Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Мұхитта  да ол екеуімен әңгі- мелескісі келген түр жоқтай. (Ғ. Сл.)  2)  Саудада



Pdf көрінісі
бет141/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Мұхитта 
да ол екеуімен әңгі-
мелескісі келген түр жоқтай. (Ғ. Сл.) 
2) 
Саудада 
достық жоқ, 
сәлемде 
борыштық жоқ. (М. М.) 
Бұл сөйлемдердегі 
Мұхитта, саудада, сәлемде 
деген 
жатыс септік жалғауындағы сөздер к і м д е ? н е д е ? деген сұрақ-тарға жауап 
беріп, толықтауыш болып тұр. 
Жатыс септік жалғауы мекендік, көлемдік мағынасы бар зат есім сөз-деріне 
жалғанып, қ а й д а ? деген сұракқа жауап беріп тұрса, жатыс жал-ғаулы сөз 
сөйлемде мекен пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:
1. 
Ең соңғы сұрыптау жарысы 
Москвада 
өткізілмек. (Б. С.) 2. Соңғы дәлеліне 
1885 жылы 
Орехово-Зуевода 
болып өткен Морозов байга қарсы ғаламат зор 
стачканы қызық әңгімелеп берді. (М. Ә.)
 
3. 
Ауылдарда 
көктемнен бастап 
жаңа үйлер салына бастайды. (С. М.) 
Бұл сөйлемдердегі 
Москвада, Орехово-
Зуевода, ауылдарда
деген жатыс септік жалғаулы сөздер қ а й д а? деген 
сұраққа жауап беріп, етістік баяндауыштардағы айтылған қимылдық процесті 
орын, мекен жағынан пысықтап, тиянақтап тұр. 
Жатыс септік жалғауы кейбір мезгілдік мағынасы бар зат есім сөздеріне 
жалғанып, қ а ш а н? деген сұраққа жауап беріп тұрса, жатыс жалғаулы сөз 
сөйлемде мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:
1

Айында, жылында 
бір келіп кеткенім болмаса, оны көрмеймін де.
(Б. С.) 2) Атты 
күнде 
мінсең — тулақ, 
аптпада 
мінсең 
— 
қунақ
, айында 
мінсең
— 
ат, 
жылында 
мінсең 
— 
тұлпар. (М. М.) 
Бұл сөйлемдердегі
күнде
,


айында, жылында, күнде, аптада 
деген сөздер лексикалық мағынасында 
мезгілдік ұғымды білдіретін болғандықтан, қ а ш а н? деген сұраққа жауап 
беріп, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарып тұр. 
75-жаттығу. 
Жатыс жалғаулы сөзді тауып, оның соңынан жақша ішіне сұрағын көрсетіп, 
сөйлем дерді көшіріп жазыңдар. 
1. Тәжірибе шуағында ақыл атаулы осылай жетіледі ғой. 
(Ғ. Сл.) 
2) Мек-
тепте педкеңес болып жатыр. 
(Б. С.) 
3) Мұншама жақсы жағдайда егіс 
жоспарын тез орындау — тек адамдардың ғана колындағы іс. 
(С. М.) 
4) 
Айсұлтан енді өз жүрегінде екі қам-тілек, екі арман туғанын айтты. 
(Б. С.) 
 
5) Бұл төрт жігіттің бірге тұратын отбасыларында жиырма бес адам бар.
(М. М.) 
6) Ап-ашық күндерде де сахарада аяқ астынан қара құйын шыға 
келеді. 
(X. Е.) 
7) Мал қораларда ақ саулық жоқ болып шыкты. 
(Р. Ә.) 
 
8) Шалтай тура қарауға бата алмай, көз қырын тастап еді, Күлтайда 
жаңағының бірі жок. 
(Ә. Ә.) 
9) Жоқ, әлде осы Базаралының ісінде қазақ 
сахарасындағы правосыз, қорлықта жүрген көп кедейдің бәрінің көңілін, 
тартысын білдірген шындық бар ма? 
(М. Ә.) 
10) -Коммуналарыңда тәртіп 
қалай?— деді 
(Ғ. Мүсір.)
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет