ГЛОССАРИЙ Агрессия – латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген
мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға
адамның өзіне бағытталғанбелгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық
жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай
белгілер байқалатын әрекет-қылық
Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму
процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
Амал, тәсіл – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-
әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер
жұмсап, оңай, тиімді менгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл
деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді
жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді.
Ана болу – филиологиялық менизмдері, эволюциялық тарихы, мәдени
және жеке даралық ерекшеліктері бар күрделі феномен.
Антипатия ( грек. аntіраtһеіа: аntі-жауластық мағынасын беретін қосымша
және раtһоs-сезім) – педагогика мен психологияда қолданылатын термин;
жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. А.іштарту, ұнатуға
қарама-қарсы
мәндегі
сезім
атауы.
Я.Л.Морено
(1892-1974)
түлғааралыққатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне “симпатия” және
“антипатия” терминдерін тұңғыш рет қолданды.А.көп жағынан, симпатия
сияқты кісінің еркіне байланысты қажет санауынан пайда болатын сезім емес.
Әйтседе ол саналы түрде, құлқы бұзық, қатыгез, т.б. адамдарға қатысты
моралдық бағамдаудың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін.
Аутогендік жаттығу (грек. аutos – өзім, genos – шығу тегі, пайда болу) –
емделушіні бұлшық еттік релаксацияға, өзін-өзі иландыруға, адам зейінін
әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерге көз алдына
елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігіи
арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай
білуді оқытып – үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік
жаттығудың: 1) релаксацияға үйретіп, вегетативтік қызметті басқарудың куәсі
іспетті мынадай екі сатысы бар: – ауырлыкты, ыстық-суықты, жылылықгы сезіну
ахуалын жасау; 2) әр түрлі деңгейдегі гипноздық хал – ахуал туғызу. А.ж.
медицинада,спортта, педагогикада, өндірісте, өзін – өзі тәрбиелеуде
қолданылады.
Аутогипноз (грек. аutos – өзім, һурnos -түс) – өзге адамның ықпал етуінен
болатын, гетерогипнозға карама – қарсы – адамның өзін – өзі мақсатты
гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. Аутогипнозға
бейімделушілік: физикалық және эмоциялық хал – ахуалға, жеке тұлғалық
ерекшеліктерге, физиологиялық және психологиялық функцияларды өздігінен
басқару қабілетіне байланысты болады. А. Қазіргі уакытта аутогендік жаттығу
әдістерінің бірі ретінде қолданылады.