Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет80/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

жоғары
мен 
төменді

аспан 
мен 
жерді
байланыстырып тұратын шамандық өзен болады 
деген көзқарас бар; демек, су басы 
жоғарғы әлем
, ал су аяғы 
төменгі әлем 
болып саналады. Осыған сәйкес су аяғы көп жағдайда төменгі әлем 
орналасқан жақпен теңестіріледі» [28]. 
Осы тұрғыдан келгенде «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлудағы» Қарабайдың 
суды өрлеп көшуі мен оның Сарыбай туралы іздеушіге «су аяғы құрдымға 
кетті» деуі әдеттегі түсіндіруімізден басқаша сипат алады. Эпоста «Қарабай 
су өрлеп көшті» дегені – «ол жоғарғы әлемге сапар шекті», яғни «тірі» дегені, 
ал «Сарыбай су аяғы құрдым кетті» дегені – «ол төменгі әлемге, жер астына 
кетті...» яғни «өлді» дегені. Сөйтіп, мифтік ойлау кезінде туған түсінік келе-
келе поэзиялық символикаға айналған. 
Адамның жаратылыстан өзін бөлмей тұрған кезде туған көптеген 
мифологиялық символдар, жануарға немесе табиғат объектісіне арнап 


138 
сөйлеуге, олармен сырласып, тілдесуге болады деген түсінік кейін көркем 
фольклорға ауысып, басқа бейнелеуіштік сипат алған. 
Классикалық көне мифтің басты кейіпкері – ілкі атадемиург 
(первопродок-демиург), жасампаз қаһарман (культурный герой). Мифте 
әлемдегі нәрсенің бәрін жасаушы – солар, адам қоғамын, оның әдет-ғұрпын 
орнатқан да – солар, тіршілік атаулының бәрін дүниеге келтірген де – солар, 
адамдарға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді, яғни өмір сүруді үйреткен де – 
солар болып баяндалады. 
Қазақ мифінде бұл образ алғашқы күйіндегідей сақталмаған. Өте ерте 
заманда, түркі қағанаты кезінде орныққан тәңірге табыну, содан кейінгі 
ислам діні бағзы замандарда болған мифтік жасампаз қаһарман образын 
ығыстырып жібергенге ұқсайды. Олардың орнын тәңір, кейін алла басқан 
болу керек. Бұл ойымызды С.Сейфуллин де растайды. Ол былай деп жазады: 
«Қазақ атаулы ел мұсылман дініне кірген соң, көктегі «ұлы тәңір-иенің» 
орнына (жалғыз патша) «алла» мініп, әлгі көп «тәңір-иелердің» көбі 
ұмытылса да, кейбір «иелер» мұсылман дінінің нанымына сіңісіп, мұсылман 
дінінің уақ «иелеріне» араласып, ұмытылмай келеді. Бұрынғыдай болмаса да, 
оларға нану да қалмай келді» [29]. Шынында да, Тәңір образында мифтік ілкі 
ата-демиургтың көптеген қасиеттері сақталған. Бұл жағдай барлық көркем 
мифологияға тән. Көпқұдайлы діндерде де, бірқұдайлы кейінгі діндерде де 
көне мифтік жасампаз қаһарманның қасиеттері айқын көрінеді. «Көпқұдайлы 
дамыған мифологияда, - деп жазады Е.М.Мелетинский, - жасампаз 
қаһарманның сарқыншақты бейнелері мен құдайлар өздерінің белгілі 
қызметін өте белсенді түрде атқарады» [30]. 
Демек, қазақтың көне мифінде болуға тиісті ілкі атадемиург бейнесі 
Тәңір образымен алмастырылған. Ал, Тәңір аспанның әміршісі саналған. 
Яғни Тәңір – ең жоғарғы құдай, ол аспан мен жердегі тылсым мен тіршіліктің 
иесі. Адамды да, жер бетіндегі нәрселердің бәрін де, аспанды да, ондағы 
жұлдыздарды да жаратушы – Тәңір деп саналған. Міне, мұның бәрі – көне 
мифтік ілкі ата-демиургтың, жасампаз қаһарманның атқаратын істері. Бұл 
қызмет түркілер заманында Тәңірге, ал ислам келгенде аллаға таңылған. 
Қазақтың көне мифінде ілкі ата-демиург образының толық және айқын 
сақталмау себебі осында деп білуіміз керек. 
Қазақтың, тіпті біраз түркі тілдес халықтар мифінде кездесетін Тәңір 
образына Е.М.Мелетинскийдің мына бір пікірі тікелей қатысты: «Ерлі 
зайыпты баба-құдайлардың ең көне әрі универсальды тараған түрі аспан әке 
мен жер-ана. Бұл образдарда, бір жағынан, рулардың бабалары болып 
саналатын ілкі адамдардың космостанғанын, ал екінші жағынан, неке мен 
семьялық қатынастардың табиғат дүниелеріне көшірілгенін көруге болады» 
[31], - деп жазады ғалым. 
Шындығында, бүкіл түркі жұртында Тәңір – көктегі ер ролінде, ал 
Ұмай 
– 
жер-ана 
болып 
қабылданады 
[32]. 
Сонда, 
жоғарыда 
Е.М.Мелетинский айтқандай, қазақта да аспан - әке, жер-ана ретінде (Тәңір-
Ұмай түрінде) алғашқы ерлі-зайыпты құдайлар болып саналған деуге әбден 
болады. 


139 
Көне замандағы, түркі қағанаты дәуіріндегі аспанды – еркек, жерді - 
әйел деп түсінетін мифтік ұғым қазақтың мифі мен діни нанымында ғана 
сақталып қоймаған. Ол ұлтымыздың көркем фольклоры мен классикалық 
әдебиетінде поэзиялық символға, көркем әдіске, метафораға айналған. Ұлы 
Абайдың мына бір шумақтарын еске алайық: 
Безендірген жер жүзін тәңірім шебер, 
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. 
Анамыздай жер иіп емізгенде, 
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. 
 
Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынысты, 
Құмары екеуінің сондай күшті. 
 
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай, 
Біреуіне біреуі қосылыспай. 
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, 
Жер толықсып түрленер тоты құстай 
[33]

Келтірілген мысалда көне мифтің елесі бар: 
аспан (күн) – еркек (күйеу
жігіт)
ролінде. Бірақ ұлы Абай мифтік ұғымнан ешқандай із қалдырмаған. 
Сонымен, түркі қағанаты кезінде архаикалық миф біршама жүйелене 
бастаған еді дедік. Соның көрінісі ретінде Тәңір мен Ұмай образын атадық. 
Алайда, бұл екі образ ежелгі Греция мифологиясындағы Зевс пен Гераның 
деңгейіне көтеріле алмады, өйткені түркі мемлекеті құл иеленуші империяға 
айналмай, ерте ыдырап кетті де, бұрынғы жекелеген «тәңір-иелер» 
құдайларға айналып үлгермеді және ертеден келе жатқан мифтер циклға 
түспеді, жүйеленбеді. Антикалық Грецияда көпқұдайлық дін қалыптасып, 
бұрынғы ұсақ «тәңір-иелер» (духи хозяева) құдайларға айналып, олардың 
иерархиясы гректердің құл иеленуші империясының иерархиясын қайталады. 
Бұрынғы жекелеген мифтер топталып, жүйеленіп, көркем шығармаларға 
айналды, сөйтіп дамыған мифология пайда болды. 
Рас, грек құдайлары да, оларды билейтін Зевс те, біздің Тәңір сияқты, 
көне классикалық мифтегі жасампаз қаһарманның қасиеттерін толық бойына 
сіңірген, солардың атқаратын қызметін (функциясына) орындаған. Мысалы, 
архаикалық мифтегі жасампаз қаһарман – ілкі ата әлемді, яғни космосты 
жаратады, адамдарды күнелтуге үйретеді, аң мен құсты, тау мен тасты, өзен 
мен көлді реттейді т.т. Осының бәрін Тәңір де істейді. 
Қорыта айтқанда, қазақ фольклорында миф - өзіндік орны бар ең көне 
жанр. Ол дүние жүзі халықтарында кездесетін мифке типологиялық 
сипатымен ұқсас, сонымен бірге ерекшеліктен де ада емес. Стадиялық 
жағынан келгенде, қазақ мифі – алғашқы қауымға тән австралиялықтар мен 
африкалықтар, солтүстік азиялықтар мен американдықтардың көне мифі мен 
антикалық Греция, Рим, сондай-ақ ежелгі Египет, Үнді, Қытай, 
Вавилондықтар мифологиясының ортасындағы аралық жанр. Ол өзінің 
алғашқы классикалық түрінен дамып шыққан да, тарихи-қоғамдық дамуға 
сәйкес мифология ретінде жүйеленбей жатып, басқа жанрға айналған. Оның 


140 
басты себебі – Қазақстанда ертеде мекендеп, қазақты құраған ру-
тайпалардың құл иеленуші мемлекет құрмай, рулық қауымнан бірден 
феодалдық қоғамға иек артуы. Жүйелі иерархиясы, тұрақталған орталығы 
бар, көп ғасырлар жасаған құл иеленуші империяларда көне миф көркем 
мифологияға айналып, эстетикалық қызмет атқарған.
Ал, рулықтан бірден феодализмге көшкен елдерде көпқұдайлы емес, 
бірқұдайлы дін орнап, көне миф жүйелену емес, қуғынға ұшырап, ыдырап 
кеткен, циклға түспеген, демек көркем дүниеге бірден айналмай хикаяға, 
ертегіге ойысқан, жаңа жанр қалыптастырған. Феодалдық, бірқұдайлық 
қоғамда көркемдік-эстетикалық функцияны миф емес, фольклордың басқа 
жанрлары атқарған. Міне, қазақ мифтерінің бізге толық күйінде жетпеуінің 
бір себебі осында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет