180
өмірде болған тарихи оқиғамен байланыстырылады: Отар маңайындағы Қопа
өзенінің бойында көшіп жүрген қазақтар қоқандықтардың қысымына
шыдамай, олардың салықшыларын өлтіріп, тірі қалғанын масқаралап, қуып
жібереді. Қаһарланған Қоқан ханы қазақтарды жазалауға қисапсыз көп әскер
жібереді. Қоқандықтар қазақтардың еркектерін өлтіріп, әйел мен балаларын
тұтқынға алып, мал-мүлкін талан-таражға салады.
Қазақ елі де намысқа тырысып бағады. Осы кезде Шапырашты руынан
ер жүрек батыр Сұраншы Ақылбайұлы шығып, аман қалған жігіттерден аз
ғана қол жинап, қоқандықтарға тойтарыс беруге қамданады. Сан жағынан
басым жауды бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екенін білген Сұраншы
жасағымен түн қараңғылығын жамылып, қоқандықтардың шебіне тақау
келеді де, жігіттеріне әр жерден көп қылып от жағып, у-шуды көбейтуді
бұйырады. Содан соң қоқандықтарға «еркімен берілсін!» - деп елші жібереді.
Қоқандықтар қаптаған отты көріп, азан-қазан болып жатқан шуды
естіп, Сұраншы көп әскер жиған екен деп шошиды. Осы сәтті күтіп тұрған
Сұраншы қолымен лап қояды. Жау бытырап қашады, тіпті түйелерінің
қомдарын тастай зытады. Содан бері осы жер «Шом қалған» деп аталады, -
дейді аңыз [32].
Мысалға келтірілген екі аңыз да таза топонимикалық, мұнда бұл
жанрға тиісті белгілердің бәрі бар десе де болады: тарихи шындыққа сай
келетін оқиға болуы, белгілібір жердің, судың аталып отыруы, ешқандай
кереметтіктің жоқтығы, көркемдеудің біршама жұпынылығы.
Достарыңызбен бөлісу: