176
Олай болса, өлген баланың әкесі болып бірде Шыңғыстың, бірде Алашаның ,
бірде Жошының, бірде Жәнібектің көрінуі тарихи аңызды фольклорлық жанр
ретінде тағы да бір сипаттайды. (Соның өзінде де аңыз өмірде болған
адамдарды әңгімелеген).
Ал, осы аңыздағы оқиғаның өзі өмірде болған ба, ол
қаншалықты
шындыққа сәйкес келеді?
Аңыздың сюжеті, құрылысы жағынан ол үш бөлшектен тұрады.
Бірінші бөлшек: Жошының аңға шығып, құландарды қууы. Құланның
айғыры жаралы болып, оны мерт қылуы. Екінші бөлшек: Шыңғыстың
«Кімде-кім Жошының өлімін естіртсе, аузына қорғасын құямын!» - деген
жарлығын бұзып, Кербұғаның (Кет Бұқа, өнерпаз күйші,
домбырашы, ұлы
жыршы) өнер арқылы Шыңғысқа қазаны естіртуі, Шыңғыстың домбыраның
шанағына қорғасын құюы. Үшінші бөлшек: қаһарлы әкенің елге ғаламат ор
қаздырып, құлан біткенді орға түсіріп, қыруы.
Осы үш бөлшектің бірнішісі – негізгі оқиға: Жошының қаза болуы. Бұл
тарихқа сәйкес: Жошы әкесінің тірі кезінде өлген. Ал, бірақ Жошының өлу
себебін баяндау – фольклорлық қиял, бірақ шындыққа саятын қял, өйткені
ол кезде Шыңғыс та, оның балалары да құлан аулауды машық еткен.
Алайда, осы негізгі оқиға аңызда тікелей айтылмайды.
Аңыз басты
көңілді екінші және үшінші бөлшектерге аударады. Мұнда фольклорлық
дәстүр күшіне еніп, оқиғадан гөрі Шыңғыстың қаһарлығын, қаталдығын
көрсетуге күш салынған. Бұл, сөз жоқ, аңыздың көп уақыт бойына көркем
фольклормен қатар, солардың ортасында өмір сүргенінің нәтижесі.
Сондықтан да, «Ақсақ құлан» аңызында тарихи оқиға көмескіленіп, оның
есесіне біршама әрлей баяндау етек алған.
Қазақтың
Достарыңызбен бөлісу: