Сілтемелер және ескертпелер:
1. Тарихи жырлар. Үшінші том. Кенесары - Наурызбай. Алматы, 1996. 173-б.
2. Сонда. 216-б.
3. Сонда. 171-175-б.
4. Сонда. 106-б.
5. Сонда. 215-б.
6. Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 151-б.
7. Сонда. 159-б.
8. Тарихи жырлар. Үшінші том. 110-б.
9. Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 147-б.
10. Тарихи жырлар. Үшінші том. 124-б.
11. Сонда. 126-6.
12. Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 165-б.
278
ҚАЗАҚ ДАСТАНЫ
Қазақ фольклорының құрамында жалпы мазмұны мен көркемдігі,
кейіпкерлері мен сюжеттік құрылымы жағынан дәстүрлі ұлттық эпостан
бөлек, ерекше болып келетін және сан жағынан да үлкен бір топ құрайтын
шығармалар бар. Олардың атауы – дастандар. Әдетте, дастандарды біз
шығыстан келген дүниелер деп есептейміз. Солай екені даусыз. Алайда, бұл
жағдайды тек бір елдің екіншіге әсері ғана деп түсінуге болмайды. Мәселенің
түбірі тереңіректе. Біріншіден, қазақ халқы ешқашан томаға-тұйық ғұмыр
кешкен емес. Ол да шығыс халықтарының бірі ретінде, тіпті солардың
біразымен туыстас болғандықтан да, бүкіл шығыс мәдениетіне ортақтас
мұрагер, сол мәдениетті жасаушылардың бірі. Демек, бұл жерде "шығыстың
әсері" деген сөз – белгілі дәрежеде шартты ұғым. Екіншіден, кейінгі
замандарда бөлектеніп кеткен шығыс халықтары әртүрлі саяси, мәдени,
қоғамдық жағдайда болды да, олардың әдебиеті мен фольклоры өзіндік сипат
алды. Міне, осы тұста қазақ мәдениеті шығыстың көне заманғы және орта
ғасырдағы мәдениетінен басқаша түрде дамыды. Ал, жаңа заманда қазақ
халқы өзінің төл мәдениетімен қатар шығыстың фольклоры мен әдебиетін де
жатсынған жоқ, кәдесіне жаратты. Мұны сол кездегі қазақ қоғамының
болмысы мен рухани сұрасы қажет еткен еді.
Дастан – көптеген Шығыс пен Оңтүстік-Азия елдеріне ортақ
фольклорлық әрі әдеби жанр. Кейбір елдердің, айталық Иран, Үнді,
Пакистан, Орта Азия мен Кавказ жұртының ерте замандардағы
фольклорында, сондай-ақ орта ғасырлардағы классикалық әдебиетінде
дастан деп қаһармандық және ғашықгық мазмұндағы ірі шығармаларды,
тіпті Фирдаусидің "Шахнамасындағы" жекелеген көлемді бөлімдерін де
атаған. Сонымен бірге дастанға ауызша туып, ауызша тараған эпикалық
туындыларды да және "Сейфілмәлік" тектес ғажайып сипаттағы
шығармаларды да жатқызған.
Қазақ даласына дастан ерте кезден-ақ, сонау Дешті Қыпшақ заманында,
парсы әдебиеті мен фольклорының үлгілерімен бірге келген деп саналады.
Парсы дастаны көп жағдайда тек қана қара сөз, немесе тек өлең түрінде
баяндалған. Ал, қазақ дастаны, негізінен, жыр үлгісінде, ішінара қара сөз
араласқан түрде, міндетгі түрде әндете, домбыраның сүйемелдеуімен
орындалған. Рас, XIX ғасырдың соңында жарық көрген дастандарды ел
арасындағы сауатты адамдар домбырасыз, бірақ әуенмен оқитын болған. Бұл
машық XX жүзжылдықтың екінші жартысына дейін болып келді.
Басқа халықтардағыдай қазақ дастаны да фольклорға, кейде кітаби
шығармаға негізделген. Сонымен қатар қазақ дастаны тарихи оқиғалар
бойынша да туындаған. Бұл жерде баса көңіл аударып айтатын нәрсе қазақ
дастаны – таза фольклорлық жанр екендігі. Ол мейлі шығыстың сюжеті
бойынша болсын, мейлі ұлы бір ақын туындысының сарынымен болсын,
мейлі қазақтың төл фольклорына негізделсін, бәрібір ауызша туып, ауызша
орындалған, соның нәтижесінде ұлттық фольклорымыздың көптеген ықпал-
әсерін, элементтері мен түр-сипатын бойына сіңірген. Сөйтіп, ол қазақ
279
фольклорының дәстүріне сәйкес ғұмыр кешкен. Оның үстіне қазақтың
ежелден келе жатқан жазба әдебиетінде дастан жанры қандай түрде болса да,
тіпті фольклордағы үлгіде болсын, немесе шығыс дастанының түрінде
болсын толыққанды қалыптасқан жоқ, тек XX ғасырдың бірінші
жартысында жекелеген әуесқой акындар кейбір төл ертегілерді дастанға
айналдыруға тырысты және жазба әдебиеттегі "Сұлушаш", "Қамар сұлу"
секілді поэмаларға еліктеп, әлеуметтік-таптық сипаттағы дастандарды
жазуға ұмтылды. Алайда, бұлардың бәрі фольклорлық дәстүрдің аясынан
аса алмады және ел арасына да ескі эпостай кең тараған жоқ. Солай бола
тұрса да, оларды фольклорлық дастан жанрының XX ғасырдағы жағдайын
көрсететін дүниелер деп қарауға болады.
Дастанның басқа фольклорлық жанрлардан басты ерекшеліктері
мыналар деуге болады: көлемінің өте үлкендігі, композициясы мен
мазмұнының күрделілігі, бір шығармада бірнеше жанрдың тоғысуы,
оқиғалардың тым ғажайыпты әрі шым-шытырық болуы, бас кейіпкердің
шамадан тыс романтикалық немесе қаһармандық сипаты, т.б.
Шығыстық қазақ дастандарын ұлттық төл фольклордан оқшауландырып
тұратын тағы бірнеше белгілер бар. Егер дәстүрлі қазақ фольклорында оқиға
көбінесе сайын далада, тау ішінде, қалың қамыста, яғни ашық табиғат
аясында өтсе, дастанда оқиға көбінесе шаһарда, патшаның сарайында, немесе
қала базарында, яғни феодалды мемлекет ішінде өтеді. Рас, қаһармандық іс-
әрекеттер кей-кейде далада орындалады, бірақ соның өзінде олар мемлекет,
немесе шаһар сыртында болады. Бас кейіпкерлердің сапары теңізде кемемен
жүзуі, я болмаса басқа бір аралға тап болуы, яки бөтен қалаға келуі түрінде
көрінеді. Сондай-ақ кейіпкерлердің басынан кешкен оқиғалары да
айрықша: олар диюлар мен жындар патшалығында, маймылдар мен
зеңгілер тұратын жерлерде, неше түрлі мақлұқтар мекенінде, т.б.
фантастикалық жерлерде өтеді. Тіпті қаһармандардың жекпе-жегі де, қалың
қолдың соғысы да майдан алаңында болады, кейіпкерлерді жазалау қала
ішінде, арнайы алаңда, яки ел көп жиылатын базарда жүзеге асады, т.т.
Дастандар өзінің көркемдігі мен бейнелілігі жағынан бір табан жазба
әдебиетке жақын. Бұларда кейіпкерлерді суреттеу, оларға мінездеме
беру, кей-кейде кейіпкерлердің ішкі сезімдерін көрсету бар және олар
біршама әдебиленіп, көркемделіп баяндалады. Көбінесе, бас қаһарманды,
оның ата-анасын, шыққан тегін, мекен-тұрағын нақтылап айтуға көңіл
бөлінеді. Бұл дастандардың құрылымдары да, тілі де, көркемдік-бейнелеу
құралдары да дәстүрлі фольклордікінен гөрі ерекшеленіп тұрады.
Мәселен, ежелден келе жатқан эпоста қыздың әдемілігін сипаттау үшін дала
өсімдіктері мен жануарлар дүниесі пайдаланылса, дастандарда қала тұрғыны
өсіретін гүлдер мен алуан түрлі қымбат тастар қолданылады. (Рас, бірте-бірте
бұл образдар біздің дәстүрлі фольклорымызға да енген).
Дастандардағы кейіпкерлер құрамы да біздің төл фольклорымыздағыдан
гөрі өзгешелеу, бірақ мүлде басқа емес. Әдетте, басты кейіпкерлер болып
патша, уәзір, олардың балалары, сондай-ақ дін адамдары, саудагерлер
жүреді. Ал, діни дастандарда пайғамбарлар мен халифтер, сахабалар – басты
кейіпкерлер. Сондай-ақ діни дастандардағы дұшпандар, негізінен, исламға
қарсы елдер. Ал, дастанның басқа түрлерінде дұшпандар болып көрінетіндер
280
– дию мен перілер, әртүрлі мақлұқтар мен мифологиялық кейіпкерлер және
бөтен бір патшалықтың кісілері.
Алайда, осыншама өзіндік белгілері бола тұра дастандар таза қазақ
ұғымында жырланған. Жыршылар шығыстық ауанды сақтай отырып,
дастандарға қазақ рухын сіңірген, оларды ұлттық сөз өнері етіп жіберген.
Мұны дастандардың композициясынан, поэтикасынан, тілінен, өлең түрінен,
сөз орамдарынан, сонымен қатар мәтінге кіріккен қазақтың этикалық,
эстетикалық ұғымдарынан, т.б. сипаттарынан көреміз.
Қазақтың
батырлық
және
ғашықтық
жырларына
қарағанда
дастандардың бейнелейтін болмысы да, суреттейтін кеңістігі мен мезгілі де,
баяндайтын тәсілі де басқаша. Ондағы география да, мекендер де,
кейіпкерлер де, олардың іс-әрекеттері де өзгеше. Рас, барлық көркем
шығармадағыдай, дастандарда да басты назарда – негізгі кейіпкерлердің
тағдыр-талайы, олардың басынан кешкендері, басқа адамдармен қарым-
қатынасы. Солай бол тұрса да дастандарда бас кейіпкердің қаһармандық
жойқын ерліктерінен гөрі оның қайғысы, уайымы, сүйгеніне қосылу немесе
мақсатына жету жолында көрген тауқыметіне көп көңіл бөлінеді, оның
адами мінез-құлқына, пейілі мен ниетіне, ақылы мен парасатына мән
беріледі. Осы тұрғыдан келіп, дастандар өзінің бас қаһарманына тән ізгі
қасиеттермен қоса оның қарсыластарының зымияндық пиғылы мен мінез-
құлқын да ашып көрсетеді. Соның нәтижесінде жалпы адам табиғатындағы
екіжүзділік, сатқындық, дүниеқоңыздық, қатыгездік, билікке құмарлық,
аярлық сияқты жағымсыз мінез бен пиғылдар байырғы қазақ эпосына
қарағанда көбірек, кеңірек ашылады. Мұның өзі дастан жанрының жазба
әдебиетке жақын екенін тағы да бір айғақтаса керек.
Дастандардың тілі орта ғасырлық түркіге жақын болып келеді. Мәтіннің
ішінде ежелгі түркі сөздері де, араб пен парсы лексикасы да жиі
ұшырасып отырады. Исламға қатысты ұғым-түсініктер түркілердің көне
заманғы наным-сенімдерімен араласып, сіңісіп кеткен, сондықган бір
дастанда әр тарихи дәуірдің ұғымдары мен пайымдары қатар жүреді.
Қазақтың төл фольклорына қарағанда дастандарда түс көру мотиві жиі
қолданылады. Бұл мотив дастанның барлық түрінде, әсіресе, хикаялық және
ғашықтық дастандарда көбірек кездеседі. Оларда түс көру мотиві кей-кейде
бүкіл шығарманың негізі болып, бас кейіпкер сол түсті жүзеге асыру үшін
әрекеттенеді. Жалпы, түс көру мотиві бүкіл әлем халықтарының
фольклорына тән және оның атқаратын қызметі әрқилы: алдағыны
болжау, кейіпкерді сақтандыру, кейіпкерге көмек беру, адамдарды белгілі
бір іс-әрекетке шақыру, т.т. Бұл мотив қазақ фольклорына да жат емес.
Алайда, шығыстық сюжетке құрылған дастандарға қарағанда, қазақ
фольклорындағы түс көрудің функциясы, көбінесе, алдағыны болжау мен
кейіпкерді сақтандыру болып келеді.
Дастанда басты оқиғалар көбінесе шаһарларда, немесе оның
сыртында, жанында өтеді дедік. Ал, дастанның бас қаһарманы сырты
қоршалған, есігі
күзетілген
әдемі бақ ішінде
тұрады. Өзінің
қарсыластарымен де көп жағдайда осы бақтың ішінде кездесіп,
соғысады, немесе сүйіктісімен жолығып, рахат сезіміне бөленеді. Бір
281
қызығы – дұшпандардың да мекен-тұрағы қала, саябақ болып келеді. Рас,
кейбір тұстарда бас кейіпкердің нақ сүйерін ұрлап әкететін дию қалада да,
тау ішінде де, жер астында да мекендейді, бірақ оның батырмен
шайқасы қалада, кейде алаңда өтеді. Батырлар соғысатын шаһардың, бақтың
өзі дастанда көркем суреттеледі. Дастанды айтушылар қиял арқасында
қаланы, бау-шарбақты жұмақ тәрізді етіп бейнелейді. Бұл жерде, сөз жоқ,
қарапайым халықтың жұмақ туралы, ешбір бейнеті жоқ, рахатқа толы
пейіштегі өмір жайындағы арман-аңсары көрініс тапқан деуге болады.
Дастандардағы оқиғалар алыста, қазақ жұртына таңсық елдерде, Мысыр,
Шын-Машын, Бағдат, Шам сияқты қалаларда, мемлекеттерде өтеді.
Кейіпкерлер де – қазақ баласы емес. Олар – жырақта жатқан, бөгде
халықтардың перзенттері. Бірақ бәрі – мұсылман болып келеді.
Кейіпкерлердің ата-аналары да – қазақтың байы да, ханы да емес, қазақ
көріп-білмеген, тек қисса-дастандардан ғана естіген ғажайып елдердің
патшалары, өмірлері, уәзірлері. Бұл ғана емес, дастандағы география да,
жануарлар да, өсімдіктер де басқа.
Соған қарамастан дастандар ел арасына кең тарап, қазақтың төл
туындысы ретінде қабылданған, өйткені олар қазақ фольклорының көп
сипатын алып, ұлттық фольклордың дәстүріне сәйкес өзгерген, жырланған,
сөйтіп өзіміздің шығармаға айналған. Бұл процесте қазақ ақындары мен
жыршыларының еңбегі зор екенін айту қажет. Олар шығыстан келген
дастандардың сюжетін сақтай отырып, өз жанынан қазақ жұртына етене
таныс батырлық пен ғашықтық жырлардан, ертегілерден жекелеген
мотивтер мен эпизодтарды, халықтың тұрмыс-салтына байланысты
дүниелерді енгізіп отырған, сөйтіп шығыстық туындыға қазақтық колорит
берген. Әрине, дастан жанрын орнықтыруда ақындар мен жыршылар
мұнымен ғана шектелмеген. Олар өзіміздің өмірімізден, фольклордан алған
сюжеттер бойынша дастан үлгісіндегі өзіндік шығармалар туғызған, олар ел
арасына тарап, таза фольклорлық сипат алған. Осының нәтижесінде қазақ
дастандары бірнеше түрде болған.
Қазақ фольклорының құрамындағы дастандар үлкен екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |