104
ФОЛЬКЛОР ПОЭТИКАСЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Бізде қазақ фольклорының поэтикасына арналған арнайы зерттеу жоқ.
Тіпті фольклорды былай қойғанда, жазба әдебиетіміздің
поэтикасы жайлы
еңбектер аз, тек ХХ ғасырдың 70-ші жылдары ғана бірді-екілі монография
жарық көрді. Оның өзінде де бұл зерттеулерде «поэтика» ұғымы өте кең
мағынада алынған. Ал, бұған қоса фольклор
мен жазба әдебиеттің
поэтикасында үлкен айырмашылық бар екенін ескерсек, қазақ
фольклорының
поэтикасын басқаша, әрі нақтылы түрде зерттеу қажеттігі
дәлелдеп жатуды талап етпейді.
Біз бұл мақаламызда фольклордың бір-ақ жанрын,
яғни ертегілердің
поэтикасын бірнеше түркі халықтары үлгісінде қарастырамыз. Осы орайда
ескерте айтатын мәселе – «поэтика» ұғымын өзінің алғашқы мағынасында
аламыз, яғни поэтиканы композиция мен көркем
құралдардың бірлігі деп
түсінеміз.
Көркемдік қасиеті биік ертегі халықтың сөз өнеріне айналғандықтан
фольклордың болмысқа эстетикалық қатынасының бір формасы болып
саналады. Сол себепті ол қоғам дамуының әр
кезеңіндегі халық идеалын
бейнелейді, оның эстетикалық, этикалық түсініктерін танытады. Ал
осылардың айқын көрінуінде ертегілік шығарманың композициясы мен тілі
өзіндік рөл атқарады.
Қазақ
ертегілерінің
құрылымы
өзге
халықтар
ертегілерінің
композициясымен ұқсас:
кейіпкерді таныстыратын
Достарыңызбен бөлісу: