Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір



Pdf көрінісі
бет91/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір 
елдің, тайпаның, рудың ауызекі шежіресі (устная хроника), бір аймақта 
болған оқиғаның әңгімесі. 
Сондықтан аңыздардың сюжеті көп жағдайда 
ұлттық қана болады, бір елдің аңызы екінші елге ауыспайды, тіпті аңыздың 
көпшілігі аймақтық (локальный) қана болады. Басқа елді былай қойғанда, 
Қазақстанның бір жерінде болған оқиға екінші жерде болмаған, сондықтан ол 


171 
оқиғаға байланысты туған аңыз басқа аймаққа кең тарамаған. Мәселен, 
оңтүстіктегі мекендер жайлы аңыздар солтүстікте белгісіз. Я болмаса, 
керісінше. Әрине, бүкіл Қазақстанға белгіл болған, яғни бір ғана аймақ 
аясынан асып кеткен оқиғалар жайлы аңыздар барлық жерге тарауы мүмкін, 
бірақ мұндай оқиғалар жиі болып тұрмаған. Соның өзінде де бүкіл 
Қазақстанға тараған аңыздар өзінің пайда болған алғашқы аймақтық сипатын 
жоғалтпаған. Мұндай аңыздарға ақтабан шұбырынды оқиғаларына 
байланысты туған әңгімелер жатады. Ал, Исатай, Махамбет көтерілісіне 
қатысты пайда болған аңыздар да үлкен тарихқа белгілі болғанымен өзінің 
алғашқы шыққан аймағына, яғни Батыс Қазақстанға кеңірек тараған. 
Жалпы аңыздың аймақтық (локальдық) сипаты оны фольклордың басқа 
жанрлармен салыстыра қарағанда айқын көрінеді. Мәселен, қаһармандық 
эпос пен тарихи жырда бүкіл қазақ еліне қатысты оқиға бейнеленеді, 
сондықтан батырлар жыры мен тарихи жырлар Қазақстанның барлық 
жерінде жырланған. 
Ал, аңызда әңгімеленетін жағдай бір аймақтың ғана тарихына 
байланысты келеді, сондықтан ол шығарманың мазмұны нақтырақ болады. 
Сол себепті бір аңызды толық түсіну үшін кейде онда баяндалатын оқиғаны 
білу аз, сол аңыз пайда болған аймақты да жете білуге тура келеді, сонда 
айтылатын басқа да фольклорлық шығармалармен танысу қажет болады. 
Сөйтіп аңыздың бүкіл «контексін» біліп барып қана оны жан-жақты талдауға 
болады. 
Аңыздар бір халықтың екінші халыққа ауыспайды дегенде ескеретін 
нәрсе – бір аймақта отырған екі халықтың аңызы бір-біріне ауысуы мүмкін, 
бірақ ол кең жайылмайды. Сонымен қатар көрші тұрмайтын әр жақтағы екі-
үш елдің де аңыздары ұқсас болуы ықтимал. Алайда, мұндағы ұқсастықты 
тарихи-типологиялық деп білу керек, өйткені тұрмыс-тіршілігі, жүрген 
ортасы, наным-сенімдері ұқсас елдерде бір типтес саюжеттер пайда бола 
беретіні белгілі. Сөйтіп, аймақтық жағдайға байланысты туған сюжет өзінің 
тарихи-стадиялық сипаты жағынан «халықаралық» болып көрінеді. 
Сонымен қатар бір замандарда бөлініп, ыдырап кеткен туысқан 
халықтардың көне аңыздары да ұқсас болуы мүмкін. Мысалы, көп түркі 
жұртында кездесетін Қорқыт жайындағы әңгімелер – бір кездегі түркілердің 
тұтастығы онша бұзылмай, аралары алшақтамай тұрған кезде туған аңыздар. 
Бірақ кейінгі дәуірлерде әр халықта ол аңыздар өзінше өмір сүріп, дамыды. 
Сөйтіп, бір елде Қорқыт жайлы аңыз болса, екінші елде эпос пайда болды, ал 
үшінші елде ертегі туды. Қорқыт жайындағы көне аңыздар қазақ арасында 
хикаят жанрына айналды. 
Аңызда ертегідегідей тұрақталған, бір типті, көп шығармаларға тән 
сюжеттік композиция болмайды. Онда қалыптасқан, бір аңыздан екінші 
аңызға ауысып жүретін канондық мотив пен сюжеттер өте аз. Сол себепті 
аңыз жанрында сюжеттік өзек (ядро) алуан түрлі болады және ол әрі қарай 
өрби түсуге бейім келеді. Әдетте аңыздардың көлемі шағын болады, бірақ 
соған қарамастан олар айтылу мәнерінің қызғылықтығымен, мазмұнының 


172 
тартымдылығымен, 
сюжетінің 
сонылығымен, 
композициясының 
қарапайымдылығымен тыңдаушыны өзіне баурап алады, оған зор әсер етеді. 
Фольклорлық прозаның басқа жанрларына қарағанда аңыздың 
танымдық қызметі айқынырақ, ол елдің өткен тарихынан, өмірінен мағлұмат 
береді, яғни аңыз жұрттың білімін көбейтеді. Аңыз – халықтың өзі айтып 
берген ауызекі тарихы десе де болады. Олай дейтініміз – қазақ тарихында 
аты белгілі қайраткерлер мен ірі оқиғалардың аңызда айтылмайтыны жоққа 
тән. Қазақтың жеке ел болу тарихында үлкен роль атқарған Жәнібектен 
бастап 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске дейінгі аралықтағы 
Қазақстанның әр жерінде болған елеулі оқиғалар жайындағы аңыздың саны 
мол. Ол оқиғалар жалаң айтылмайды, олар көп жағдайда белгілі бір 
қайраткерлерге немесе мекенге байланысты болып келеді. Мысалы, Әз 
Жәнібек пен Жиренше шешен, Асан қайғы, Абылай, Қазыбек, Исатай, 
Сырым есімдеріне қатысты айтылатын әңгімелердің дені аңыз болып келеді. 
Сол сияқты ақтабан шұбырынды кезінде болған оқиғалар мен жер-жерде 
болған көтерілістер туралы прозалық ауызекі шығармалар да аңызға жатады. 
Сондай-ақ әртүрлі жер-су, мекенге байланыстырылып айтылатын да 
шығармалар бар. Оларды да фольклортану ғылымында аңыз жанрына 
жатқызып жүр [1]. 
Аңыз – халықтың жадында сақтап, ауызша айтып келген тарихы 
дегенде, онда тарихи оқиғалар еш өзгеріске ұшырамаған, шындық сол 
қалпында әңгімеленген деген ой тумау керек. Аңыз жанры да, бүкіл 
фольклор сияқты, анахронизмнен құр алақан емес. Біріншіден, ауызша 
тарағандықтан, екіншіден, әңгімеленген оқиғадан көп уақыт өтіп 
кеткендіктен, үшіншіден, әңгімеге көркемдік элементтері әсер еткендіктен 
аңызда баяндалатын оқиға көмескі тартады, әңгіменің варианттары пайда 
болады, тіпті оқиғаның мезгілі шатастырылады. Ал, айтушы мен 
тыңдаушылардың дүниеге көзқарасын, олардың әр түрлі мүддесін ескеретін 
болсақ, онда аңыздық шығармалардағы оқиға, ондағы адамдар, олардың іс-
әрекеттері басқаша бағаланып, өзгеше сипатталуы мүмкін. 
Демек, аңыз жанрында да белгілі дәрежеде көркемдік жинақтау 
болады. Сондықтан онда фактілер мен оқиғалар айтушы мен 
тыңдаушылардың қатынасы тұрғысынан баяндалып, тарихи жинақталған 
бағаға ие болады. Сол себепті аңыздық шығармалардың ішінде халыққа жат 
идеялы әңгімелер де кездесіп қалады. Алайда, бізге белгілі аңыздардың 
басым көпшілігі халықтық, бұқаралық сипатта. Әсіресе, басқыншылар мен 
қанаушыларға қарсы күресте қол бастаған адамдар туралы аңыздар халықтың 
жадында жақсы сақталған. 
Әдетте, фольклортану ғылымында аңызды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет