
б) жоқ 
9. 
Некеге дейінгі таныстық пен көңілін табу (ухаживание) кезеңінің 
ұзақтығы қанша болу керек деп санайсыз? 
/ айлармен көрсетіңіз/ __________________________ 
10. Сіздің пікіріңізше, некеге түсу үшін қай жас оңтайлы (лайықты) 
/бозбалалар және бойжеткендер үшін жеке көрсетуіңізді өтінеміз/ 
а) бойжеткендер –
б) бозбалалар - 
11. Сіз үшін некеге қандай мотивпен түсу артығырақ? /жауаптар 
нұсқасынан біреуін таңдаңыз/ 
а) материалды пайдалылық. 
б) махаббат. 
в) достық, құрмет. 
г) психологиялық есеп. 
12. сіздің ойыңызша, отбасында кім басшы болу керек /көрсетіңіз / 
а) еркек 
б) әйел 
в) ерке пен әйел бірге 
г) ата-аналардың біреуі 
д) отбасына басшы қажет емес.
е) жалақысы көп адам. 
13. Сіздің ойыңызша, отбасында ақша кімнің қолында болу /көрсетіңіз/ 
а) еркек 
б) әйел 
в) еркек пен әйел бірге 
14. Болашақта 
балаңыздың 
нешеу 
болғанын 
қалайсыз? 
/жазыңыз/_______________________________ 
15. Сіздің пікіріңізше, бала қай жаста болу керек? /көрсетіңіз/ 
а) ана жасы - 


109 
б) әке жасы – 
16. Сіздің ойыңызша, еркек нені, әйел нені орындау керек, жазыңы 
(әрқайсысына жеке жазыңыз) 
еркек 
______________________________________________________________ 
әйел 
______________________________________________________________ 
17. Сіздің ойыңызша, міндеттерді еркектікі немесе әйелдікі деп болу, 
міндетті ме? 
а) бөлісу дәстүрлі болу керек: (жыныстары бойынша) еркек және әйел 
міндеттері болу керек.
б) бөлісу қазіргідей, яғни ерлі-зайыптылардың мүмкіншіліктері мен 
қабілеттеріне байланысты болу керек.
в) жауапқа өз нұсқаңызды жазыңыз. 
_________________________________________________________________ 
18. Сіздің ойыңызша, отбасында үй ішіндегі міндеттер бөлінуі керек пе? 
а) егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істесе (немесе оқыса), онда үй 
ішіндегі міндеттер тең бөлінуі керек.
б) үй жұмыстары ерлі-зайыптылар арасында жұмыстағы (оқудағы) 
жүктемеге байланысты бөлінуі қажет. 
в) әйел әйелдің ісімен айналысуы керек (тамақ дайындау, кір жуу, 
жинастыру т.б.), ал еркек еркектің ісімен шұғылдануы (тұрмыстық аспаптарды, 
жиһаздарды жөндеу т.б.) қажет.
г) үй ішіндегі жұмыстарды негізінде әйел жұмыс істегеніне не 
істемегеніне қарамастан орындауы керек. 
д) еркек ақша тауып, әйел үй шаруашылығымен, балалармен айналысуы 
керек. 
е) үйдегі міндеттерді ата-аналар орындау қажет.
19. Төмендег берілген үй ішіндегі міндеттерді әрқайсысына бөліңіздер: 
әйел нені, еркек нені орындауы керек, сонымен қатар нені бірігіп орындау қажет:
Міндеттер
әйел 
еркек 
бірігу 
а) азық-түлік алу 
б) тамақ дайындау 
в) үй жинау және ыдыс жуу 
г) күнделікті үй жинастыру 
д) генералды үй жинастыру 
е) үйдегі ұсақ жөндеулер 
ж) кір жуу және үтіктеу 
з) балаға қарау, олармен айналысу 
и) азық-түлікті мол дайындау


110 
к) коммуналды қызметтерді төлеу 
л) шаруашылық және тұрмыстық 
тауарларды сатып алу. 
м) жиһаз сатып алу. 
н) қонақтарды күту. 
о) тағы да басқалар (киім-кешек, аяқ 
киімдерді тазалау) 
п) тағы да керектерін жазыңыз 
20. Болашақ жарыңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? 
Біріншіден, (бесеуден кем қасиет жазбаңыз) - 
_______________________________________________________________
Өзге ұлт өкілдерімен некеге түсу мүмкіндігін қабыл алар ма едіңіз?
а) иә 
б жоқ 
в) ол жайында ойланған жоқпын 
д) жауаптың нұсқасын өз ойыңызша жазыңыз 
_____________________________________________ 
22. Некеге түскен соң, Сіздің ойыңызша қалай тұрған жақсырақ? Ата-
налармен бе, әлде олардан жеке тұрған ба?
а) бірге тұрған жақсырақ. 
б) олардан жеке тұрған жақсырақ. 
23. Өзіңіздің тойыңыздың қалай өткенін қалар едіңіз?
а) ұлттық ережелерді қатаң сақтау
б) қазіргіше. 
в) қазіргіше, бірақ дәстүрдің кейбір элементтерін ескере отырып.
г) өз жауабыңыздың нұсқасын жазыңыз 
_____________________________________________ 
24. Өз тойыңыздың осылай болуын шештіңіз (немесе осылай болғанын 
қалайсыз)? 
а) өзімнің қалауым бойынша. 
б) ата-аналарым осылай болғанын қалайды. 
в) қазіргі мода осындай. 
г) ата, әжем солай болғанын қалады. 
д) осылай бәрі жасайды 
е) жауабыңыздың нұсқасын жазыңыз 
_____________________________________________ 
25. Сізді кім тәрбиеледі (тәрбиеленудесіз)? 
а) әке-шешем 
б) әкем мен өгей анам немесе шешем мен өгей әкем. 
в) анам 
г) әкем 
д) әжем, атам немесе екеуі де. 


111 
е) өзге туысқандарым 
ж) асырап алған ата-аналарым 
з) балалар үйі және интернаты тәрбиешілері 
и) тағы басқалар /жазыңыз/ 
26. Ата-аналарыңыздың білімі? 
а) әкемде /жазыңыз/- ______________________________________ 
б) анамда /жазыңыз/- _____________________________________ 
в) басқасы /жазыңыз/- _____________________________________ 
27. Ата-аналарыңыз арасында міндеттер қалай бөлінді? 
а) шаруашылық істер мен балаға қарау тең бөлінді.
б) әкеме қарағанда анам көбіне үй шаруасы мен бала күтумен айналысты.
в) әкем тек жұмыспен, ал анам үй шаруасымен айналысып, балаға 
қарады.
г) мен әкесіз (немесе шешесіз) тәрбиелендім. 
28. Сіздің ата-аналарыңыздың некесі Сіздер үшін ерлі-зайыптылық өмірде 
үлгі-өнеге болып санала ма? 
а) иә 
б) жоқ 
в) жартылай 
29.Отбасылық өмірде Сіз ата-аналарыңыздың қайсысын үлгі тұтасыз? 
а) ата-анамның екеуі де мен үшін үлгі-өнеге. 
б) анам ғана үлгі. 
в) әкем ғана үлгі. 
г) ешқайсысы да үлгі емес. 
30. Туған туысқандарыңыздың ішінде кіммен рухани, эмоционалды, 
психологиялық жақынсыз? 
а) анаммен 
б) әкеммен 
в) әжеммен 
д) ағаммен (апаммен) 
е) тағы кіммен /жазыңыз/ _______________________________________ 
31.Сіздің пікіріңізше, сіздің ата-аналарыңыздың некесі қандай?
а) сәтсіз 
б) сәтсіздеу 
в) сәттірек 
г) сәтті 
32. Ата-аналарыңыздың некесін 10 ұпайлық шкаламен (0-ден 10-ға дейін) 
бағалаңыз: 0 – абсолютті сәтсіз неке, 10 – абсолют сәтті неке 
/ұпайларды шкаламен белгілеңіз/ 
0 10 
33. Ата-аналарыңыздың арасында өткір әрі ұзақ жанжалдасу болды ма?
а) ешқашан 
б) өте сирек 


112 
в) өте жиі 
г) үнемі 
34. Қалай ойлайсыз, ата-аналарыңызда ажырасу жайында ой болды ма?
а) ешқашан 
б) өте сирек 
в) өте жиі 
г) үнемі 
д) олар ажырасқан 
35.Болашақта өз отбасыңызда ажырасуға мүмкіндік бересіз бе?
а) иә 
б) жоқ 
в) ойланған емеспін 
36. Ата-аналарыңыздың сізге деген қатынасына қанағаттанасыз ба?
а) толықтай, иә. 
б) қанағаттанбаймын. 
в) жартылай қанағаттанамын.
37.Ата-аналарыңызбен күніне қанша уақыт қарым-қатынас жасайсыз?
/уақытын, минутын жазыңыз/___________________________ 
38.Өмір бойы бір адамның махаббатына сенесіз бе?
а) иә 
б) жоқ 
в) мұндай кинода ғана болады.
39.Сіздің ойыңызша, махаббат деген не? /жазуыңызды өтінеміз/
__________________________________________________________ 
40.Некеге дейін интимді қатынасқа мүмкіншілік бересіз бе?
а) иә 
б) жоқ 
в) кейде, тығыз сезімдік байланыс болса.
41. Сізде сексуалды қатынас тәжірибесі бар ма?
а) иә 
б) жоқ 
42. Қай жасыңызда алғаш сексуалды қатынасқа түстіңіз?
/толық жасыңызды жазуыңызды сұраймыз /
_________________________ 
43. Қалай ойлайсыз, отбасылық өмірде (негізінен) ең бағалы не?
а) балалар 
б) жарым 
в) қарым-қатынас 
г) өзара түсіністік 
д) құрмет 
е) тағы да не /жазыңыз/ ________________________________________ 
44. Күйеуіңізбен не әйеліңізбен ұрысып, жанжалдасып қалғанда оны 
қалай шешуді қалайсыз? 


113 
а) дербес (екеуміз) 
б) достар көмегімен 
в) ата-ана көмегімен 
г) психолог көмегімен. 
45. Өзіңіздің болашақ жарыңызбен қалай танысуды қалайсыз? 
а) достар арқылы 
б) өз бетімше 
в) туыстар арқылы 
г) агентство немесе танысу бюросы арқылы 
д) хабарлама бойынша 
е) тағы да қалай /жазыңыз/
___________________________________________ 
46.Отбасылыө мір, ер адам мен әйел адамдар арасындағы қарым-қатынас 
туралы ақпаратты қайдан аласыз? /белгілеңіз/ 
а) арнайы әдебиеттер 
б) теледидар, радио 
в) газет, журналдар 
г) өзімнің ата-аналарым 
д) ЖОО, (мектепт) дәрістерінен 
е) достар 
ж) тағы да қайдан /жазыңыз/
_________________________________________ 
47. «Отбасы және неке психологиясы» пәні сіздің мектебіңізге немесе 
ЖОО-ға қажет пе? /жазыңыз/ 
а) иә 
б) жоқ 
в) ойланбадым
Шын жауап бергендеріңізге алғысымызды білдіреміз. 


114 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет