Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


«Қазақ ертегілері», 1957, І томда



Pdf көрінісі
бет55/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

«Қазақ ертегілері», 1957, І томда:
«Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп: 
– «Балам! Бір айғыр үйірлі жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз 
үйретейін, – депті. 
Бала тұрып: 
– Құп! Берейін, үйретіңіз, – дейді. 
Әлгі кісі: 
– Балам! 
Суын ішкен құдыққа түкірме,
ертеңгі асты тастама, оң қолың 
ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын, – дейді. 
Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам 
жылқыны айдап өз жөніне 
кетеді.
Кешке бала үйіне келеді. Әкесі: 
– Мал аман ба? – дейді. 
Баласы:
– Мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір жылқы бердім, басқа мал 
аман, – дейді. 
Әкесі ашуланып, баласын қуып жібереді. Әкесінен түңілген бала 
бірнеше күндер далада қаңғырып жүріп, бір қалаға келеді. Қаланы аралап 
жүріп, ханның ордасына кездеседі. 
Ханның нөкерлері 
мұның жат жерден келген,
бөтен адам екенін сезеді 
де жөн сұрайды (240-241-б). 
Ә.Диваевқа арналған «Қазақ халық поэзиясы» (1964) кітабында бұл 
ертегі түпнұсқадан алынған: 
«Ертеде бір бай 
бар екен
. Байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, 
бір адам келіп 
айтады:
«Балам, бір айғыр үйірлі жылқы берсең, мен саған үш 
ауыз насихат сөз үйретейін», – 
дейді. 
Бала тұрып айтады: «Құп, берейін, 
үйретіңіз!» – дейді. Әлгі кісі айтады: 
«Балам, дәм татқан жеріңе қас қылма,
ертеңгі асты тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын», – 
дейді. Бала бір айғыр үйір жылқы береді. Әлгі адам 
баланың жылқысын 
айдап кетеді.
Кешке бала үйіне келеді. Әкесі 
сұрайды:
«Мал аман ба?» – 
деп.
Баласы 
айтады:
«Мал аман, мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір 
жылқы бердім», – дейді. Әкесі тұрып ашуланады: 
«Сен адам болмайсың, сен 
мені бүлдіреді екенсің, жоғал, көзіме көрінбей кет», – деп. Бала әкесінен 
кейіс естіген соң, өкпелеп шығып кетеді де қалады. 
Бірнеше күндер далада 


99 
қаңғырып жүріп, бір қалаға келеді. Қалада базардың ішін аралап жүріп, 
ханның ордасына келеді. Ханның нөкерлері мұны көріп, 
мынау жат жерден 
келген адам екен,
бөтен адам 
сықылды көрінеді деп, баладан сұрайды»
(48-б). 
Цитатаны әрі қарай созудың қажеті жоқ. Енді басқа бір ертегіні алып 
көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет