мүмкін. Осы айтылғандарды ескеретін болсақ, «хромосомасыз тұқым
қуалау» деген ұғымның мағынасы кеңейе түседі. «Ал енді клетка
органоидтары емес, тікелей цитоплазманың өзі арқылы түқым қуалау
бола ма?»
десек, ондай жағдайдың да болатындығы мәлім.
Бірақ
бұл кезде белгінің түқым қуалауы түрақты болмайды және оның
көрінісі бір немесе бірнеше буыннан кейін өшіп қалады. Бүған тұщы
суда тіршілік ететін ұлу қабыршағының бүралу бағыты мысал бола
алады. Олардың кейбіреулері гермафродиттер
болып келеді жэне
өздігінен ұрықтанып та, немесе өзара будандасып та көбейе алады.
Қабыршақтарының бұралу бағыты екі түрлі - сол жаққа және оң
жаққа қарай. Оларды бір жүп аллель,
яғни оң жаққа бұралуын
доминантты Д гені, ал сол жаққа қарай бұралуын рецессивті d гені,
анықтайды. Реципрокты будандастыру (c^DD х $ dd жэне $ dd х
d'DD) Fj -де әртүрлі нәтиже береді: будан үрпақ негізінде анасының
белгісін қайталайды.
Бірінші будандастыруда
барлығының да
қабыршақтары оңға бүралған. Ғ2 -де екі будандастырудың екеуінде де
барлық алынған үрықтардың қабыршақтары оңға бұралады.
Тек өздігінен ұрықтандыру арқылы алынған Ғ3- тегі ұрықтарда
ғана белгілер ажырап, оңға жэне солға бүралған қабыршақтардың ара
қатынасы 3:1
болады. Сөйтіп
бұл белгі жұмыртқа клеткасы
цитоплазмасының қасиетіне байланысты тұқым қуалайды. Мұндай
құбылысты
цитоплазманың
аналық
организмнің
генотипімен
предетерминациялануы немесе аналық эффект деп атайды.
100